Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы


– өзіңіз айтып өткен нысандардың ішінде



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата27.03.2017
өлшемі3,4 Mb.
#10473
1   2   3   4   5   6   7   8

– өзіңіз айтып өткен нысандардың ішінде 

сізге ең қатты ұнайтыны қайсы? 

– 12 000 орындық Мұзды арена. Архитек-

туралық конструкциялары күрделі, өте үлкен 

нысан – жұмыс күнінен кейін үйде жақсы ұй-

ықтаймыз  (күледі  –  авт.).  Басқа  нысандарда 

жұмыс істеп жүргенімде үйге келгеннен кейін 

телехабар көруге уақытым да, күшім да бола-

тын, ал, қазір үйге келіп, кешкі асты ішемін де 

ұйқыға бас қоямын – қатты шаршаймын. рас 

айтамын (жымияды).



– сіздің міндетіңіз қандай? 

–  Күн  сайын  адамдарға  тапсырма  бе-

реміз,  олардың  тапсырылған  міндеттерді  қа-

лай  орындап  жатқанын  қадағалаймыз.  Біздің 

көмекшілеріміз  –  прорабтар,  участок  шебер-

лері  күні  бойы  нысанда  жүреді.  Күн  сайын 

кімнің жұмысқа нешеде келгенін белгілейміз, 

біреулер сұранып жатады – адами факторлар 

болады,  бірі  сырқаттанып  қалады.  Осының 

барлығын  белгілеп  отырамыз.  Адамдарды 

бригадаларға  жұмыстың  мерзімі  мен  қарқы-

нына  сай  бөлеміз.  Күн  сайын  сағат  18:00-де 

бізде лездеме өтеді, әр бригада не атқарғанын, 

нені  аяқтайтындығы,  қандай  құрылыс  мате-

риалы қажеттігі және т.б. жөнінде толығымен 

есеп  береді.  Барлығын  тексереміз  де  келер 

күннің жоспарын құрамыз – онда нені аяқтап, 

тапсыру керектігі, бұған неше адам қажеттігі 

көрсетіледі. 

–  Мұнаждин  Мұзапарұлы,  қазір  қара-

мағыңызда неше құрылысшы бар? 

– 300-ден астам адам. 2-ҚМБ-нің директо-

ры – Анна Денисовна Жүсіпова. 

–  жігіттердің  барлығымен  қалай  ортақ 

тіл табысасыз?!

– Оңай. 21 жыл болды бірге жұмыс істеп 

келе жатқанымызға. Мінездеріне қанықпын. 

Барлық түйінді бірге тарқатамыз

– қандай да бір қиындықтар болып жата-

ды ма? қиын жағдайлардан қалай жол таба-

сыздар? 

– Қиындықтар бізде күн сайын болып тұра-

ды, бірақ, біз оларды еңсеріп отырамыз. Егер 

олар  жобаға  баланысты  болса  –  авторларын, 

дирекцияны  шақырамыз  да  туындаған  мәсе-

лені шешеміз. Егер күрделірек болса – нысан-

ның директорына барамыз, түйінді дизайнер-

лермен,  архитекторлармен,  сантехниктармен, 

электриктермен  бірлесе  отырып  тарқатамыз. 

Барлық  қиындықты  бірге  еңсереміз.  Қандай 

да бір мәселе пайда болып жатса – кейінге қал-

дырмаймыз. 



–  Мұнаждин  Мұзапарұлы,  әңгіме  бары-

сында  сізге  бірнеше  мәрте  жігіттер  келіп, 

қайсыбір  сызбаларды  түсіндіріп  беруіңізді 

сұрады,  сіз  күрделі  нәрселерді  асқан  сабыр-

лылықпен ұғынықты түрде түсіндірдіңіз …

–  Мұны  біз  құрылыс  техникумы  мен  ин-

ститутында үйрендік. Сызбаларды қалай оқу 

керектігін білеміз, оны түсіндіре аламыз. Бас-

шылық бізге тапсырма береді де оны жұмыс-

шылар мен бригадирлердің барлық жұмысты 

тек жобалық сызбаларға сәйкес атқаруын қа-

дағалауымыз  керек.  Егер  кімде-кім  әлденені 

дұрыс  түсінбесе  немесе  жасамаса  –  оның 

неліктен дұрыс болмағанын түсіндіреміз және 

қалай дұрыстау қажеттігін көрсетеміз. Барлық 

жұмысты бақылауда ұстаймыз. 



– қиын соға ма?

–  Қиын  соққаннан  бұрын  уақыт  жетпей-

ді.  Түйіні  тарқатылмайтын  мәселе  болмай-

ды.  Барлық  құрылыс  мамандары  бір-бірімен 

тығыз байланысты және жұмыстың нәтижесі 

солардың  әрқайсысына  байланысты.  Әр  ин-

женер  жұмыстың  басқа  түріне  маманданған 

әріптесімен  байланысады  да  барлық  міндет-

тер мен мәселелерді бірлесе отырып шешеді. 

Барлық  жұмысшылар  –  электриктер,  сантех-

никтер, вентиляцияшылар, әрлеушілер – бар-

лығымыз бір отбасының мүшелеріндей еңбек 

етеміз. 

–  барлығыңыз  бір  үлкен  ортақ  іс  жасай-

тын  болдыңыздар  ғой.  сіз  –  әрлеу  бойынша 

сарапшысыз,  алайда,  сіз  жігіттеріңіздің  жұ-

мысын  өзге  әріптестеріңіздің,  айталық,  сан-

техникаға жауапты әріптестеріңіздің жұмысы 

зардап  шекпейтіндей  етіп  ұйымдастырады 

екенсіз. солай ғой? 

–  Солай.  Типтік  нысандарда  барлығы  қа-

рапайым болатын – барлық жерде бір көрініс, 

мамандардың  бірі  алда,  екіншісі  одан  кейін, 

олардан  кейін  үшіншілері  жүріп  отырады 

–  ешкім  ешкімге  кедергі  жасамайды,  ше-

шетініміз ұсақ-түйек мәселелер. Ал, мұнда біз 

қай тұрғыдан алғанда да бірегей нысан салып 

жатырмыз.  Мұнда  әр  бөлменің,  мейлі  тіпті, 

шағын болсын, өзінің санитарлық торабы, ин-

сталляциясы,  душ  бөлмелері  бар.  Нысанның 

барлық периметрі бойынша көптеген сантех-

никалық  құбырлар,  сымдар,  түрлі  тетіктер 

және т.б. өтеді. Мамандар осының барлығын 

біз  оларды  декоративтік  заттармен  жасырып, 

бояп, сырлап, кафель жапсырмай тұрып орна-

туы тиіс. Сондықтан, барлық міндетті біз ке-

шенді түрде шешеміз. 

Мәселен,  кафель  жапсырушыға  кафель 

жапсыру тапсырылды делік, ал, ол қандай да 

бір  кабельдің  жетіспейтінін,  қайсыбір  құбы-

рдың  тартылмағанын  немесе  қандай  да  бір 

ағытқыштың  жасалмағанын  көрді  делік  –  ол 

бұл мәселелерді электриктермен және сантех-

никтармен  шешеді.  Кафель  төсеуші  кафель 

төсеместен бұрын, ағаш ұстасы гипсокартон-

ды орнатпас бұрын сантехниктер немесе басқа 

да мамандар бізге участокты барлық коммуни-

кацияларымен тапсыруы тиіс.

– «базиске» тәжірибеден өтуге студенттер 

көп келеді. олармен сіз жұмыс жасайсыз ба? 

– Ия, студенттермен мен жұмыс істеймін. 

Сүлейменов  көшесіндегі  «Мирный»  тұрғын 

үй кешенінде жұмыс істеген кезімізде тәжіри-

беден өтуге студенттер алдық. Мұнда Мұзды 

аренада да студент көп. Олардың әрқайсысына 

тәлімгер тағайындаймыз. Бұдан бөлек, шебер, 

прораб  немесе  участок  бастығы  студенттің 

жұмыс орны жанынан өтіп бара жатып олар-

дың  жұмысын  қарап,  ақыл-кеңесін  айтып, 

жұмыстың қайсыбір түрін қалай дұрыс атқа-

ру  қажеттігін  көрсетіп,  үйрете  алады.  Егер 

қандай  да  бір  ескертпелер  болса  –  шеберлер 

түсіндіріп, көрсетіп, үйретеді.

Студенттер  тәжірибие  кезінде  шебер-

лерімізден  көп  нәрсе  үйренеді.  Әрлеушілер  

студенттерді қабырғаларды дұрыс бояп, тегі-

степ,  тұсқағазды  жапсыруды  үйретеді.  Ағаш 

ұсталары гипсокартонмен қалай жұмыс істеу 

керектігін  үйретеді,  оның  қалай  дұрыс  қағы-

латынын,  профильдің  қалай  орнатылатынын 

көрсетеді. Студенттердің тәлімгерлері ай сай-

ын жалақыларына үстеме алады. 

– отбасыңыз туралы айтып берсеңіз.

–  Екі  қыз,  екі  ұлым  бар.  Қыздарымның 

екеуі де тұрмыста. Екі немерем өсіп келеді. 

ұлымның  үлкені  үшінші  сыныпта  оқиды, 

оқу  үздігі.  Кіші  ұлым  бесте  –  балабақшаға 

барады. Менің хоббиім – баламмен бірге са-

бақ оқу. Күн сайын кешке үйге бара жатып 

алдымен  дүкенге  кіремін.  Балалар  есіктің 

алдында  күтіп  тұрады.  Табалдырықтан  ат-

тамай жатып кіші ұлым алдымнан «Әке, не 

әкелдің?» деп жүгіріп шығады. Олар іш пы-

стырмайды. Үйге келгеннен кейін аздап ты-

нығып аламын деп ойлайсың, балалар олай 

етуіме  мұрша  бермейді  –  олармен  ойнауым 

керек. Бірінің далаға шыққысы келеді, екін-

шісі  үй  тапсырмасын  орындауға  көмекте-

суімді сұрайды. 

Құрылыста қалай бұйрық берсем үйде де 

солай – әр қайсысына кесте жасап, отбасының 

әр мүшесі не істеуі керектігі жөнінде тапсы-

рма  беремін.  Жолдасым  –  нағыз  отанасы. 

Оны үнемі мақтап жүремін. Менің қорғаным 

мықты, оны қастерлеймін және мақтан етемін. 

–  Мұнаждин  Мұзапарұлы,  қандай  да  бір 

хоббимен айналысуыңызға уақыт қалады ма 

өзі? 

–  Уақытым  ұлымның  сабағына  қарауға 

ғана  жетеді.  Жас  шағымда  уақыт  көп  кезде 

сурет  салатынмын.  Негізінен  пейзаждарды, 

табиғатты,  ғимараттарды,  үйлерді  салғанды 

ұнататынмын.



– құрылысшы болғысы келетін жастарға 

қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? 

–  Өзін  құрылысқа  арнағысы  келетін  жас 

жігіттер  оқуы,  еңбектенуі  керек.  Құрылыста 

барлығы тәртіпке байланысты. Сондықтан, әр 

адам өте тәртіпті және жауапкершілікті болуы 

тиіс.  


BN-нің анықтамасы 

Мұнаждин Мұзапарұлы Кибиров Алматы 

құрылыс техникумын бітірген, кейін құрылыс 

институтының  сырттай  оқу  бөлімінде  оқы-

ды.  «БАЗИС»  компаниясына  жұмысқа  1995 

жылы  орналасты.  ұзақ  уақыт  ағаш  ұстала-

рының  бригадирі  болып  жұмыс  істеді.  Қазір 

оның қарамағында 300-ден астам адам бар. Ол 

тәжірибелі маман және сыпайы адам – ешқа-

шан өзінің артықшылықтары мен қызмет ор-

нын айтып мақтанған емес, егер кімде-кім әл-

денені түсінбей қалса барлық уақытта айтып, 

көрсетіп,  түсіндіріп  береді.  Ол  құрылыстағы 

жігіттер үшін олардың әкесі іспетті.   

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясында  ең-

бек еткен жылдар ішінде үш алтын және төрт 

күміс мақтау қағазымен марапатталған. 

11

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



10

 Табыс Тарихы



BN-Мен бірге 2015-ші жылдың қорытындысы  

Жаңа жылдың қарсаңында өтіп бара жатқан жылды қорытып, жұмысыңа сараптама жасап, келер жылы атқарар 

шаруалардың  жоспарын  жасау  дәстүрі  бар.  Біз  «BAZIS  NEWS»  газеті  редакциясының  жұмысын  талдай  отырып 

сіздердің арқаларыңызда, құрметті әріптестер, бұл жылды өте мазмұнды және қызықты өткіздік деген тұжырымға 

келдік.  

Кәсіп пен борыш 

Осыдан  тура  бір  жыл  бұрын  біз  «BAZIS 

NEWS» корпоративтік газетін шығара баста-

дық.  Басылым  бетінде  ай  сайын  «БАЗИС» 

компаниясының қызметкерлері туралы, олар-

дың  жетістіктері,  таланттары,  балалары  мен 

отбасылары жайында жазып келеміз. Әріпте-

стерімізбен газет беттері арқылы жақынырақ 

таныса  отырып  құрылыс  саласында  жақсы 

мансапты  тек  білікті  және  жігерлі  адамдар 

ғана жасайтындығын ұқтық. Себебі, құрылыс-

шы мамандығы ең ауыр және жауапкершілікті 

кәсіптердің бірі.  

Ай  сайын  біз  басылым  беттерінен  тек 

адамдар  жайында  ғана  емес,  сонымен  бірге, 

олар Қазақстанның түрлі қалаларында салып 

жатқан нысандар хақында да біліп отырамыз. 

Мақтан тұтатындай жетістіктеріміз жоқ емес! 

Астана мен Алматыдағы барлық маңызды ны-

сандарды біздің құрылысшыларымыз салған. 

Кәсіби  жетістіктерден  басқа  біз  «BAZIS 

NEWS» беттерінде әріптестеріміздің спорттағы 

және  шығармашылықтағы  табыстары  туралы 

жазамыз, құрылыс мамандықтарының егжей-те-

гжейі мен нюанстары жайында баяндаймыз. 

«BAZIS  NEWS»  жұмысының  алғашқы 

жылын  қорыта  келе  біз  көптеген  адамдар 

хақында және олар салған нысандар жайын-

да  айтып  үлгеріппіз.  «Құрылыс  жаңалықта-

ры»  айдарында  36  адам  Алматыда,  Астана-

да,  Жезқазғанда,  Сексеуілдіде,  Қоскөл  мен 

Қорғаста  (Қытаймен  арадағы  шекарада)  са-

лынған және салынып жатқан 15 түрлі нысан 

туралы айтыпты. Бұл – Қазақстанның шығы-

сындағы жақын жатқан ауылдардағы үйлерді 

су шайып кетуден қорғайтын Қорғас өзенінде-

гі жағаларды бекіту құрылысы. Бұл – Оңтүстік 

Қазақстан  облысындағы  елді-мекендерді  су 

тасқынынан сақтайтын Көксарай контрретте-

гіші. Бұл – Батыс және Орталық Қазақстанды 

жалғап,  көптеген  жұмыс  орындарын  ашып, 

өңірдің  экономикалық  ахуалын  жақсартуға 

септігін  тигізіп  отырған  Жезқазған-Бейнеу 

темір  жолы.  Бұл  –  мемлекеттік  бағдарлама 

бойынша  салынған  қолжетімді  баспанадан 

бастап  бизнес  және  дегдарлы  баспаналарға 

дейін  ұсына  отырып  адамдардың  өмірлерін 

жақсартуға мүмкіндік беріп отырған Алматы 

мен Астанадағы әдемі жаңа үйлер. Бұл – бар-

лық  әлемдік  стандарттарға  сай  жаңа  буын 

кеңселері. Бұл – еліміздің экономикасын мүл-

дем жаңа соны көтеріп, халықаралық тауар ай-

налымының дамуына ықпал ететін Қытаймен 

шекарадағы Құрғақ порт. Бұл – елімізде бала-

масы жоқ Қазақ ұлттық хореография академи-

ясы. Бұл – жолдар, көпірлер, айырымдар, білім 

және спорт нысандары және тағысын тағылар. 

Компаниямыздың  көптеген  қызметкер-

лері елімізге сіңірген еңбегі мен құрылыс са-

немесе  көркем  гимнастикамен  айналысатын 

болса, мүмкін олар сурет салып, өлең жазып, 

ән шығаратын болар, бәлкім басқа да талант-

тарға ие шығар – сіздердің әрқайсысыңыздың 

редакциямызға хабарласып, балаларыңыздың 

ерекше  әуестіктері  жайында  айтуларыңызға 

болады.  Біз  сіздердің  кішкентай  данышпан-

дарыңыз  жайында  газетімізге  қуана  жазатын 

боламыз. 

Құрылысшыларымыз  үйлерді  салып  біт-

кеннен кейін оларға қызмет көрсетіп, бастапқы 

күйіндегідей күтіп ұстау керек. Бұл үшін бізде 

ғимараттарға қызмет көрсететін арнайы қыз-

мет (ҒҚҚ) бар. Қазір Алматы мен Астанадағы 

көптеген  қызметкерлеріміз  барлық  кешен-

дерге қызмет көрсетуде. Олар ғимараттардың 

сыртқы көрінісіне жауап береді, жөндеу жүргі-

зеді, жазда көгалдандырады, аумақты тазалай-

ды,  қыста  қардан  тазалап,  басқа  да  көптеген 

жұмыстарды атқарады. Күнделікті жұмыс пен 

ҒҚҚ  қызметкерлері  кешендеріміздің  тұрғын-

дарына  арнап  ұйымдастырған  демалыстары 

жайында «Ғимараттарға қызмет көрсету қыз-

меті» арнайы айдарында Алматы мен Астана-

дағы ҒҚҚ 9 қызметкері әңгімеледі.  



Жастарға барлық жерде жол ашық

Компаниямыз жас буынды оқыту мен тәр-

биелеуге үлкен көңіл бөледі. Біздің компани-

ямыз  студенттердің  бірінші  курстан  бастап 

компаниямыздың  нысандарының  құрылыс 

алаңдарында  тәжірибеден  өтіп,  өз  ісінің 

нағыз шеберлерінен үйрене жүріп тәжірибе 

жинауы үшін Алматы, Астана мен басқа да 

ласындағы  жетістіктері  үшін  «Қазақстанның 

құрметті  құрылысшысы»  атағына  ие  болды. 

Біз дәл осылай аталатын арнайы айдар аштық, 

биыл  Қазақстанның  төрт  құрметті  құрылыс-

шысымен  сұхбаттасып  үлгердік.  Келешекте 

осы  құрметті  атаққа  ие  болғандардың  бар-

лығын қамтуды жоспарлап отырмыз.  

Біздің  компаниямызда  60-тан  астам  ма-

мандық иесі еңбек етеді. Олармен таныстыру 

үшін біз «Кәсіп» айдарын аштық. Онда 13 қы-

зметкер геодезистердің, әрлеушілердің, транс-

механизаторлардың,  монолит  құюшылардың 

жұмыстары  жайында  егжей-тегжейлі  айтып 

берді.  Келесі  сандарда  біз  компаниямыздағы 

басқа да мамандықтар туралы жазуды жалға-

стырмақпыз.  «Құрылыс  басынан  сұхбат»  ай-

дарында 33 адам өзінің жұмысы жайында ай-

тып берді. 



Қауіпсіз еңбек 

Компаниямызда қызметкерлеріміздің денса-

улығы мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше көңіл 

бөлінеді.  Әр  мамандықтың  барлығы  сақтауға 

міндетті  өзінің  қауіпсіздік  ережелері  бар.  Біз 

монолит  құюшылар,  әрлеушілер,  электриктер, 

мұнаралы  кран  машинистері,  электрмен  дәне-

керлеушілер, арматурашылар, арнайы техника-

ның  жүргізушілері  мен  операторлары,  қалып 

жасаушылар, бетон құюшылар секілді құрылыс 

алаңындағы  түрлі  мамандық  өкілдеріне  ар-

налған қауіпсіздік техникасы жайында жаздық.  

Біздің  компаниямызда  көптеген  адамдар 

әулеттерімен  және  отбасымен  еңбек  етеді. 

аймақтардағы құрылыс колледждерімен ын-

тымақтастық туралы келісім бекітті. Былтыр 

қыста студенттер қысқы спартакиадаға қаты-

сты, ал, жазда тәжірибеден өтуші студенттер 

арасындағы  WorldSkills  Kazakhstan  ұлттық 

чемпионатында  бақ  сынады.  Біз  Астана-

дағы  политехникалық  колледж  бен  Алма-

тыдағы  құрылыс  және  халық  кәсіпшілігі 

колледжімен ынтымақтастығымыз жайында 

айттық.  Барлығы  жазғы  мезгілінде  нысан-

дарымыздың құрылыс алаңдарында 200-ден 

астам студент жұмыс істеп, ол үшін жалақы 

алды. Біздің нысандарымыздағы жас маман-

дарымыздың  өміріндегі  осы  және  басқа  да 

оқиғалар және олардың жетістіктері жайын-

да біз «Кадрлар барлығын шешеді» айдарын-

да жаздық. 

Білім  мен  еңбек  тәжірибесінен  бөлек 

жас ұрпақтың белгілі-бір бағдары мен өмір-

дегі құндылықтары болуы тиіс. Олар өзінің 

тарихын білуі керек, еліміздің аспаны ашық 

болуы үшін аталарымыз бен әжелеріміздің 

қандай  қиындықтар  мен  сынақтарды  ба-

сынан  кешіргендерін,  бейбітшілікті  жан-

тәнімен  қорғағандарын  ұмытпауы  қажет. 

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл да қанды 

қырғындағы  ұлы  жеңістің  70  жылдығына 

орай  біз  Алматы  мен  Астанадағы  әріпте-

стеріміздің  туыстары  –  төрт  ұОС  арда-

герінің сұхбатын жарияладық. Батырлардың 

аузымен  айтылған  соғыс  уақыты,  майдан-

дағы  шайқастар  мен  жеңістер  жайындағы 

естеліктер  бір  де  бір  адамды  бей-жай  қал-

дырған жоқ.  

Бұл  –  компаниямыздың  сенімділігі  мен  ер-

теңгі күнге деген сенімнен хабар берсе керек. 

«Әулет» айдарында біз Алматы мен Астанада 

жұмыс істейтін алты әулет жайында жаздық. 

«Мен  және  менің  отбасым»  айдарында  алты 

отбасы  туралы  айттық,  ал,  «Табыс  тарихы» 

айдарында  қарапайым  жұмысшыдан  компа-

нияның директоры мен президенті қызметіне 

дейін  көтеріліп,  бас  айналдырар  мансап  жа-

саған жеті қызметкерімізбен таныстық. 



Қызықты демалыс

Компаниямыздың  қызметкерлері  тек  өз 

ісінің  шеберлері  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

шығармашыл,  жан-жақты  адамдар  болған-

дықтан «Ірі план» айдарын аштық. Онда қы-

зметкерлеріміздің  ерекше  хоббилеріне  тоқта-

ламыз. Бізде спортшылар да, ақын-әншілер де, 

қолөнер шеберлері де, хореографтар мен фо-

тографтар да бар. Біз тек осындай тоғыз қыз-

меткеріміз туралы ғана айтып үлгердік, бұлар-

дан  басқа  талантты  адамдарымыз  қаншама? 

Олар  жайында  біз  келесі  жылы  баяндайтын 

боламыз. 

Бізде  дарынды  адамдардың  да  еңбек 

ететінін ескере келіп қызметкерлеріміздің та-

лантты  ұл-қыздарын  айналып  өте  алмадық, 

оларға  арнап  арнайы  «Біздің  балаларымыз» 

айдарын аштық. Онда біз қызметкерлеріміздің 

отбасындағы  талантты  да  дарынды  балалар 

мен біздің біріншы сыныпқа барғандар (бар-

лығы 20-дан астам баланы қамтыдық) туралы 

айттық.  Егер  сіздің  балаларыңыз  спортпен 



Әдемілік сыйлаған

Барлық  нысандарымыз  өзінің  сұлу-

лығымен, архитектуралық формалардың күр-

делілігімен және жоба авторлары мен дизай-

нерлерінің  ойлағандарының  үйлесімді  іске 

асуымен  таңқалдырады.  «Базистің»  Жобалау 

институтының  қызметкерлерінің  арқасында 

еліміз  «Зүбаржат  кварталының»,  оқушылар 

Сарайының, «Солтүстік шұғыласы» мен басқа 

да әсемдігі жөнінен бұлардан да кем түспей-

тін  ғимараттардың  көрінісінен  ләззат  алуда. 

Жобалау  институтының  жұмысы  туралы  га-

зетіміздің беттерінде президент Дашко Наде-

жда Аркадьевна айтып берді, Жобалау инсти-

тутының бес қызметкерімен таныстық. 

Ғимараттарымыздың  сейсмикалық  қа-

уіпсіздігіне  ерекше  көңіл  бөлеміз,  бұл  жай-

ында  «Базис»  жобалау  институтының  бас 

конструкторы Сұлтанов Геннадий Абдрахма-

нович баяндап берді. 



Еңбек тәртібінің көрсеткіштері

Ай  сайын  «Өндіріс  озаттары»  айдарын-

да  біз  барлық  көрсеткіштер  бойынша  үздік 

шыққан бригадалардың фотосуреттерін баса-

мыз. Біздің есебіміз бойынша, 2015-ші жылы 

Алматының 45 бригадасы мен Астананың 49 

бригадасы  үздік  атаныпты  –  барлығы  өткен 

жылы 94 бригада үздік шығыпты! Газетіміздің 

бетіне  шықпағандардың  барлығының  мүм-

кіндігі  бар  –  ол  үшін  өзінің  біліктілігін  жұ-

мыс  көлемі  мен  сапасы  арқылы  көрсетуі, 

қауіпсіздік  техникасын  сақтап,  редакциямен 

байланысты үзбеуі керек. 

Барлығы өткен жылы газетіміздің беттеріде 170-тен астам адам туралы айттық (үздік бригадаларды есептемегенде), 800-ден астам фотосурет 

жарияладық. Біз мұнымен тоқтамақ емеспіз, келесі жылы өз рекордымызды орнатуды жоспарлап отырмыз! Бұл істе бізге сіздер көмектесесіз-

дер. 


15

адам 


қызметкер «Кәсіп» айдарында жұмысының 

қыр-сыры жайында баяндады

мақала түрлі мамандық иелерінің 

қауіпсіздік техникасына арналды

«Құрылыс басынан 

сұхбат» айдарында 

адам өзі туралы 

әңгімеледі  

бригада (45-і Алматыдан 

және 49-ы Астанадан) биылғы 

жылдың үздіктері атанды

отбасы 


туралы 

жазылды


«Әулет» 

айдарында

қызметкер «Табыс тарихы» 

айдарының кейіпкері болды 

қызметкер «Ірі план» айдарында өздерінің 

хоббиі мен таланттары туралы айтты

қызметкері «Ғимараттарға қызмет 

көрсету қызметі» айдарында өз 

жұмыстарымен таныстырды

бала «Біздің балаларымыз» 

айдарының кейіпкері болды 

Жаз 


мезгілінде 

бізде


студент 

жұмыс 


істеді

«Мен және 

менің отбасым» 

айдарында 

отбасы 

туралы 


айтылды 

ардагері өзінің соғыс 

тарихын айтып берді 

қызметкері өздері 

жасап жатқан жобалар 

жайында баяндады

«Базис» ЖИ

36

13



12

33

94



6

7



ҒҚҚ 9 

20 


200

6

ҰОС 4



7

түрлі нысан туралы 

әңгімеледі 

BAZIS NEWS-пен бірге өткен жыл цифрлармен 

Еліміздің әр 

түкпірінде

нысан салып 

жатырмыз 

22

-дан астам 



-ден астам

13

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



12

ЖЫл ҚОрЫТЫНДЫСЫ 



дарынды бала – барлық 

нәрседе де дарынды

Керемет пейзаждар мен ертегі 

жануарлары 

Милана Астанадағы мектеп-гимназиялар-

дың бірінің бесінші сыныбында оқиды және 

ол  күшіктерді  жақсы  көреді.  Ә  дегенде-ақ 

ол  өзінің  салпаңқұлақ  досы  жайында  айтып 

берді:  «Менің  Бэлла  атты  итім  бар.  Екеуіміз 

серуендейміз, ойнаймыз, ал, әжем итке тамақ 

дайындайды». 

Милананың  көркем  гимнастикамен  ай-

налысып  келе  жатқанына  үш  жыл  –  сабаққа 

аптасына екі рет барады. «Жаңа жылдан бізде 

эстетикалық  гимнастика  басталады»,  –  дей-

ді Милана. Ол жарыстарда екі мәрте үшінші 

орынды  иеленді,  ал  қалған  сайыстарда  үздік 

ондыққа  кірді.  Көркем  гимнастикадан  басқа 

Милана сурет салғанды ұнатады. 

«Милана сурет салуды бала кезінен жақсы 

көреді. Ол сюжетті өзі тауып суретті өзі сала 

береді.  Шығармашылықта  оған  көбіне  әжесі 

көмектеседі – екеуі бірге отырып қиялға ерік 

береді. Нәтижесінде суреттер пайда болады», 

– дейді Милананың анасы Татьяна Турта.

Милананың суреттері әдемі. Бір қарағанда 

картинаның қандай материалдан жасалғанын 

анықтау қиын, ал бұл сауалдың жауабы қайран 

қалдырады: күннің батуы мен қараңғы жарта-

стың  фонындағы  кеме  гуашьпен  салынған, 

ал,  «3D»  форматындағы  қарлы  шыңдар  мен 

мұздардың  фонындағы  итбалықтарды  Мила-

на … кәдуілгі әжетхана қағазынан жасады. 

«Мен алдымен көгілдір фон дайындап ал-

дым,  сонан  соң  ПВА  желіммен  арнайы  әзір-

ленген  әжетхана  қағазын  жапсырдым,  кейін 

ол  жерге  жеке  салынып,  қиылып  алынған 

итбалықты орналастырдым. Осылайша сурет 

пайда болды», – дейді Милана. 

Сурет  салу  құралдарын  таңдау  фантазия-

ның шығармашылық шарықтауы секілді шексіз 

және Милана өзінің туындыларын жасау кезін-

де классикалық қылқаламды қолданумен шек-

телмейді. Суреттердің бірі мақтамен салынған. 

Суреттің фактурасының өзгеше әрі тартымды 

шыққанын  мойындау  керек.  Милананың  су-

реттерінің жанры әртүрлі – жануарлар (Мұзды 

шалғайдағы итбалық), пейзаждар (күннің батуы 

мен жартастың фонындағы кеме), мультфильм-

дер мен ертегілер кейіпкерлері («Мазасыз шы-

бын»  мен  шыбынды  жемек  болған  өрмекші) 

және т.б. Жас суретшінің натюрморттары сәтті 

шығады.  Гуашьпен  салынған  жүзім  алыстан 

шын секілді көрінеді, ал, бұғылар бейнеленген 

қыстың  суретіне  ғашық  болмау  мүмкін  емес. 

Милана портретті сонау үшінші сыныпта жүр-

генде салуға тырысып көрген, алайда, бұл жанр 

әзірге ол үшін бастысы емес. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет