Өсімдіктер клеткасының құрылысы


Ядрошық – жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНҚ) , дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және ақуыздар болады.Ядро қабығы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады



бет3/4
Дата18.02.2023
өлшемі2,56 Mb.
#69018
1   2   3   4

Ядрошық – жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНҚ) , дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және ақуыздар болады.Ядро қабығы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады.

Пластидтер

Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі. Хлоропласта жасыл пигмент – хлорофилл бар. Органикалық зат түзуге қатысады.

Хромопластар - гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді.

Лейкопластар – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.

Вакуоль

Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.

Митохондрия

Митохондриялар - жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді . Негізінде митохондриялар АТФ керек жерлерге миофибрилдерге тақау, ал сперматозоидтарда талшық орналасады.

Гольджи жиынтығы

Гольджи жиынтығы — өсімдіктер мен жануарлардың біржарғақшалы органоиды. Оны 1898 жылы италияндық ғалым К.Гольжди жүйке жасушаларынан тапқан. Ол ауыр металдардың ерітінділерімен (осмий немесе күміс) жүйке жасушаларын бояп қарағанда, оның цитоплазмасынан тор болып келетін жиынтықты бірінші болып байқаған. Оны "ішкі тор тәрізді аппарат" деп атады. Кейіннен Гольджидің есіміне байланысты "Гольджи жиынтығы" деп аталып кетті. Өсімдіктер мен қарапайымдылар жасушаларындағы Гольджи жиынтығының пішіні әр түрлі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет