Особенности древних цивилизаций


Саяси идеологияның қызметтері



бет9/11
Дата03.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#133549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. Саяси идеологияның қызметтері:

  • Танымдық – саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;
  • 2) Бағдарлық – қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;
  • 3) Жұмылдыру – қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
  • 4) Амортизациялық – идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді;
  • 5) Бағалау – идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

4. Саяси идеология түрлері

  • Идеология әлеуметтік саяси парадигмасына қарай солшыл және оңшыл деп бөлінеді. Солшыл идеология қатарына: коммунизм, социал-демократия жатады. Ал, оңшыл идеологияға либерализм, консерватизм, фашизм, нацизм жатады.
  • Либерализм – латыншадан аударғанда liberalis -еркін
  • Негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, А. Смит, И. Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль, Дж.Миль
  • Негізгі идеялары
  • Саяси салада – мемлекеттің қызметін заңмен шектеу, билік бөліну принципі
  • Экономикалық салада – еркін нарық, еркін бәсекелестік, мемлекеттің нарықтық қатынастарға араласпауы
  • Әлеуметтік салада – адамның өмір сүруге, еркіндікке құқығы, заң алдында барлығы бірдей, азаматтардың мемлекеттің ісіне араласуы
  • Құру жолдары - реформалар

Либерализм (лат. liberalis – еркін, азат) тұлға және индивидтің өзге де әлеуметтік және саяси құқықтарының еркіндігі мен мемлекеттік қызмет ету саласын шектеуді қолдайтын ілім және қоғамдық-саяси ағым. Либералды дүниетанымның тамырлары Ренессанс пен Реформацияға кетеді. Оның бастауында Дж.Локк, Т.Гоббс, Ш. Л. Монтескье, И.Кант, А.Смит, В.Гумбольдт, Т.Джефферсон т.б. тұрды.

  • Либерализм (лат. liberalis – еркін, азат) тұлға және индивидтің өзге де әлеуметтік және саяси құқықтарының еркіндігі мен мемлекеттік қызмет ету саласын шектеуді қолдайтын ілім және қоғамдық-саяси ағым. Либералды дүниетанымның тамырлары Ренессанс пен Реформацияға кетеді. Оның бастауында Дж.Локк, Т.Гоббс, Ш. Л. Монтескье, И.Кант, А.Смит, В.Гумбольдт, Т.Джефферсон т.б. тұрды.
  • Батыстық қоғамдық – саяси ойдың ағымы ретіндегі либерализмнің қалыптасуындағы бұрылыс нүктесі – Ұлы француз буржуазиялық революциясы. Классикалық либерализмнің маңызды жүйе түзуші құралы болған негізгі идеялар мен ұстанымдар 1789 жылы «Адам және азамат құқықтарының Декларациясы» мен 1791жылы Конституцияда қалыптастырылды.
  • Қазіргі таңдағы либерализмнің саяси идеологиясы біртекті емес, оның 3 бағытын бөліп көрсетуге болады: бірқалыпты, консервативті, сомиплибералды (радикалды). Либералистер ХХ ғ.80-жылдары Ұлыбритания, Европа, Жапония, АҚШ-та зор табысқа ие болды, оның жаңа бағыты - неолиберализм дүниеге келді. Неолибериализмнің негізгі қағидалары - әділеттілік, моралдық құндылық қағидаларын ескеру, басқарушылар мен басқарылушылардың келісімі, бұқараның саяси процеске араласуы, басқару шешімін қабылдауды демократияландыру т.б.
  • Консерватизм – латыншадан conservo - қорғаймын.
  • Негізгі идеялары
  • Саяси салада – билік элитаның қолында болатын күшті мемлекет
  • Экономикалық салада – мемлекет экономиканы реттей алады, бірақ жеке меншікке қол сұқпайды
  • Әлеуметтік салада – қоғамдық құндылықтардың жеке адам құндылықтарынан басым болуы. Дәстүрлердің маңыздылығы, әлеуметтік тұрақтылық
  • Құру жолдары - қоғам эволюциясы, революцияны және радикалды реформаларды қабылдамау,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет