Өсімдіктердің экологиялық топтары



бет2/5
Дата03.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#133602
1   2   3   4   5

Ксерофиттер

  • Бұл өсімдіктер тарихи дамуында ылғалы жеткіліксіз жағдайға бейімделген. Қазақстан жерінің көпшілік бөлігі құрғақ, шөлді аймақтар қамтып жатыр. Ксерофиттерге тек қана құрғақшылықтан сақтайтын белгілері ғана емес, қызып кетуден және жарықтың артық мөлшерінен сақтандыратын белгілері тән. Ксерофиттердің өркендер жүйесі жақсы бұтақтанған. Жапырақтары майда, қабыршақты. Ал астық тұқымдастарда түтік тәрізді, ширатылған. Сабақтары – сүректі, қатты болады.

Тамыр жүйелері - жақсы тармақталған, топырақтың ылғалы мол қабатына тамырын тереңдігі топырақ бетінің ылғалды қабатында ғана орналасқан.

  • Тамыр жүйелері - жақсы тармақталған, топырақтың ылғалы мол қабатына тамырын тереңдігі топырақ бетінің ылғалды қабатында ғана орналасқан.
  • - Негізгі тамыры аз тарамдалған, мейлінше терең жер асты ылғалды қабатқа жетеді.

Ксерофиттерге тән ерекшеліктер

  • Сабақ пен жапырақта өткізгі ұлпалары жақсы дамыған. Жүйкелері жапырағында мезофиттерге қарағанда жиі және біршама ұзын. Жапырақ тақтасы майда немесе жақсы жетілген. Ылғалы жеткіліксіз ыстықта жапырақтарын сақтайды. Жапырақ тақтасы етжеңді, қалың. Түзуші клеткалары ұсақ. Клеткааралықсыз, тығыз орналасқан. Жапырақ мезофилі изолатеральді, ондағы борпылдақ паренхима әлсіз, устьица кешендері төменгі жағында, эпидермиске көміле орналасқан. Арқаулық ұлпалары жақсы жетілген, паренхималары жоғары деңгейде сүректенген.

Ксерофиттер негізенен 3 топқа бөлінеді

  • - Эвксирофиттер
  • - Суккуленттер
  • - Гемиксерофиттер

Суккуленттер

  • Сабақтары, жапырақтары етжеңді. Бұл су сақтаушы ұлпаларының жоғарғы деңгейіде дамуында. Волочай (сүттіген), алоэ, кактус. Ылғалы мол жадайда өте жоғарғы көлемде су жинайды. Дене массасының 95 % - ы судан тұрады. Клеткалары үлкен, өткізгіш ұлпалары нашар дамыған. Устьицалары 1 мм2 аз болады

Гемиксерофиттер

  • Тамыр жүйесі жақсы дамыған. Топырақтың терең қабатына дейін дамыған. Мысалы, жантақ, люксерна, аюқұлақ.Олар құрғақшылыққа қарамай суды терең жерден алады. Булану интенсивті. Транспирациялар арқылы қызып кетуден сақтайды. Гемиксерофиттердің тамыр жүйесі қатты болу үшін, бұл өсімдіктерде қарқынды түрде фотосинтез жүреді. Газ алмасуға кедергі келтіретін қалың кутикуласы болмайды. Устьица саны өте көп және әрдайым көмірқышқыл газын сіңіріп тұруға ашық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет