129
–
Оқушылар, біз бүгінгі сабақтан бастап дене шынықтыру сабағының 15
минутын «Жұп болып орындайтын ЖДЖ» деген жалпы дамыту
жаттығуларының топтамаларын үйренеміз. Әр сабақта түсіндірілген
жаттығулары мазмұнын мұқият тыңдап,
ұқыпты орындап, меңгеруге
ұмтылыңыздар.
Мұғалім слайд бойынша сабақтарда берілетін ЖДЖ түрлерін
таныстырады. Одан соң келесі жаттығуларды әр сабақта нормалық мөлшерлі
доза бойынша орындауға үйретеді. Әрбір келесі сабақта оқушының үйде өз
бетімен қалай, қанша рет, қай уақытта, қай жерде орындағаны туралы тексеру
дұрыс болады.
Жұп болып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
1.
Бастапқы қалып – екі оқушы бір-біріне арқасымен тұру, екі қолын ұстап
тұру. 1- жайлап аяқты ұшына тұру, екі қолды жайлап жоғары көтеріп, созылу; 2
–
бастапқы қалып; 3- жайлап аяқты ұшына тұру, екі қолды жайлап жоғары
көтеріп, созылу; 4 – бастапқы қалып. Осыны 4 рет қайталау.
2.
Бастапқы қалып –
бір-біріне арқасын тіреп тұру, қолдарын жоғары
көтеріп, қысып ұстау. 1- жұп болып бірдей сол жақ жанына қарай еңкею; 2-
бастапқы қалып; 3 - жұп болып бірдей оң жақ жанына қарай еңкею; 4-бастапқы
қалып. Осыны 4 рет қайталау.
3.
Бастапқы қалып – бір-біріне арқасын тіреп тұру, шынтақтарымен өзара
селбесу. 1- бірге оң жаққа қарай еңкею; 2- бастапқы қалып; 3- бірге сол жаққа
қарай еңкею; 4- бастапқы қалып. Осыны 4-6 рет қайталау.
4.
Бастапқы қалып - бір-біріне бет түзеп тұру,
қолдары бір-бірінің
иығында. 1 – бір,екі, үш деген санмен алға қарай иректеле еңкею; 2- жайлап
бастапқы қалыпқа келу; 3– бір,екі, үш деген санмен алға қарай иректеле еңкею;
4- жайлап бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: