Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


МЕРИСТЕМА - бөліну қабілеті белсенді клеткалардан тұратын  түзуші ұлпа.  МОНОПЛОИД



Pdf көрінісі
бет38/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

МЕРИСТЕМА
- бөліну қабілеті белсенді клеткалардан тұратын 
түзуші ұлпа. 
МОНОПЛОИД
- полиплоидтық сериясынды (символы Х) негізгі 
хромосомалар санымен сипатталатын ядро, клетка, ұлпа, организм. 
МОРФОГЕНЕЗ-
мүшелердің (органогенез), ұлпалардың (гистогенез) 
және клеткалардың (цитогенез, немесе клеткалық жіктелу) өсу және 
даму процестері. 
ОҚШАУЛАНҒАН МЕРИСТЕМАЛАРДЫ ӨСІРУ
- өркеннің 
апексінің немесе қолтық бүршігінің өсу конусын асептикалық 
жағдайда жасанды қоректік ортада өсіру. 
84 


ОҚШАУЛАНҒАН ПРОТОПЛАСТ
- ферментативтік немесе 
механикалық жолмен клетка қабықшасынан айырылған өсімдік 
клеткасы. 
ОҚШАУЛАНҒАН 
ПРОТОПЛАСТАРДЫ 
ӨСІРУ
-клетка 
қабықшасынан айырылған клеткаларды құрамында қосымша белсенді 
осмотикалық заттары бар (тұрақтандырушы) сұйық немесе агарлы 
коректік ортада өсіру. 
ОҚШАУЛАНҒАН ПРОТОПЛАСТАРДЫҢ ҚОСЫЛЫУ
- скі 
немесе одан да көп клеткалардың сыртқы мембраналарының қосылып, 
бір клетканың пайда болуы. 
ОҚШАУЛАНҒАН 
ТАМЫРЛАРДЫ 
ӨСІРУ
-жекеленген 
тамырларды асептикалық жағдайда жасанды қоректік ортада өсіру. 
ОМНИПОТЕНТТІЛІК
- өсімдіктің сомалық клеткалары ядросының 
зигота ядросына тән барлық потенциясын сақтауы, яғни барлық 
генстикалық ақпараттың сақталуы.
ОРГАНОГЕНЕЗ
- ретсіз өскен каллус массасында тамыр және өркен 
ошақтарының пайда болу процесі.
ӨСІМДІКТІҢ ГОРМОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ
- өсімдіктердің реттеуші 
комплексі, фитогормондар, олардың рецепторлары және екінші реттік 
аралық байланыстырушылар. 
ӨСУ ЦИКЛІ
- мерзімді өсіру барысындағы клетка популяциясының 
сигмоидты қисық сипатта өсуі. Өсу циклінің фазалары: латентті. 
экспоненциалды, өсудің тежелуі, бір калыпты (стационарная), 
деградация. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет