Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
№ 4 ж ұ м ы с.
Бидайдын жетiлмеген ұрығынан және


туптену буынынан каллус ұлпаларын алу 
Кажеттi материалдар мен аспаптар: 
Бидайдын жетiлмеген ұрыктары;стерильдi осiмдiктерi бар 
пробиркалар.
Мурасиге жане Скуг коректік ортасы: 2,4-Д фитогормоны: 6%-тік 
хлорамин ерiтiндiсi; этил спирті. 






№6жұмыс.
Каллустарды субөсіру 
Өсіру барысында каллус клеткалары, бірнеше бөліну 
стадияларынан кейін, кәдімгі онтогенез жолымен дамиды: ұзару 
жолымен өседі, жіктеледі (дифференциация) және деградацияға 
ұшырайды.
 
Каллустың өсуі оны қоректік ортага отыргызган сәттен басталады 
да митоз циклі аякталған сон өсу токталады (
стационарлы фаза

Лагфазада (латенттік фаза) клеткалар бөлінбейді, клетка көлемі 
үлкеймейді және зат алмасу процесі төмен қарқында жүреді 
Экспоненциальды фазада (логарифмдік өсу фазасы) клеткалар митоз 
жолымен өте қарқынды бөліне бастайды. Экспоненттің бастапқы 
сатысында митохондриялардың саны көбейеді (АТФ синтезделеді). 
рибосомалардың, РНҚ-ның саны да өсіп, белоктар синтезделеді. 
метаболизм күшейіп, оттегіні сіңіру жоғарылайды. Экспоненттін 
соңғы жағында немесе латенттік өсу фазасында өсу жылдамдығы 
төмендейді, клеткалардың бөлінуі бәсендеп, олардың размері тек 
ұзарып өсу жолымен ғана үлкейеді. 
Стационарлы фазада клеткалардың көлемі ұлғая береді, бірақ 
олардың бөлінуі тоқталады. Стационарлы фазаның соңында 
(деградация фазасы) ортадаға қоректік заттардың таусылуына 
байланысты клеткалар қартаяды да, летальды жағдайға ұшырайды 
(өледі). 
Каллус клеткаларының өсу циклі 21-28 күн құрайды. Өсіру 
барысында каллус ұлпаларын әр 4-6 аптадан кейін жаңа қоректік 
ортаға отырғызу кажет (пассаж). Жаңа ортаға отырғызылатын 
транспланттың массасы (жаңа қоректік ортаға отырғызылатын каллус 
ұлпасының бөлігі), 20-40 мл қоректік ортаға шаққанда, 60-100 мг 
болуы керек. 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
Каллус ұлпалары. 
Мурасиге және Скуг қоректік ортасы; ИССҚ; кинетин; этил 
спирті. Ламинар-бокс, Петри тостағаншалары; пинцеттер; инелер; 
спиртовка. 


Жұмыстың орындалу тәртібі: 
1.
Асептикалық жагдайда пробиркалардан каллус ұлпасын алып
стерильді стол үстіне қояды (ламинар-боксы столының үстін 96 
%-тік 
спиртпен 
сүртеді 
және 
ультракүлгін 
сәулесімен 
залалсыздандырады). 
2.
Стерильді ине көмегімен каллустың меристемалық белсенді 
бөлігін (түсі ақ, тығыз учаскелері) бөліп алады. 
3.
Көлемі 2-3 мм-дей болатын каллус ұлпасының бөлігін құрамы 0,5 
мг/л ИСҚ-мен және 0,5 мг/л кинстинмен толықтырылган 
Мурасиге және Скуг қоректік ортасына отырғызады.
4.
4 апта бойы (әр апта сайын 1 рет) каллус ұлпаларының массасын 
өлшейді. Өлшеу нәтижелері бойынша каллустардың өсу графигін 
сызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет