ТЕРМИНДЕРДІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ АДВЕНТИВТІ БҮРШІКТЕР - өсімдіктің бүршік түзбейтін
клеткалары мен ұлпаларында пайда болған бүршіктер.
АДВЕНТИВТІ ЭМБРИОНИЯ - өсімдіктің ұрық түзбейтін клеткалары мен
ұлпаларында
пайда
болган
ұрықтар.
АКРОПЕТАЛЬДЫ ТАСЫМАЛДАУ - өсімдіктердегі сабақтың
апикальды меристемасы бағытына қарай заттардың тасымалдануы.
АНАЛЫҚ ГАМЕТОФИТ - немесе, ұрыққап.
АНДРОГЕНЕЗ - аталық партеногенез - жұмыртқаклетканың
цитоплазмасындағы аталық гамета ядросынан гаплоидты организмнің
дамуы.
АНДРОГЕНЕЗ IN VITRO (АНДРОКЛИНИЯ) - микроспорадан
тікелей эмбриогенез жолымен немесе каллус арқылы өсімдіктің пайда
болу процесі.
АПЕКС - сабақтың немесе тамырдың төбелік өсу нүктесі.
АПИКАЛЬДЫ БАСЫМДЫЛЫҚ - жоғарғы бүршіктің жанама
бүршіктердің өсуін тежеуі.
АТАЛЫҚ ГАМЕТОФИТ - немесе, жетілген тозандық дән.
АСЕПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ - толык залалсыздандырылған жағдай.
АУКСИНДЕР - индол тобына жататын фитогормондар және олардың
туындылары: индолил-3-сірке қышқылы (ИСҚ); индолилмай
қышқылы
(ИМК),
нафтилсірке
қышқылы
(НСҚ),
2.4-
дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д) және т.б. сабақ пен тамырдың
өсуін қарқындатады, өскіндерде тамырдың пайда болуын
стимульдейді.
БУДАН - скі ата-анасының ядролық гендерін сақтап қалған организм.
ВЕГЕТАТИВТІ КЛЕТКА - жаңадан өсіп келе жатқан тозаңның бір
клеткасы, тозаң түтігін түзеді, ұрықтану процесіне қатыспайды.
ВИТРИФИКАЦИЯ - өсімдіктерді жасанды ортада (in vitro) өсіргенде
болатын қолайсыз құбылыс, өсімдіктер өте мол суланады да әйнек
тәрізді болады.
ГАМЕТАЛАР - дене (сома) клеткаларымен салыстырғанда гаплоидты
(екі есе аз) хромосомалар жиынтығы бар, жетілген аталық және аналық
жыныс клеткалары.
ГАМЕТОФИТ - гаплоидты хромосома жиынтығы (n) бар осімдіктің
жыныстық ұрпағы.
ГАПЛОИД - сынар, дара (гаплоидты) хромосомалар жиынтығы
болатын ядро, клетка, организм; гамсталар сынар хромосомалар
жиынтығын ұстайды.