Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет3/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
 
 
1. ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАЛПЫ 
ТАЛАПТАР 
Өсімдіктерден бөлініп алынған клеткаларын, ұлпалары мен 
мүшелерін жасанды жағдайда өсіру үшін арнайы жабдықталған 
зертханалар қажет. Зертхана, өзінің атқаратын кызметіне байланысты. 
бірнеше бөлімдерден тұрады; 
- коректік орталар дайындайтын бөлмс:
- қоректік орталарды стерильдейтін (залалсыздандыратын) 
бөлме (автоклав бөлмесі): 
- стерильді бокс немесе ламинар орналасқан бөлме;
- жарыкта өсіру бөлмесі; 
- термостат орналаскан бөлмс;
- ыдыстарды жуатын бөлмс. 
Аталған бөлмелер тиісті құрал-жабдықтармен, приборлар. 
аспаптармен 
жабдыкталып, 
зертханалық 
ыдыстармен 
және 
реактивтермен қамтамасыз стілуі тиіс: 
Приборлар мен құрал-жабдықтар: 
- залалсызданған ауа жіберуді қамтамасыз ететін ламинар боксы;
- қоректік орталарды стерильдеуге арналған автоклав:
- жуылған ыдыстар мен аспаптарды кептіру және стерильдеу үшін 
кептіргіш шкаф; 
- 20-30°С аралығында жұмыс істейтін, экспланттарды өсіруте 
арналған, термостаттар: 
- протопластар мен клеткалык суспензияларды бөліп алу үшін стол 
үстіне қойып айналдыратын центрифугалар; 
- химиялық реактивтерді өлшеу үшін таразылар (аптекалық. 
аналитикалык, электрондық, торсионды таразылар)
- қоректік орталардың рН-ын өлшеу үшін рН-метр; - жарық 
қарқындылығын өлшеу үшін люксметр; 

майда 
объектілермен 
жұмыс 
істеу 
үшін 
бинокулярлы 
стереоскопиялық лупалар; 


- суспензиялы дақылдарды бақылау үшін инвертирленген микроскоп;
- суспензиялы дақылдарды тербеп, шайқауға арналған шайқағыш 
аппарат (шейкер); 
- дистильденген су дайындау үшін дистиллятор; 
12 
- қоректік орталарды бірнеше күнге дейін сақтау үшін тұрмыстык 
тоңазытқыш;
- ерітінділерді жылдам еріту және араластыру үшін магнитті 
араластырғыш; 
- коректік орталар мен олардың компоненттерін қыздыру үшін су 
моншалары; 
- ерітінділерді қыздыру үшін электр плиткалары (спиралі жабык).
- қажетті температураларды өлшеу үшін термомстрлер.
- пробиркаларды орналастыруға арналған штативтер (металдан 
немесе пластиктерден жасалған); 
- ерітінділердің мөлшерін дәл өлшеп алуға арналған автоматты 
пипеткалар мен дозаторлар; 
Аспаптар

- бөлшектеуге арналған инелер; 
- скальпеллдер; 
- пинцеттер;
- қайшылар; 
- ұстағышы бар қыруға арналған ұстаралар (бритвенные лезвия);
- көз хирургиясында қолданылатын аспаптар жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет