жарык
қарқындылығы
3000лк
болатын
16
сағаттық
фотопериодтық және 25-27°С температуралык режимде өсіреді.
4. Тамыры қалыптасқан сәбіз өскіндерінің ұзындығы 10-15 см-ге
жеткен соң, оларды арнайы дайындалған топыраққа отыргызады.
Ол үшін дегидратацияны болдырмас үшін және қоректік ортаның
қалдықтарынан
арылу
үшін
өскіндерді
10-15
минут
дистильденген суда ұстайды. Осыдан кейін оны 3 рет
дистильденген сумен жуып, диаметрі 7-10 см болатын
пластикалық немесе торфтан жасалған құмыраға отырғызады.
Құмыраны 1/3 бөлігіне дейін Гельригель қоректік ортасына
батырып алынған вермикулитпен толтырады. Өскіндердің
ылғалдылығын бірқалыпты жағдайда ұстау үшін құмыраны
стаканмен жауып, шашыраңқы жарықка қояды.
5. Өскіндердің қоршаған ортаға бейімделуін қалыптастыру үшін
өскін жабылған стакандарды оқтын-оқтын алып қойып,
өскіндерді ашық ауада ұстайды.
6. Осындай әдіспен өсірілген өсімдік регенеранттарын ашық
топыраққа отырғызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: