Өсімдіктердің ҚҰРҒАҚшылықҚа төзімділігі мен транспирациялық ҚҰбылыстарының ерекшеліктері



бет1/4
Дата15.07.2022
өлшемі35,42 Kb.
#37686
  1   2   3   4
Байланысты:
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер


ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІГІ МЕН ТРАНСПИРАЦИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация:Бұл мақалада ауыл шаруашылығындағы құрғақшылықтын зияны туралы жазылған. Құрғақшылықты зерттеу - ең басты проблемалардың бірі. Құрғақшылықтың екі түрі болады. Біріншісі -ауа құрғақшылығы, ал екіншісі - топырақ құрғақшылығы. Құрғақшылықтың пайда болған себептері,оның өсімдікке тигізер орасан зор әсері туралы сипатталған.
Кілт сөздер:өсімдік,құрғақшылық,төзімділік,су,жапырақ

Құрғақшылықтың себептері. Құрғақшылық көбінесе Европаның Орталық, оңтүстік және басқа аудандарында, Қазақстанда, Орта Азияда, Батыс Сібірде жиі-жиі кездесіп тұрады. Мұның себебі неде? Күн сәулесі ауаны біркелкі қыздырмайды. Сондықтан ауа үнемі қозғалыста болады, жылы ауа мен салқың ауаның соқтығысқан жерінде өте қатты дауыл пайда болады. Мұндай желді циклон деп атайды. Бұған қарама-қарсы толқындарды антициклон дейді. Циклон өте үлкен территорияны - 1000- 1500 км аумақты қамтиды. Циклонда ауа қысымы салқындап буға, бу біртіндеп суға өзгереді. Міне сондықтан циклон жүрген жерлерде жауын-шашын мол жауады.
Совет Одағының Европа бөлігіндегі аудандарда болатын кұрғақшылық антициклондарға байланысты. Антициклон алып келген құрғақшылық үзақ уақытқа созылмайды. Өте қауіпті құрғақшылықты терістіқ теңіздерден келген антициклон жасайды. Ол Арктиканың әрі суык, әрі кұрғақ ауасын алып келеді де ыстық аудандарда қызады, Сөйтіп кұрғақшылық туады, 1946 жылы болған құрғақшылықтың өзі қауіпті және өте ұзаққа со. зылды. Сондықтан біздің еліміздің ауыл шаруашылығы үлкен ен зардап шекті. Ол куаншылық 60-70 күнге созылды. [1]
Құрғақшылық жөнінде Қ. А. Тимирязев еңбектері. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімді-төзімсіздігі олардағы судың көлеміне байланысты. Егер өсімдік организмінде бос су мол болса, ондай өсімдік құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Өсімдік өзінің тіршілік ету дәуірінде суды өте көп буландырады. Өзі сіңірген судың барлығын өзі пайдаланбайды. Мысалы, 16 кг астық дәнін алу үшін, өсімдік өзінен 100 кг суды буландырады. Бір жазда 1 га арпа 192 мм су шығындайды. Ал жауын-шашынның мөлше- pі 132 мм болса, онда өсімдік қалай өседі? Су жетіспегендіктен ол өспей қалады. Қ. А. Тимирязев, өсімдіктің суды буландыру- дағы физиологиялық ерекшеліктерге ерекше назар аударды. Суды өсімдіктің ыстыққа төзімділігі оның суды буландыру қарқынына байланысты екенін тәжірибе арқылы дәлелдеп берді.
K. А. Тимирязев өсімдіктің су буландыруы зиянды құбылыс болғанымен физиологиялық қажеттігін баса көрсетті. Өсімдік организмі суды буландырмауға өте бейім келеді. Мысалы, жапырақтың бетінде қалың кутикула қабатының болуы, жапырақтар түсінің ақшыл болуы суды аз буландыруға және күн сәулесінің өсімдікке көп әсер етпеуіне мүмкіндік жасайды. Өсімдіктің жапырақтарында мындаған-миллиондаған түктер болады. Қейбір өсімдіктің жапырақтары тікенекке айналып кеткен. Ал кейбір өсімдік жазда, топырақта су қоры азайғанда жапырақтарын тастайды.
Қ. А. Тимирязев өсімдіктердің құрғақшылыққа бейімделуі миллиондаған жылдар бойы эволюциялық даму барысында табиғи жолмен жүзеге асқанын олардың автоматты түрде құрғақшылықтан қорғана алатынын, әсіресе күрделі гүлді өсімдіктерде бұл құбылыстың жақсы қалыптасқанын тәжірибе жасау арқылы дәлелдеп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет