Өсімдіктердің ҚҰРҒАҚшылықҚа төзімділігі мен транспирациялық ҚҰбылыстарының ерекшеліктері


Өсімдіктерге құрғақшылықтың әсері



бет2/4
Дата15.07.2022
өлшемі35,42 Kb.
#37686
1   2   3   4
Өсімдіктерге құрғақшылықтың әсері. Құрғақшылық өсімдікке әртүрлі және күрделі әсер етеді. Құрғақшылық әсерінен өсімдіктердің температурасы күрт көтеріліп, тканьдерінде су мөлшері азаяды. Мұндай құбылысты Қазақстанның шөл далаларында өсетін өсімдіктерден байқауға болады. Өсімдіктердің құрғақшылықтан кенет апатқа ұшырауын «ыстық ұру» деп атайды. Өсімдіктер құрғақшылық әсерінен тіршілігін жояды.
B. Ф. Альтергот (1932) бұл құбылыстың мәнін қарастырып, жоғары температурада өсімдіктегі белоктар ыдырап, аммиактың өте көп бөлініп шығатынын анықтады. Аммиак өте улы зат, өсімдіктер соның салдарынан уланып, тіршілік ете алмайтын болады. Жүргізген зерттеу жұмыстарының корытындыларына қарағанда, құрғақшылық салдарынан өсімдік организміндегі бүкіл зат алмасу процесі бұзылып, әсіресе цитоплазманың кү- рылымы өзгеріске ұшырайтыны байқалады, Лпоид пен белоктар ыдырап, липоидтар жиналады. Пластидтердің химиялық кұрамы өзгереді. Тынысалу процесі жоғарылап, құралған органикалық заттардын қоры таусылады. Өсімдіктерден энергия көп бөлінеді. Ол энергия заттардың байланысын бұзуға жұмсалады. Міне осындай жайсыз кұбылыстар салдарынан өсімдік апатқа ұшырайды. Ал, кейбір ғалымдар, құрғақшылық кезінде белоктың кол- лоидтары денатурация және коагуляция жасайды деп топшылайды, Құрғақшылық өсімдіктің жапырақтары мен сабақтары. на әсер етіп қоймай сонымен қатар тамыр жүйелеріне де үлкен зиян келтіреді. Құрғақшылыктан зардап шеккен өсімдік клет. каларында циторриз құбылысы пайда болады. Цитоплазма клетка қабықшасыҥан ажырап кетеді де тургор қысымын қажетті мөлшерде сактай алмайды. Қоллоидтардын дисперстігі азаяды, зат өткізгіштігі арта түседі. Гидролиздік және синтездік ферменттер жүйесі жойылады. Құрғақшылыкқа төзімді және төзімсіз бидайлардың ферменттері әртүрлі болады. Құрғақшылыққа төзімді бидайларда синтездік ферменттердің әрекетшілдігі жоғарылайды да, гидролиз- дік реакция нашарлайды. Ал кұрғақшылыққа төзімсіз бидайларда бұл жағдай керісінше жүзеге асады. Мұны 1940 жылы академик Н. С. Сисакиян анықтады.[1]
A. Штоккер (1948) өсімдіктің құрғақшылықтан зақымдануын цитоплазманың субмикроскоптық құрылымының бұзылу салдарынан деп топшылайды. Цитоплазманың өзгеріске ұшырауы клеткаға су жетіспеуінен. В. Н. Җолкевичтің (1959) құр. ғақшылық болған айларда өсімдік организміндегі қанттың форфорлану процесінің баяу өтетінін анықтады.
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі. Өсімдіктердің вегетативтік және генеративтік мүшелері өте жоғары температураға төзе алмайды. Ал тұқым 100°С дейінгі температурада тіршілігін жоймайды. Бұл тұқым құрамындағы су мөлшеріне байланысты. Өсімдіктерде цитоплазма гель түрінде кездессе, тұтқыр болса, жапырақтарында су тапшылығы жоғары болса, олар ыстыққа төзімді болады. Өсімдіктің ыстыққа төзімділігі белоктардың құрамына да байланысты: белоктары гидрофильді өсімдік ыстыққа жақсы төзеді, (белок 40-50°С температурада коагуляцияланады).
Өсімдіктің ыстыққа төзімсіздігін лаборатория жағдайында анықтауға болады. Ф. Ф. Мацков бидайдың ыстыққа төзімдігін анықтау үшін оның бірнеше жапырақтарын кесіп алып, су құйылған банкаға салып, қыздырды. Су температурасы 40-50°С-ға еткенде жапырактарды судан алып, нормалдығы 0,2 түз неме. се лаот кышқылына салғанда, жанырақтардың түрі кенет өз. герген, Жапырақтар түсінің өзгеруі олардың ыстыққа төзімділігінің көрсеткіші бола алады, Мәселен өсімдік закымдалғанда ондағы хлорофилл магний элементінен айырылып, феофитинге өзгереді де түсі қонырқай тартады.
Өсімдік түсінің кошқылдығы басым болған сайын ыстыққа төзімділігі арта түседі. Оны мынадай 5 балмен белгілейді:
0 (нөл)- закымданған клеткалары жоқ;
+- клеткалары аздап закымданған;
++-клеткалары орташа зақымданған;
+++ -клеткалары зақымданған;
++- клеткалары өте катты зақымданған.
Бұл әдісті өсімдік клеткаларындағы шырын нейтраль күйде болғанда ғана пайдалануға болады. Клеткалар шырыны қыш- кыл күйде болса, бұл онша нәтижелі болмайды.
Белоктардың коагуляциялануы бойынша да өсімдіктің ыстыққа төзімділігі анықталады. Егер белок 10 минутта ыстық суда коагуляцияланатын болса, ол ыстыққа төзімсіз деп есептеледі.
Клеткаларға плазмолиз құбылысын тудыру арқылы өсімдіктің ыстыққа төзімділігін аныктауға болады. Клеткаларда плазмализ құбылысы неғұрлым тез болса, соғұрлым өсімдік ыстыққа төзімсіз келеді.
Б. Кесслер (1959) жоғары температураға төзімділік аденин нуклеотидтердің әрекеті бойынша сақталатынын байқады, және тәжірибе жасап оны дәлелдеді. Ал Л. Энгельбрект пен Қ. Мотес (1960) темекі өсімдігінің ыстыққа төзімділігінің кинетин (6- аминфурфорол пурин) бергенде өсетінін анықтады. Қинетин жапырақтарда амин қышқылдарының мол синтезделуіне әсер етеді. Міне осының нәтижесінде өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі артады. Адениннің өсімдіктерде ыстыққа төзімділікті арттыратынын Н. А. Сатарова да байқаған болатын, ол зерттеулер жасау арқылы адениннің өсімдік организмінде белокты мол синтездеуге әсер ететінін көрсетті. Оны Н. А. Сатарова таңбаланған атом әдісін пайдаланып (N18), дәлелдеп шықты.
H. С. Петинов пен Ю. Г. Молотковский өсімдіктің ыстықка төзімділігі тынысалу процесіне және амидтердің жиналуына байланысты екенін дәлелдеді.
П. А. Генкель өсімдіктердің құрғақшылықтағы ыстыққа төзімділігі белоктың жиналуына байланысты деп есептейді. Ыстыққа төзімді өсімдіктер организмінде амидтер аз синтезделе- ді. Мысалы, тары мен жүгері - ыстыққа төзімді өсімдіктер. Олардың организмінде амидтер аз жиналады. Күнбағыс - ыстыққа төзімсіз. Оның организмінде амидтер мол синтезделеді. Қарбыз құрғақшылық кезде өз организмінде амид түзбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет