РЕДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ
- белгілі бір қызмет атқаратын арнайы
клеткалардың, алдын-ала бөлінуі нәтижесінді немесе тікелей жолмен,
жіктелудің бір түрінен баска түрге ауысуы.
РИЗОГЕНЕЗ IN VITRO
- қоректік ортада оқшауланған ұлпалардан
тамырдың пайда болуы.
СОМА
- жыныс клеткаларынан басқа дененің барлық клеткалары.
СОМАКЛОНДАР
- жасанды коректік ортада өсірілген клеткалардан
пайда болған және бастапқы формадан кейбір белгілері бойынша
айырмашылығы болатын өсімдік регенеранты.
СОМАЛЫҚ БУДАН (ГИБРИД)
сомалық клеткаларды будандастыру
арқылы алынған будан өсімдік.
СОМАЛЫҚ БУДАНДАСТЫРУ
- скі организмнен алынған сомалық
клсткаларды өзара араластыру арқылы жаңа будан алу. Бұл вегетативті
будандастыруға жатады және бір-бірінен алшақ түрлерден будан
клеткалық линиялар мен өсімдіктің сомалық будандарын алуға
мүмкіндік береді. Мысалы, қызанақ (помидор) пен картоптың буданы
олардың жекеленген протопластарын қосу арқылы алынды. Бұл
биотехнологияның соңғы жылдардағы жетістігі болып табылады.
СОМАЛЫҚ ЭМБРИОГЕНЕЗ
- клеткаларды және ұлпаларды
қоректік ортада өсіргенде ұрық тәрізді құрылымдардың түзілу процесі
(табиғи жағдайдағы ұрықтын дамуына өте ұқсас болады).
Достарыңызбен бөлісу: