Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


 Қоректік орталарды дайындау



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
 
1.2 Қоректік орталарды дайындау 
Өсімдік ұлпаларын өсіруге арналған қоректік орталардың құрамы 
күрделі болып келеді (қосымшаны қара). 
Өсімдік экспланттарын өсіруге арналған барлық қоректік 
орталардың құрамынының негізі минералдық тұздардан тұрады. 
Макроэлементтерден азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, 
темір, ал микроэлементтерден бор, марганец, цинк, мыс, молибден, 
кобальт жәнс баскалары пайдаланылады. 


Ұлпалардың темірді жеңілірек пайдалана алуы үшін қоректік 
орталардың құрамына міндетті түрде этилендиаминтетрасірке 
қышқылын (ЭДТА) немесе оның натрий тұзын (Na2ЭДТА) қосады. 
Биологиялық макромолекулалардың құрамындағы көміртегі көзі 
ретінде, әрі гетеротрофты ұлпаларды (каллустар және суспензиялар) 
өсіру үшін, қоректік орталарға көмірсулар қосады. Олардың ішінде, 
көбінесе, концентрациясы сахарозаның 20-30 г/л ерітіндісі 
пайдаланылады. 
Клеткадағы биохимиялык процестерді стимульдеу үшін В 
тобының витаминдері пайдаланылады: тиамин-НС1 (В1), рибофлавин 
(В2). Са-пантотенаты (B5), пиридоксин-НС1 (В6), аскорбин қышқылы 
(С), никотин қышқылы (PР), мезоинозит. 
Жасанды қоректік ортада өсірілген ұлпалардың өсуі мен 
морфогенезі үшін өсу және даму реттегіштері - фитогормондар қажет. 
Бұл заттар клеткалардың бөлінуі мен ұзарып өсуін индукциялайды, 
клеткалар 
мен 
ұлпалардың 
дифференциациясы 
мен 
дедифференциациясына әсер стеді. Биотехнологиялық зерттеулерде 
15 
өсу және даму процестерін стимульдсуші фитогормондар: ауксиндер. 
цитокининдер, гиббереллиндер пайдаланылады. 
Алғашқы каллустың индукциясы үшін биологиялық қосымша 
(добавка) ретінде өсімдіктер экстрактын пайдалануға болады 
Экстрактты, әдетте, жетілмеген ұрықтардың эндоспермінен бөліп 
алады (кокос сүті, жүгерінің жетілмеген ұрығының сығындысы 
(вытяжка) немесе көктем айларында бөлініп шығатын кейбір 
ағаштардың шырынын (пасока) пайдаланады (қайың шырыны) 
Оларды қоректік ортаға қосу арқылы жоғары нәтижелер алуға болады, 
бірақ олардың құрамын үнемі тексеріп отыруға мүмкіндік 
болмағандықтан, тожірибелерді бірнеше рет қайталау барысында, 
барлық уақытта бірдей нәтижеге қол жеткізу өте қиын. 
Макро- және микротұздардың срітінділсрін «аса таза» химиялық 
реактивтерден дайындайды (реактив салынған ыдыстың сыртында 
ХЧ, Ч, ЧДА деген маркировкалары болуы тиіс). 
Микроэлементтер мен өсу реттегіштерін (фитогормондар) өлшеу 
аса мұқияттылық пен ұқыптылықты қажет стеді, себебі өлшеу 


кезіндегі аздаған қатенің өзі экспланттардың өсуіне тікелей әсер етеді. 
Тәжірибе жұмыстары үшін қажет ыдыстардағы әртүрлі тұздардың
бір-бірімен араласып, былғанбауы үшін әр реактивті өлшеу үшін таза 
шпательдер пайдаланылады. Макро- және микротұздарды шыны 
стакандарда, ал витаминдерді, фитогормондарды және басқа да 
коспаларды сағат шыныларында өлшейді. Қоректік ортаның көмірсу 
және агар сияқты компоненттерін пергамент қағазына салып өлшеуге 
болады. 
Уақытты үнемдеу үшін алдын-ала дайындалған тұздардың 
концентрлі ерітінділері дайындалады (маточные растворы). Ол үшін 
концентациясы 10 еселік макротұздардың және концентрациясы 100 
еселік микротұздардың срітінділерін дайындайды. 
Концентрлі ерітінділердің қоспасын дайындау үшін макро- және 
микротұздардың әрқайсысын жеке, қыздыра отырып, дистильденген 
судың аздаған көлемінде дайындайды. Әдістемелік нұсқауда 
көрсетілген ретпен, алғаш макротұздардың ерітінділерін, сонан соң 
микротұздардың ерітінділерін бір-бірімен қосып, соңында бірінші 
қоспаға екінші қоспаны құйып араластырады да, дистильденген су 
қоса отырып, ерітіндінің көлемін қажетті көлемге дейін жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет