Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет47/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Байланысты:
disser ernar

 
мұғалім мен оқушының 
ынтымақтастыққа негізделген әрекеті. 
Сонымен бірге негізгі әдістердің 
қатарында 
ойын әдісі
де үлкен орын алады. Осымен байланысты, ЖДЖ 
жүйесіндегі көптеген жаттығуларды мұғалімдер қызықты түрде, ойын түрінде 
ұйымдастыруы дұрыс болады. Дене шынықтыру пәнін тұтас өткізудегідей, 
ЖДЖ жүйесін орындату арқылы оқушылардың ЖДЖ-ны өз бетімен орындау 
дағдыларын дамытуда дидактикалық әдістер қолданылды. 
Атап айтатын болсақ,
– 
тілдік-сөйлеу әдістері:
түсіндіру, әңгімелеу, нұқсаулар беру, бұйрық 
беру, ескерту жасау; 
– 
көрнекілік әдістері:
сызбалар қолдану, суреттер қолдану, кестелер 
қолдану, фильмдер көрсету, слайдта ЖДЖ жекелеген элементтерін және оны 
қалай орындау керектігін көрсету. 
ЖДЖ жүйесіндегі әрбір жаттығуда 
еліктеу
және 
арнайы жаттығу 
элементтері 
орындатылады. Еліктеу жаттығулары оқушыларға жаттығудың
рационалды техникасын меңгеруі үшін үйретіледі. Ал арнайы жаттығулар 
болса, олар орындау техникасында кеткен қателіктерді енді болдырмау үшін 
орындатылатын жаттығу түрі. 
ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдыландыруда пайдаланылатын құрал-
жабдықтар: доптар – үлкен доп, кішкентай доп, секірмектер, гимнастикалық 
отырғыштар, обручтер. 
Педагогикалық экспериментте өткізілетін сабақ түрлері:
– сыныптық, топтық, жеке сабақтар; мазмұны жағынан бұл сабақтар 
теориялық, практикалық және аралас сабақтар болып келеді; 
– салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған арнайы сабақтар; 
– спорттық жарыс немесе мейрамдарға байланысты дене шынықтыру 
сабақтары; 
– үй тапсырмалары. 
Жалпы дамыту жаттығуларын бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен 
орындауға дағдыландыру әдістемесіне енгізілген бұл сабақтар оқушылардың 
денсаулығын күшейтуге, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігінің 
оқушылар санасында бекуіне ықпал етеді. Сонымен бірге бұл сабақтар жүйесі 
оқушылардың ақыл-ойы, санасы одан әрі дамып, ептілік, икемділік, күш-қуаты, 
жылдамдығы, шыдамдылығы сияқты дене қабілеттері дамуына негіз қалайды.
ЖДЖ жүйесінің бірізділікпен, өзара сабақтастығы сақтала отырып 
меңгертілуі арқылы оқушылар ол жаттығуларды өз бетімен орындауға 
дағдыланады. Оның нәтижесінде оқушылар дене шынықтырумен, спортпен 
айналысу, дене мәдениетін жетілдіруге деген мотивациялары күшейеді. 
Бастауыш мектепте қалыптасқан мұндай жақсы дағдылар оқушыны негізгі 


103 
мектепке барғанда одан әрі жетілуге жетелейді, спортпен айналысудың, дене 
мәдениетін дамытудың болмысын түсінуіне алып келеді. 
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер, оларды бағалау 
критерийлері келесідей түрде жүйеленді. 
Педагогикалық экспериментке әзірленген «Бағдарламаны» жүзеге асыру 
барысында оқушылар: 
– дене шынығуы жағынан дайындық деңгейі жоғарылайды; 
– оқушылар қол, аяқ, дене қозғалыстары бойынша жалпы дамыту 
жаттығуларының техникасын меңгереді, дұрыс орындауға қол жеткізеді; 
– ЖДЖ жүйесін өз бетімен дене шынықтыру сабақтарында, сабақтан тыс, 
үйде, табиғат аясында саяхатта, барлық жерде өзінің бос уақытын дұрыс 
ұйымдастыра отырып орындауға дағдыланады; 
– ЖДЖ жүйесін өзінің достарына, кіші балаларға үйретуге және өз 
бетімен орындауға дағдыланады; 
– оқушылар өздерінің күн тәртіптеріне орай, жеке ЖДЖ қозғалыстарын 
орындау режимін жасауды үйренеді; күн тәртібінде ең тиімді ЖДЖ түрлерін өз 
бетімен іріктеп алуға, оларды біртіндеп жеңілден күрделіге қарай сұрыптап 
отыруды үйренеді; 
– өз бетімен ЖДЖ орындауға дағдыланып, бірақ өзінің жұмыс күшін бос 
сарқып алмау керектігін саналылықпен үйренеді; 
– оқушы ЖДЖ жүйесінің түрлері өзі үшін керек екенін, өзінің денсаулығы 
мен күш-қуаты артып, дене сымбаты жетіліп отыруына өзі де қатысуы міндетті 
екенін түсінеді, мұғаліммен, ата-анасымен ақылдаса отырып, ЖДЖ түрлерін 
ойлап табуға дағдыланады; 
– оқушы жеке басының салауатты өмір салтына дағдылануы арқылы 
отбасы мүшелеріне, достарына, әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы басқа 
адамдарға үлгі болуына жол салады; 
– салауатты өмір салтын бастауыш мектепте қалыптастырған оқушы – 
еліміздің болашақтағы айбынды азаматы, сенімді тізгін ұстар азаматы 
болатынын түсініп, патриоттық сезімін дамытады. 
Бағдарламаны меңгерген бастауыш сынып оқушысы келесілер туралы
білетін болады және түсінігі болады: 
– 
жалпы дамыту жаттығуларының терминдерін; 
– жалпы дамыту жаттығуларының – дене жаттығуларының, жалпы дене 
мәдениетінің маңызды бөлшегі екенін, оның қалыптасу, даму тарихын; 
– жалпы дамыту жаттығуларының адамның денесі жетілуіндегі, 
дамуындағы сүйегі, бұлшық еттері, тұтас қозғалыс жүйесі дамуындағы 
маңызды қызметі туралы; 
– қозғалу мен қозғалыс тәсілдері мен ерекшеліктері туралы; 
– жеке гигиенаның маңызы туралы; 
– өзінің дене мүсінінің саулығы мен сымбатын сақтаудың маңызы және 
оған оқушының қатысуы (жауапкершілікті) керектігі туралы; 
– өмірдегі түрлі қозғалыстардан келетін жарақат не зақым алудың 
себептері және мүмкіндігінше олардың алдын алу туралы. 


104 
Оқушы: 
– өзінің координациялық, икемділік, күш-қуатын жетілдіруге арналған 
ЖДЖ өз бетімен орындау үшін күн тәртібі кестесіне қажетті ЖДЖ кешенін 
дұрыс құрай алады және дұрыс орындауға дағдыланады; 
– ЖДЖ-ны өз бетімен және басқа балалармен өзара бірлесе отырып 
орындауға дағдыланады. 
Бастауыш сыныпта ЖДЖ-ны оқушыларды өз бетімен орындауға 
дағдыландыру үшін, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған әдістемелік 
нұсқаулар мен әдістемелік ұсыныстар беріліп, олардың мазмұны уақыт 
талабымен бірге жаңа бағытта жетілдіріліп отырылды. 
Белгіленген Тұжырымдамаға сүйенген әдістеменің бастау көздері мен 
жаңаланған мазмұндық-құрылымдық болмысы және жүзеге асырылу үдерісі 
келесі модельде беріліп отыр. 


105 
Сурет 19 – Тұжырымдамаға сүйенген әдістеменің бастау көздері мен 
жаңаланған мазмұндық-құрылымдық болмысы және жүзеге асырылу 
үдерісінің моделі 
Бастауыш сынып оқушыларына жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен 
орындауға дағдыландыруда ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, 
олардың мынадай ерекшеліктері анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет