Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


 Өсімдік материалын стерильдеудің жалпы ережелері



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
1.4. Өсімдік материалын стерильдеудің жалпы ережелері 
 
Барлық өсімдіктердің сыртқы қабаты микроорганизмдер мен 
саңырауқұлақтардың спораларымен ластанған, ал зақымданбаған, сау 
өсімдіктердің ішкі ұлпалары стерильді деп есептеледі. Өсімдіктердің 
сыртын залалсыздандыру үшін көптеген химиялық заттарды 
пайдалануға болады. Олардың ішінде құрамында белсенді хлоры бар 
қосылыстар (натрий гипохлориті, калий гипохлориті, хлорлы әк
хлорамин), сынап (сулема, диоцид), сутегінің асқын тотығы, этил 
спирті жиі қолданылады. Бром, күкірт қышқылы, фенол сирек, ал 
антибиотиктер ерекше бір жағдайларда ғана қолданылады 
(қосымшаны қара).
Залалсыздандырушы заттардың түрін, концентрациясын және 
өңдеу уақытының ұзақтығын анықтау стерильденетін өсімдік 
қабығының 
тығыздығына, 
қалыңдығы 
мен 
сезімталдығына 
байланысты. Залалсыздандырушы заттар төмендегі талаптарға сәйкес 
болулары тиіс: 

өсімдіктің 
сыртқы 
бөлігіндегі 
саңырауқұлақтар 
мен 
микроорганизмдердің спораларын залалсыздандыра отырып, оның 
ішкі ұлпаларын зақымдамауы тиіс; 
- өсімдікті өңдеп болған соң заттың стерильденген сумен тез 
жуылуы немесе тез арада ыдырап кету қасиеті болуы тиіс. 
Стерильдеуші затты дұрыс таңдаған және оның әсер ету уақытын 
дұрыс анықтаған жағдайда өсірілген экспланттардың споралармен 
зақымдану мөлшері 1-3%-тен аспауы керек, Тәжірибе нәтижесінде оң 
мағлұматтар алу үшін, әдетте бұрыннан белгілі, мүмкін аздап 
жетілдірілген 
стерильдеу 
техникасы 
қолданылады. 
Бірак, 
залалсыздандыру техникалары, көп жағдайда ұқсас болғанымен, оның 
түрі мен уақытының ұзақтығы әр өсімдік үшін, тіпті бір өсімдіктің әр 
мүшесі мен оның ұлпалары үшін әр түрлі болуы мүмкін. 
Стерильдеу жұмыстарын бастамас бұрын қақпағы бар 4 
залалсызданған ыдыс дайындайды, оның біреуіне стерильдеуші 


ерітінді құйып толтырады, калғандарына стерильденген су құяды. 
Тазаланған және дистиьденген суда жуылған өсімдік материалын 
бірнеше секундка 96%-тік этил спиртіне батырып, сонан кейін оны 
стерильдеуші ерітіндіге салады да, осы кезден бастап уақытты 
белгілейді. 
Қоректік ортада өсіру үшін өсімдіктердің түйнектері мен тамыр 
жемістерін пайдаланбаған дұрыс деп есептеледі, себебі олар
стерильдеу кезінде срітіндіге батпай, оның бетінде қалқып жүреді. 
Залалсыздандыратын косылыс өсімдік ұлпаларын зақымдауы мүмкін 
Сондықтан стерильдеу барысында ерітіндінің өсімдік материалының 
ішкі ұлпаларына еніп кетпеуі үшін сабақ, тамыр, сағақ, жапырақ, 
қолтық және төбелік бүршіктердің кесілген ұштарын парафинмен 
бекітеді. Егер бұл процедура орындалмаса, сабақтың, тамырдың 
немесе сағақтың ұшын стерильденген скальпельмен немесе
қайшымен кесіп тастайды. Майда объекттерді (тұқым, бүршік, 
флоральды мүшелер) дәкеге салады да, жіппен орап стерильдейді. 
Стерильдеуші ерітіндіге салынған материалды ыдысымен бірге 
ламинар-бокстың ішіне қояды. Стерильдеу уақыты аяқталысымен 
өсімдік материалын стерильденген пинцет көмегімен залалсызданған 
су құйылған ыдыстарға салады да, әркайсысында 5 минуттен 
ұстайды. Осылай залалсызданған өсімдік материалын стерильденген 
Петри тостағаншасына салып, оның мүшелерін, ұлпаларын және т.б. 
бөліктерін жасанды қоректік ортаға отырғызуға пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет