Өсімдіктер клеткасының құрылысы



бет2/4
Дата18.02.2023
өлшемі2,56 Mb.
#69018
1   2   3   4

Жасуша қабықшасы

  • Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды.(лат.membrano-өң,жұқа қабықша). Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.
  • Қызметі:Өткізгіштік,зат алмасу процесіне қатысады,заттар тасымалдайды.

Цитоплазма

  • Цитоплазма (грекше «цитос» – жасуша; «плазма» – сұйықтық) – жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады.
  • Қызметі:1.Эндоплазмалық тор,митохондрия,пластидтер,гольджи жиынтығы,жиынтығы,лизосома,жасуша орталығы,вакуоль және т.б.Жұмысын реттеп отырады.2.Жасушасын реттеп тұратын ферменттерге бай,олар зат алмасуды тездетеді.

Ядро

Ядро (nucleus) – жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның да пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша т.б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дизоксирибонуклеин қышқылы бар. Дизоксирибонуклеин қышқылында нәсілден нәсілге өтетін хабаршы “ген” сақталады.

Ядроның құрамында оның сұйықтығы – кариоплазма, ядро қабығы және ядрошық болады. Кариоплазма судан, жәй ақуыздан, дизоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ), калий, кальций, магний иондарынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет