1. Саяси мәдениет: мазмұны мен мәндік сипаттамалары:
Иоганн Готфрид Гердер неміс ойшылы XVIII ғ. екінші жартысында «саяси мәдениет» ұғымын ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізген. Ол «саяси мәдениет» ешқандай жағдайда саяси шындықты бейнелей алмайтын «екі жүзділіктің көрінісі» деп бағалайды.
(1744-1803)
Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.
Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.
Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі.
«Cаяси мәдениет нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтар ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді.
Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әртүрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді».