101
ойындарының элементтерінен құралған ЖДЖ дене шынықтыру сабақтарының
қызықты да сәтті өтуіне ересен ықпал етуі үшін олардың ЖДЖ жүйесінен
енгізілуі керек. «Қозғалыс ойындары бойынша ЖДЖ жүйесіне»:
–
ЖДЖ-1.Секірумен байланысты жаттығулар;
–
ЖДЖ-2. Көздеп лақтыруға еліктеумен байланысты жаттығулар;
–
ЖДЖ-3. Қол мен аяқ қозғалысын дамытумен байланысты жаттығулары;
–
ЖДЖ-4. Тартысумен байланысты жаттығулар;
–
ЖДЖ-5. Саусақ, буындардың икемділігін дамытатын жаттығулар;
–
ЖДЖ-6. Тізе, аяқ буындарының икемділігін дамытатын жаттығулар
жатады.
Төртінші бөлім «Ұлттық мәдениет ерекшеліктері элементтері бойынша
ЖДЖ жүйесі» деп аталады. Ұлттық ойындар бастауыш сынып оқушылары
үшін олардың дүниетанымында, ділінде (менталдық болмысында)
сақталған
маңызды өмір сүру қабілеттері туралы ақпаратты жандандырып, ұлттық
сананың сақталуына қызмет етеді. Оқушылардың қазақтың дене мәдениетіне
және жалпы мәдени құндылығына дене жаттығулары
арқылы да көзқарасы
қалыптасуына тірек болады. «Ұлттық мәдениет ерекшеліктері элементтері
бойынша ЖДЖ жүйесін»
–
ЖДЖ-1. Қазақ биіне еліктеу элементтері бойынша ЖДЖ;
–
ЖДЖ-2. Қазақ ұлттық тұрмыс ерекшеліктеріне (аңшылық т.б.) еліктеу
элементтері бойынша ЖДЖ;
–
ЖДЖ-3. Қазақ ұлттық аспаптарында ойнауға еліктеу элементтері
бойынша;
–
ЖДЖ-4. Қазақ ұлттық батырлық қаруларын ұстауға еліктеу элементтері
бойынша ЖДЖ қамтиды.
Бесінші бөлім «Гимнастикадан құралдарсыз орындалатын ЖДЖ жүйесі»
деп аталады. Бұл жүйеге:
ЖДЖ-1. Бастапқы қалыпта
тұрумен байланысты жаттығулар;
ЖДЖ-2. Қолдың қалыптары және қолдың қозғалыстарына байланысты
жаттығулар;
ЖДЖ-3. Аяқтың қалыптары және аяқтың қозғалыстарына байланысты
жаттығулар;
ЖДЖ-4. Дененің қалыптары және дененің қозғалыстарына байланысты
жаттығулар;
ЖДЖ-5. Жүрелеу, отырумен байланысты жаттығулар кіреді.
Алтыншы бөлім «Гимнастикадан құралдармен орындалатын ЖДЖ жүйесі»
деп аталады. Бұл бөлімнің мазмұнын:
ЖДЖ-1. Гимнастикалық
таяқпен жаттығулар жасау;
ЖДЖ-2. Үлкен доптармен жаттығулар жасау;
ЖДЖ-3. Гимнастикалық отырғыштармен жаттығулар жасау;
ЖДЖ-4. Обручтермен жаттығулар жасау;
ЖДЖ-5. Секірмекпен жаттығулар жасау құрайды.
102
Арнайы оқу бағдарламасын әдістемелік қамтамасыз етілуі келесідей.
Педагогикалық экспериментке әзірленген «Бағдарламаның» жүзеге асырылуын
қамтамасыз ететін негізгі әдістер тақырыптық жоспарда ішінара көрсетілді.
Негізінде, бағдарламаның тиімділікпен жүзеге асырылып, күткен нәтижеге қол
жеткізілуінде үлкен орын алатын әдіс –
Достарыңызбен бөлісу: