Тағамдық концентраттардың ассортименті және классификациясы Консистенция бойынша өсімдік майларының классификациясы екі түрге бөлінеді:
1. Қатты майлар, олардың құрамында қаныққан май қышқылдары бар.
2. Сұйық майлар – құрамында қанықпаған май қышқылдары бар майлар.
Күнделдікті өмірде өсімдік майларының 3 түрі кеңінен қолданылады
Өсімдік майлары сапасының тауартанушылық сипаттамасын нормативтері стандарттарда көрсетілген органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерді анықтау негізінде жүргізеді. Органолептикалық көрсеткіштерден дәмін, иісін, мөлдірлігін және түсін (барлық май түрлеріне емес) анықтайды.
Дәмі мен иісі. Олар майлы шикізат түрі мен сапасына, майды алу әдісі мен рафинадтау дәрежесіне, оларды сақтау ұзақтығы мен шарттарына байланысты. Бұндай көрсеткіш майдың балғындылық дәрежесін сипаттайды. Дәмі мен иісі бойынша май тегін, балғындылық дәрежесін, қоспалардың болуын, соның ішінде бензин болуын анықтай алатын боламыз. Дәмі мен иісі әрбір май түріне тән және шикізаттың әртүрлі түріне негізделген. Суықтай сығымдалған май нәзік дәмді болып келеді, ал ыстықтай сығымдалған май –аса айқын дәм мен иіске ие.

Мөлдірлігі. Майлардың мөлдірлігін – майларды үлпек қоспалардан (балауыздар, фосфатидтер, күнжара, шрот, ағартылған қыш және т.б.) тазарту дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш арқылы анықтаймыз. Майдың лайлануы, сонымен қатар жоғары ылғалдылықта туындауы мүмкін үлпек заттар майдың тауарлық түсін нашарлатады және май сұрпын төмендетеді. Май сұрпы жоғары болған сайын, оның мөлдірлігі де жоғары болады және тұнба мөлшері аз болады. Майда аталған заттар мөлшері көп болса, оның сақталғыштығы төмен болады, себебі өнімнің бүлінуіне алып келетін тотығу үдерістері мен глицеридтердің ыдырауы белсенді жүреді.