122
Үй тапсырмасына өз бетімен мысықтың жүрісін, қыранның қанат
қағуын дұрыс және сауатты орындауды қайталау беріледі.
Осы сериядағы келесі тақырыптар бойынша мұғалім басқа сабақтарды да
кең түсінік бере отырып, ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдылануына қажетті
әдістерді қолдана отырып ұйымдастырып өткізеді.
Келесі – 3-сыныпта өткізілген эксперименттік сабақтың үзіндісі.
«
Сабақ № ...
3-сынып. Пән – Дене шынықтыру.
Тақырып
– Гимнастикадан құралдармен орындалатын ЖДЖ-ны меңгерту.
Мақсаты –
3-сынып оқушыларының
гимнастикадан құралдармен
орындалатын ЖДЖ-ны меңгеруге деген қызығушылығын арттыру және
оқушылардың
қозғалыс, ойлау, сөйлеу-коммуникативтік тәжірибесі арқылы
түрлі қабілеттерін жетілдіру.
Білімдік міндеттері:
– гимнастикадан құралдармен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын
үйрету;
– ЖДЖ жүйесіндегі гимнастиканың
құралдармен орындалатын
жаттығуларды өз бетімен орындауға дағдыландыру.
Дамытушылық міндеттер:
– 3-сынып оқушыларының гимнастикадан құралдармен орындалатын
жаттығуларын өз бетімен орындау дағдыларын дамыту;
– гимнастикадан құралдармен орындалатын ЖДЖ-н өз бетімен орындауға
ерік-жігерін, есте
сақтау қабілетін дамыту;
– 3-сынып оқушыларының сабақтан тыс кезде жеке өзі немесе достарымен
бірігіп, гимнастикадан құралдармен орындалатын ЖДЖ-н өз бетімен
орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеттері:
– оқушыларды дене мүсінін сымбатты қалыптастыруға үйрете отырып,
дене мәдениетін дамытуға оқушының өзінің жауапкершілікте
болу сезімін
тәрбиелеу;
3-сынып оқушыларын мектепішілік тәртіпті орындауға тәрбиелеу;
Достарыңызбен бөлісу: