127
– «Гимнастикалық орындықпен орындалатын ЖДЖ» жалпы дамыту
жаттығуларын үйрету;
– ЖДЖ жүйесіндегі гимнастикалық элементтер
бар жаттығуларды өз
бетімен орындауға дағдыландыру.
Дамытушылық міндеттер:
–
4-сынып оқушыларының өз бетімен «Гимнастикалық орындықпен
орындалатын ЖДЖ» орындау дағдыларын дамыту;
– «Гимнастикалық орындықпен орындалатын ЖДЖ» өз бетімен орындауға
ерік-жігерін, есте
сақтау қабілетін дамыту;
– 4-сынып оқушыларының сабақтан тыс кезде жеке өзі немесе достарымен
бірігіп, «Гимнастикалық орындықпен орындалатын ЖДЖ» өз бетімен
орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеттері:
– «Гимнастикалық орындықпен орындалатын ЖДЖ» өз
бетімен орындауда
талап пен дұрыстықты сақтауға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
– 4-сынып оқушыларын мектепішілік тәртіпті орындауға,
табандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
слайд, компьютер, экран; олар болмаған жағдайда қағазға
салынған спорттық жүрудің қимыл-қозғалыс
суреттері, кестелер.
Сабақтың барысы.
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Мұғалім:
– Оқушылар, біз бүгінгі сабақтан бастап дене шынықтыру сабағының 15
минутын «Гимнастикалық орындықпен орындалатын ЖДЖ»
деген жалпы
дамыту жаттығуларының топтамаларын үйренеміз. Әр сабақта түсіндірілген
жаттығулары мазмұнын мұқият тыңдап,
ұқыпты орындап, меңгеруге
ұмтылыңыздар.
Мұғалім слайд бойынша сабақтарда берілетін ЖДЖ түрлерін
таныстырады.
Одан соң келесі жаттығуларды әр сабақта
нормалық мөлшерлі доза
бойынша орындауға үйретеді. Әрбір келесі сабақта оқушының үйде өз бетімен
қалай, қанша рет,
қай уақытта, қай жерде орындағаны туралы тексеру дұрыс
болады.
Достарыңызбен бөлісу: