Өсімдіктердің ҚҰРҒАҚшылықҚа төзімділігі мен транспирациялық ҚҰбылыстарының ерекшеліктері



бет3/4
Дата15.07.2022
өлшемі35,42 Kb.
#37686
1   2   3   4
Ксерофиттер. Ксерофиттер - суы тапшы жерлерде өсетін өсімдіктер тобы. Олардың су режимі туралы бірнеше пікір бар.
A. Ф. Шимпердің теориясы бойынша ксерофиттердің су буландыруы төмен болады. Олар суды үнемдейді. Н. А. Максимов бұл теорияның дұрыс емес екенін эксперимент арқылы толық дәлелдейді. Кейде ксерофиттер мезофиттерге қарағанда, суды мол бул буландырады оны мына таблицадан көруге болады:


Ксерофит және мезофиттер транспирациясының қарқындылығы (Н.А.Максимов)


Өсімдіктер

Транспирация қарқындылығы

Ксерофиттер
Аюқұлық
Жалбыз
Қарғатұяқ
Мезофиттер
Қоғажай
Қоңыраубас
Ләйлекгүл

8,8
9,9


13,9

4,0
4,8


9,2


Ксерофиттер типтері. Ксерофиттердің көптеген түрлері бар. Олар бірнеше топтарға бөлінеді. Қсерофиттер құрғақшылыққа түрліше бейімделеді. Олардың ішінде өте қарқынды түрде транспирация жүргізетін түрлері де, суды аз буландыратын түрлері де бар. Қсерофиттердің басты өкілдерінің бірі -- суккуленттер (кактус, агавалар, алоэ және т. с. с. өсімдіктер). [1]
Суккуленттер — сабақтары жуан да етті және жапырағында мол су қоры бар әр түрлі тұқымдас өсімдіктер тобы. Жапырақта жиналған су қорын Өсімдік қуаңшылық кезеңде пайдаланады. Суккуленттер шөлдер мен шөлейттерде тараған. Мысалы, кактустар, сүттігендер тағы басқалар. [2]
Олардың жапырақтары өте қалың, суды аз буландырады, сабақтары мен жапырақтарында су қоры мол сақталынады, Су қорын сақтайтын арнаулы ткандері бар. Суккуленттерде транс- пирация баяу өтеді. Устьцелер аз және өте терең орналасады. Осмос қысымы бірнеше атмосферадан артпайды. Қактустың кейбір түрлері өте жоғары температураға төтеп бере алады тіпті температура 65°C шамасына жеткенде де кактус тіршілік ете алады. Ал бидай температурасы 45°С-ге жеткенде тіршілігін токтатады.
Қактустың плазмасы тұтқыр, организмінде байланысқан суы мол. Тұтқыр плазмаларда зат алмасу процесі баяу өтеді. Органикалық кышқылдар аздап кана синтезделеді. Суккуленттер жоғары температураға төзімді болғанмен, сусыздыққа төзе алмайды. Тіршілігі тез жойылады. Мұның себебі, суккуленттер плазмалардың электикалығы төмен. Бұл жағдай өсімдіктер эволюциясына байланысты. Суккуленттердің ішінде суды көп буландыратын және аз буландыратын түрлері бар.[1]
Жер бетінде кактустарға 2800 астам түрлер біріктіріледі. Кактустар сыртқы пішіндері ерекше өсімдіктер. Кактустар бір-бірінен көлемдеріне байланысты айқын айырмашылықтары болады. Қазіргі кезде тіршілік ететін түрлердің арасында ең кішкентай кактус блоссфельдияның (Blossfeldia minima) биіктігі небәрі бір-екі сантиметрге жетеді, ал Аргентинада өсетін алып Cereus dayamii кактусының биіктігі 25 метрден астам болады. Дүниежүзінде ең биік кактустарға бағана тәрізді кактустар жатады. Ең биік кактустардың етжеңді сабақтары шар тәрізді, бағаналы, тармақталған немесе әлсіз тармақталған болып келеді. Өркендерінің көлденең қимасы дөңгелек немесе көп бұрышты болып түзіледі. Кейде өркендері жалпайып өсіп, жапырақтарға ұқсас сипатта болады (филлокладия құбылысы). Тамырлары бір түрлерінде жақсы жетілсе, екінші бір түрлерінде нашар жетіледі. Көптеген түрлері ауыр топырақтарда негізгі тамыр түзсе, сазды және құмды топырақта өсетін түрлерінде шалқан тәрізді тамыр түзеді. Кактустардың тамыр жүйесі жаңбырлы кезеңдерде ылғалды тез сіңіріп, сабақ клеткаларында су қорын жинақтайды. Ұзақ созылатын құрғақшылық кезеңде қабыршақпен қапталған ірі тамырлар сақталып, жас тамырлары кеуіп қалады.
Ал рипсалис, селеницерус, апорокактус және басқа да орман кактустарында ұзын келген ауа тамырлары түзіледі. Сонымен, топырақтың жоғарғы қабаттарына жақын кеңінен жайыла өскен өте көп мөлшердегі кактустардың тамырлары атмосфералық ылғалды мейлінше толық жинауға әбден бейімделген. Басым көпшілік түрлері суккулентті сабақтарындағы жапырақтары редукцияға ұшыраған ксерофиттер. Кейде суккуленті емес аласа ағаш, бұта және лианды ағаш түрлері де кездеседі. Бұларға кәдімгі сабақтары мен жапырақтары бар переския (Pereskia) және перескиопсис (Pereskiopsis) туыстары мысал бола алады
Бұл кактустар құрғақшылық мерзімде жалпақ жапырақтарын тастайды. Ал суккуленті түрлерінің жапырақтары редукцияланған, тек жас өсімдіктерде ғана жапырақтарды немесе олардың жұрнақтарын байқауға болады. Бір өсімдіктерде олар жалпақ немесе етжеңді ұршық тәрізді болып келеді. Екіншілерінде өте ұсақ қабыршақтар түрінде, ал үшіншілерде өсу конусының айналасында болар-болмас жұрнақтар түрінде ғана болады. Сабақтарында редукцияланған жапырақтарының түптері, яғни подариялары сақталады. Шар және бағана тәрізді кактустарда подариялардың қосылуы нәтижесінде кактус сабағындағы жапырак ортостихтеріне сәйкес келетін тік жолақты кырлар пайда болады. Подарияларда кысқарған өркендер болып табылатын қойнау бүршіктерінен төмпешіктер түрінде дамитын ареолалар орналасады. Ареолаларда жапырақ орнына ұзындығы, беріктігі, қаттылығы және формалары әр түрлі тікенектер, қылқандар, немесе қатты түктер дамиды. Бұл өсінділер эпидермальдық клеткалардан түзілген түкшелермен қапталуы мүмкін. Кейде бұл түктер өте көп болып және ұйыса келе бүкіл өсімдікті тегіс қаптап жатады. Ареолаларда оңай сынатын тікенектер мен қылдар түрінде глохидиялар да түзіледі. Теріге оңай кіріп кететін глохидиялардан құтылу оңайға түспейді. Кактустардың тікенектері ақ, сары, сарғыш, қоңыр, қара, қызыл түсті болып келеді.[3]
Қарағайлар. Ұзарған және қысқарған өркендері бар өсімдіктер. Оларда әртүрлі жапырақтар болады. Үзарған өркендерінде, тек жарғақ тәрізді, қабыршақ тәрізді жапырақтары жетілген, олар сирек спиральдің бойымен орналасады. Осы қабыршақтардың қолтығында қысқарған өркендері орналасады. Жанырақтары жасыл, ине тәрізді немесе жалпақ (уплощенный) болып келеді және шоқ түзіп орналасады, әрбір шоқта олар 2-5-тен топтасады.
Қарағайлар мәңгі жасыл өсімдіктер. Жас ағаштардың бөрікбасы пирамида тәрізді, ал кәрілерінікі дөңгелек немесе шатыр тәрізді болып келеді (Р.pinea және басқалары). Сүрегінде шайыр жолдары болады. Қылканы қыскарған өркендерінде орналасады, формасы үзын, жіңішке, жалпақтау дөңес болып келеді, 3-6 жыл өмір сүреді.[4]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет