Консерватизм(лат. conservare-сақтау) - қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды, бұрынғы жүйенің тәртіптерін сақтай отырып, түбегейлі өзгерістерден бас тартады. Негізгі қағидалары жеке меншік, отбасы мен діни құндылықтарды сақтау. Консерваторлар революцияны, соғыс кемшіліктерін сынайтын пацифизм түрінде әрекет етіп, қақтығыс атаулыны түбегейлі қолдамайды. «Консерватизм» ұғымын ғылыми айналымға енгізген, «Консерватор» (1818-1820ж.) журналының негізін салушы француз жазушысы Ф. Шатобриан. Бұл идеяны ары қарай дамытушылар Д. Белл, Э. Берк, Г. Моска, К. Шмидт т.б. Жоғарыда айтқанымыздай қазіргі консерватизмнің неоконсервативтік (либерал-консервативтік) ағымы – салыстырмалы жаңа құбылыс. Оның пайда болуының объективті негізі ХХ ғ. 70-жылдары әлемдік экономиканы қамтыған құрылымдық дағдарыс болып саналады. Ол нарықтық жүйенің бұрынғы реформаларының жеткіліксіздігін тауып, радикалды амалдарды талап етті.
Негізін салушылар: Эдуард Бернштейн, Карл Каутский
Негізін салушылар: Эдуард Бернштейн, Карл Каутский
Негізгі идеялары
Саяси салада – реформалар демократиялық социализмге жетудің құралы. Бостандық, әділдік, ынтымақтастық
Экономикалық салада – меншіктің плюрализмі, серіктестік
Әлеуметтік салада – қоғам мүшелерін кең әлеуметтік құқықтармен қамтамасыз ету
Құру жолдары – әлеуметтік және экономикалық реформалар
Социализм (фран. Socialisme, лат. Socialis - қоғамдық) - өндіріс құралдары мен жеке меншік қатынасының әлеуметтік қайшылықтармен байланысына, әлеуметтік саланың саяси өзгерістермен ара қатынасына сәйкес қайта құрулардың қажеттілігіне басым көңіл бөлуімен ерекшеленеді. Социализм түрлі саяси бағыттағы саяси идеялардың бірігуін, әлеуметтік әділеттілік, теңдік, адамдардың шығармашылық бірлестіктерін дамытуды жариялайды. Бұл ілімнің тарихы ертеректе, ежелгі Греция мен Римде, «алтын ғасыр» туралы әртүрлі нұсқалардағы аңыздардан таралады (қауымдық-рулық қатынастарда, теңсіздікті, қанау мен жеке меншікті білмеген). Социализмнің негізгі қағидалары: экономикалық еркіндікті қолдамау, жеке адамдардың еркіндігін қолдамау, еркін бәсекелестіктің жоқ болуы. Социалистік идеологияның кейбір белгілерінен коммунистік идеологияны көруге болады.

Коммунизм – латыншадан commūnis - ортақ.
Негізін салушылар: Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Владимир Ленин
Негізгі идеялары
Саяси салада – пролетариаттың диктатурасын орнату
Экономикалық салада – қоғамдық меншік, мемлекеттің экономиканы толықтай бақылауы
Әлеуметтік салада –таптардың жойылуы. Тең құқықтар