Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


 Ламинар-бокста жұмыс істеу ережелері



Pdf көрінісі
бет7/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
1.3. Ламинар-бокста жұмыс істеу ережелері


Ламинар-бокста жұмыс істеу кезінде біркатар ережелерді 
орындау керек. 
Жұмысты бастар алдында ламинар-бокс столының бетін 96%-тік 
этил спиртімен дизенфекциялайды. Сонан соң стол үстіне жұмыска 
қажетті құрал-аспаптар мен қоректік орталары бар ыдыстарды қойып, 
сынап-кварцты лампамен бокстың ішін түгелінен 20-30 мин 
ультракүлгін сәулесімен стерильдейді. Осыдан кейін жұмысты 
бірденнен бастауға болмайды. Ультракүлгін сәулесінің әсерінен 
бокста түзілген азот тотығының сыртқа толық шығып кетуі үшін 15. 
20 мин уақыт қажет. Жұмыс алдында қолды сабындап жылы сумен 
жуады. Келесі кезекте қолды және ламинар боксы столының үстін 
70%-тік этил спиртімен сүртеді. Осыдан ксйін стол үстіндегі 
аспаптарды спиртке малып, спиртовка жалынында күйдіреді. 
Жұмысты аспаптар суыған соң бастайды. 
Жұмыс барысында артық қимылдар жасауға болмайды. Қолды 
және аспаптарды жиі-жиі 70%-тік спиртпен сүртіп отыру керек және 
дизенфекцияланған аспаптарды тек бір-ақ рет қолдануға
болатынын ескеру қажст. Өсімдікті бөлшектеу немесе мүшелерін бір- 
бірінен ажырату сиякты жұмыстарды қоректік ортасы бар 
ыдыстардың үстінде жүргізуге болмайды. Зерттелетін материалды 
қорсктік ортаға отырғызу үшін ыдыстың ауызын спиртовка 
жалынының үстінде ұстап тұрып жайлап айналдырады, яғни осылай 
зиянды бактериалардың ыдысқа еніп кетуіне тосқауыл жасалады. 
Сонан кейін ғана ыдыстың қақпағын (мысалы, пробирканың) ашып, 
оған зерттелетін объектіні отырғызады да, қақпак қайтадан
жабылады, Қақпақты ашып-жабу сияқты операциялар жалынның 
үстінде орындалады. Материалды қоректік ортаға отырғызу кезінде 
пробирканы көлбеу (вертикальды емес) жағдайда ұстап тұру керек. 
Қоректік ортаның ауамен жанасу уақытын барынша қысқарту үшін 
ыдысты ашып, оған эксплант отырғызу жұмысын, мүмкін болғанша 
жылдам орындаған дұрыс. 
Ескерту. Стол үстіне абайсызда түсіп қалған эксплантты 
қоректік ортаға отырғызуға болмайды. 
 
Жұмыс 
аяқталғаннан 
соң 
материал 
отырғызылған 
пробиркалардың қақпақтарын жақсылап орап жабады: Петри
тостағаншаларының шеттерін арнайы жабысқақ лентамен 


(парафильм) орап бекітеді. Жұмыстың максаты мен міндеттеріне 
байланысты экспланттар отырғызылған ыдыстарды термостатка
немесе жарық бөлмесіне қояды. Жұмыс аяқталған соң ламинар-бокс 
столының үстінен барлық заттарды алып, үстін 96%-тік этил 
спиртімен сүртеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет