90 сұрақ Плаун спорасының құрамында 50%-ға дейін кеппейтін май ( олеин,стеарин, пальмитин, арахин) , қышқылдар , алкалоидтар,клавитин, клаватоксин, никотин бар. Плаундар-улы өсімдіктер,олардың спораларын ( ликоподийларын) медицинада,ветеринарияда дәрілік препараттар алу үшін пайдаланады.
Сарғалдақтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктер туысының бірі –маралоты. Орманда, шіліктерде және тау теріскейлерінде өсетін оның 80 шақты түрі бар. Олардың кейбір түрлерінің шаруашылық мәні бар. Ерекше өсімдік Қазақстанның Солтүстігі мен Оңтүстік Шығысында Алтай тауларында далалы, тастақты, қиыр-шықтасты жерлерде өсетін 8 түрі бар. Көбірек тарағандары: дөң және кәдімгі маралоты. Маралотының құрамында таликсин ащы заты мен берберин алкалоиды, сапониндер мен С дәрумені, флавоноидтар мен каротиноидтар болады.
Сүйел шөп. Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүт-ттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.