Өсімдік жасушасының құрылысы. Протопласт, ядро, цитоплазма, пластид, хлоропласт, хромопласт, лейкопласттардан тұрады. Протопласт- клетка сұйықтығы, негізгі бөлігі тіршілік қабілеттілігін жүзеге асырады



бет7/12
Дата20.06.2023
өлшемі1,05 Mb.
#102482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
21 сұрақ
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар – саңырауқұлақтың ең үлкен тобының бірі. Бұлар 3 класқа бөлінеді: қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер,базидиялы саңырауқұлақтар немесе базидиомицеттер, жетілмеген саңырауқұлақтар немесе дейтеромицеттер
базидиялы саңырауқұлақтар немесе базидиомицеттер (Basіdіomycetes) – мицелийлері жақсы дамыған күрделі саңырауқұлақтар. Жынысты көбею кезінде – базидийдің (саңырауқұлақтың споралы мүшесі) үстінде 2 – 4-ке дейін экзогенді базиоспоралар түзіледі. Табиғатта кең тараған. 30 мыңнан астам түрі белгілі. Бұлардың арасында: өсімдіктердің паразиттері, вирус таратушылары, микоризатүзушілері (өсімдік тамырына жіпшумағымен селбесіп тіршілік ететіндер) және жеуге жарамды түрлері (қозықұйрық, қайыңқұлақ, терекқұлақ, майқұлақ, т.б.) бар;
3) жетілмеген саңырауқұлақтар немесе дейтеромицеттер (Deuteromycetes) – қалталы және базидийлі спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар. Бұлар жыныссыз жолмен түзілетін конидиилер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. 30 мыңға жуық түрі белгілі, арасында жеміс-жидекті шірітетін, мақта мен картопта вертиллез ауруын тудыратын, адам денесінің кілегейлі қабықтары мен тері ауруын (кандидамикоз) қоздыратын түрлері бар. Кейбір түрлері (пеницилл, аспергил, т.б.) антибиотиктер, ферменттер және органикалық қышқылдардың түзушілері (продуценттер) болып есептелінеді.
22 сұрақ
Плаунтәріздестер ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет