Өсімдіктердің ҚҰРҒАҚшылықҚа төзімділігі мен транспирациялық ҚҰбылыстарының ерекшеліктері


Мезофиттердің құрғақшылыққа төзімділігі



бет4/4
Дата15.07.2022
өлшемі35,42 Kb.
#37686
1   2   3   4
Мезофиттердің құрғақшылыққа төзімділігі. Әдетте ғалымдар мезофиттерді құрғақшылыққа төзбейді деп есептейді. Бірақ олардың ішінде құрғақшылыққа төзімділері өте көп… (Мысалы, Батыс Европада өсетін бидайды елімізде өсіретін болсак, олар өте төзімді келеді). Мезофиттерде қуатты түрде зат алмасуы жүзеге асады. Онтогенез процесі кезінде құрғақшылыққа бейімделу, құрғақшылық әсерін жеңетін және құрғақшылык кезде өсіп-өнетін өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер деп аталады. Олардың құрғақшылыққа бейімделуі ұзақ жылдар бойы филогенез кезінде қалыптасқан. Құрғақшылыққа те. зімділігінің белгісі - өсімдіктер құрғақшылықты жеңе отырып, калыпты өнім береді. Құрғақшылықка төзімділікті анықтау жолдары, (Селекция жұмысында өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін, анықтап білудің маңызы өте зор. Бұрын өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін жай көзбен қарап анықтайтын. Мысалы, тары бидайдан гөрі қуаңшылыққа төзімді екені мәлім болды. Бұл ша. руалардың ертеден жинақтаған тәжірибелерінің нәтижесі еді. Құрғақшылыққа төзімділікті анықтаудың бірнеше жолдары бар. Әсіресе, құрғақшылыққа төзімділікті төте және жанама да. сілдермен анықтайды. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін білу үшін олардың бір ғана қаснетін білу керек деп жорамалда- ғандар да болды. Мұндай бағалау дұрыс емес екенін ғалымдар ерте кезден-ақ білді. Құрғақшылықка төзімділікті тек морфологиялық немесе физиологиялық өзгешеліктерімен білу өте қнын. Құрғақшылыққа төзімділік - өте күрделі құбылыс. Ол әр. түрлі өсімдікте әрқилы болады. Бұл құбылыс дақылдардың вегетациялық кезеңдеріне қарай үнемі өзгеріп отырады. Өсімдікте сору күші мол болатын болса, ондай дақылдар құрғақшы- лыкқа төзімді келеді деп тұжырымдаған. Бұл әдіс өсімдіктің кұрғақшылыққа төзімділігін толық анықтай алмайды. Өйткені сору күші үнемі бір қалыпта болмайды. Қейіннен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді анықтау В. В. Қолкуновтың тәсілімен жүргізілуі тиіс екені дәлелденді. Тәжірибелер тікелей табиғатта жүргізілді,
B. В. Қолкунов өсімдік клеткалары неғұрлым кішкене болса, соғұрлым құрғақшылыққа төзімді келеді деді. Сонымен катар, жапырақтағы устьицелер санының аз болуы - басты көрсеткіштердің бірі. В. В. Қолкуновтың тәсілімен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді анықтауға болатынын Н. А. Максимовтың зерттеулері дәлелдеп берді.
И. И. Туманов (1926) құрғақшылыққа төзімділікті лабораторияда анықтау тәсілін тапты. Ол өсімдіктерді вегетациялық ыдыстарда өсіріп, керегіне қарай су құйып отырды. Қейде өсімдіктер әдейі суарылмай қалдырылды, ондайда бірнеше күн өткеннен кейін ғана су құйылды. Міне осындай жағдайларда алынған өнім өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін көрсетеді.
Тәжірибе нәтижесінде өсімдіктен жоғары өнім алынатын болса, ондай өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді деп есептелді. Бұл әдісті өте дәл деп айтуға болмайды. Өйткені ол тамыр жүйелерінің қандай тереңдікке орналасқанын көрсете алмайды, ыдыстың сыйымдылығы тамырдың көлемдірек өсуіне мүмкіндік бермейді.
1932 жылы Л. С. Литвинов пен И. В. Красновский кептіру тәсілімен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді анықтауға болатынын көрсетті, Бұл әдістің мағынасы мынадай. Өсімдіктер бөлінген учаскелерде өсіріліп, олардың үстіне ағаштан қанқа жасалады. Жаңбыр жауған кездерде брезентпен, немесе су өткізбейтін материалдармен жауып қоюға ыңғайлап, ағаш қанқа кұрылады. Бұл әдіс кезінде өсімдіктін тарихи жағдайдағы то. пырақ құрғақшылығын анықтау оңай. Ауа кұрғақшылығының әсерін білу үшін құрғақшылық камерасын жасайды да, ыстық желдің әсерін байкайды. Тұңғыш рет мұндай камера Бүкілодақтық өсімдіктер ғылыми-зерттеу ииститутында Н. А. Максимовтың басшылығымен жасалған болатын.
Сонымен, құрғақшылыққа төзімділікті анықтаудың ең негізгі жолдары мыналар: 1) далалық эдіс; 2) солу коэффициентін анықтау тәсілі; 3) кептіру жолы; 4) құрғақшылықты жасанды тудыратын камера әдісі. Казіргі кезде, құрғақшылыққа төзімділікті төте лабораториялық әдістерді пайдалана отырып анықтайды. Дақылдардың рих тканьдері сусыздыққа шыдамды ма, жоқ шыдамсыз ба, лабораторияда зерттейді. Сол сияқты олардың ыстыққа төзімдігін де байқайды. Өсімдіктердің төзімділігін білу үшін барлық вегетациялық кезеңдерде зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Лабораториялық әдістердің ішінен ең кең тараған тәсілдердің бірі - Ф. Ф. Мацков тәсілі. Ол әдіспен белоктың коагуля- циялануын анықтайды. Өсімдіктің сусыздыққа төзімділігін білу үшін ең алдымен эксикаторлық тәсілді пайдаланады.
Крахмал үлгісінен осмос қысымын және су тапшылығын
анықтап, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді білуге болады. Ол үшін дала жағдайында ертеңгі сағат 10 П1 мөлшерінде өсімдіктерді бір-екі жапырағын кесіп алып күн жоқ жерге 2 3 сағат солдырып қояды, оны спиртпен ағартып жуады. Сонда хлорофилл спиртте тез ериді. Қейіннен иод ерітіндісін тамыза- мыз. Оның көк түске боялуын 5 балмен белгілейді. Бұл әдіс:
1) крахмалдың жоқтығын; 2) аздығын; 3) өте аздығын; 4) көп жиналғандығын; 5) өте көп синтезделетінін көрсетеді. Мұндай әдістерді пайдаланып, тарының, күнбағыстың, картофельдің құрғақшылыққа төзімділігін білуге болады. Өйткені олардын. жапырақтарында крахмал синтезделеді. Крахмал үлгісімен өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау биохимиялық тұрғыдан дұрыс сипаттама бере алады. Осы жоғарыда айтылған әдістер өсімдіктің сусыздыққа төзімділігін көрсетеді. Ал өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі механизмін зерттеу проблемасы өте күрделі проблема. Бұл проблеманы шешу тек қана физиологиялық процестерді білумен шектелмейді. Сонымен бірге, өсімдіктің биологиясын білуді де қажет етеді.[1]
Сонымен қорыта келе, өсімдік өз тіршілігінде жансыз (абиотикалық) және тірі (биотикалық) табиғаттың көптеген экологиялық факторларын пайдаланады. Олардың көпшілігі белгілі бір «биологиялық» диапазонда қажет, бірақ олар одан асып кеткен бойда олар зақымдалады.
Барлық қиыншылықтардан қорғанудың кең таралған әдісі – зақымдаушы факторларға төзімді өсімдіктерді өсіру. Кейде өсімдіктерді қорғайтын немесе олардың төзімділігін арттыратын арнайы ауылшаруашылық әдістерін қолдануға жүгіну керек. Селекциялық жол тиімді, яғни зақымдаушы факторларға төзімді жаңа сорттарды өсіру.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ж.Жатқанбаев. Өсімдіктер физиологиясы «Мектеп» Баспасы 1988ж.
3. Б.М.Силыбаева, Ж.К.Байғана, Н.Ш.Карипбаева, В.В.Полевик. Жоғары сатыдағы өсімдіктер физиологиясы. Алматы;print-S, 2012-615 бет
4. Ә.Ә.Әметов, П.М.Мырзақұлов. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. 1 бөлім. Алматы; Қазақ университеті 2000-256 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет