Особенности древних цивилизаций


Саяси мәдениеттің құрылымы



бет3/11
Дата03.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#133549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лекция 11-12 Полит культура и идеология

Саяси мәдениеттің құрылымы:

  • Саяси түсініктер. Саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдыреттілігі мен тиімділігі жөніндегі т.с.с. түсініктерді қамтиды.
  • Саяси қазыналар мен құндылықтар. “Еркіндік”, “теңдік”, “әділдік”, “әлеуметтік қорғанушылық”, “автономия”, “төзімділік” және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады.
  • Адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы.
  • Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.
  • Саяси әрекет – жеке тұлғаның немесе топтың саяси жүйеде көрсеткен мінез-құлқы.
  • 3. САБАҚТАСТЫҚ - аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді;
  • 2. РЕТТЕУШІЛІК - саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді;
  • 1. ТАНЫМДЫҚ. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі;
  • Саяси мәдениеттің қызметтері
  • 4. БАЙЛАНЫС - Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады.

Саяси мәдениеттің қызметтері:

  • Біріктірушілік: қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру , бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруга жұмылдыру.
  • Қорғау: Қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
  • Сабақтастық: саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет