Өсімдіктер клеткасының құрылысы



бет4/4
Дата18.02.2023
өлшемі2,56 Mb.
#69018
1   2   3   4

Лизосома

Лизосома — торшалар органоиды. Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы — қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың ыдырауына қатынасады. Лизосома құрамына кіретін ферменттер торша және белоктарының жетілуіне (процессинг) қатынасады.

Рибосома

Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырадылар жасуша цитоплазмасындағы магний иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады.

Эндоплазмалық тор

Эндоплазмалық тор (лат. reticulum — тор, лат. endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы. Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор): дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады.

Өсімдік жасушасы

1.Ядро 2. Пластидтер 3. Вакуоль 4. Сыртқы қалың қабықша 5.Ішкі жұқа қабықша 6. Цитоплазма

Жасуша пішіндері

Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі болады. Олар сопақ, домалақ және тағы басқа пішіндерде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 микроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.

Қызықты факт

  • 1. Су жасушаның 75-85% салмағын алады.
  • 2. Гиалоплазма гректің “шыны” деген сөзінен шыққан, цитоплазманың негізгі бөлігі.
  • 3. Лизосома құрамына кіретін ферменттер торша және белоктарының жетілуіне (процессинг) қатынасады.
  • 4. Гольджи жиынтығы ауыр металдардың ерітінділерімен (осмий немесе күміс) жүйке жасушаларын бояп қарағанда, оның цитоплазмасынан тор болып келетін жиынтықты бірінші болып байқаған.
  • 5. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады.

Қорытынды

Қорытындылай келе біз жасушаның бүкіл органоидтары жайлы пайдалы ақпараттар мен қызықты фактілерді білдік.Және де жасушасыз тіршіліктің жоқ екеніне тағы да көз жеткіздік!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Жандосқызы кәусар 101А фармация тобы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет