125
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Мұғалім:
– Оқушылар, біз бүгінгі сабақтан бастап дене шынықтыру сабағының 15
минутын «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» деген жалпы дамыту
жаттығуларының топтамаларын үйренеміз. Әр сабақта түсіндірілген
жаттығулары
мазмұнын мұқият тыңдап, ұқыпты орындап, меңгеруге
ұмтылыңыздар.
Мұғалім слайд бойынша сабақтарда берілетін ЖДЖ түрлерін
таныстырады.
Одан соң келесі жаттығуларды әр сабақта нормалық мөлшерлі доза
бойынша орындауға үйретеді. Әрбір келесі сабақта оқушының үйде өз бетімен
қалай, қанша рет, қай уақытта, қай жерде орындағаны
туралы тексеру дұрыс
болады.
Гимнастикалық қабырғада орындалатын жалпы дамыту жаттығулар
Мұғалім оқушыларды екі жаққа бөлініп сапқа тұрғызады. Гимнастикалық
қабырғада
орындалатын
жаттығулардың
ерекшеліктері
түсіндіріледі.
Гимнастикалық қабырғаның үші түрі болады: тік (вертикалды), көлденең
(горизонталды), қисық. Бастауыш сыныптар үшін тиімдісі вертикалды
гимнастикалық қабырға болып табылады.
1. Бастапқы қалып – гимнастикалық қабырғаға бетімен қарап, жарты қадам
алыстау, кеудемен деңгейлес жерге тұру. 1 – артқа еңкею; 2- бастапқы қалыпқа
келу; 3- жүремен отыру; 4- бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – қабырғаға оң қырымен тұру, оң аяқты гимнастикалық
қабырғаның төменнен санағанда үшінші төрткілдешіне қою, қол белде. 1- оң
жағына қарай бұралу; 2- бастапқы қалып; 3-
оң жағына қарай бұралу; 4-
бастапқы қалып; 5-оң жағына қарай бұралу; 6- бастапқы қалып.
3. Бастапқы қалып – қабырғаға сол қырымен тұру, сол аяқты
гимнастикалық қабырғаның төменнен санағанда үшінші төрткілдешіне қою,
қол белде. 1- сол жағына қарай бұралу; 2- бастапқы қалып; 3- сол жағына қарай
бұралу; 4- бастапқы қалып; 5-сол жағына қарай бұралу; 6- бастапқы қалып.
4. Бастапқы қалып – гимнастикалық
қабырғаға арқасын беріп тұру, бір
қадам алшақ, екі қолымен гимнастикалық қабырғаны ұстау. 1- денесін оңға
бұру, сол қолымен оң қолдың саусағына жеткізу; 2- бастапқы қалып; 3 - денесін
солға бұру, оң қолымен сол қолдың саусағына жеткізу; 4- бастапқы қалып.
Осыны 4-6 рет қайталау.
5. Бастапқы қалып – гимнастикалық қабырғаға бет түзеп
тік тұру, жарты
қадам алшақ, қол төмен. 1-гимнастикалық қабырғаның кеуде тұсындағы
төрткілдешін нық ұстау, аяқты қабырғаның төменгі жағына тіреу, артқа қарай
шалқаю; 2- бастапқы қалып, осыны 4-6 рет қайталау.
6. Бастапқы қалып – гимнастикалық қабырғаға бет түзеп тік тұру, жарты
қадам алшақ, қол төмен. 1-гимнастикалық қабырғаның кеуде тұсындағы
төрткілдешін
нық ұстау, аяқты тізеден бүгіп, жүрелеу; 2- бастапқы қалып.
Осыны 4-6 рет қайталау.
126
7. Бастапқы қалып – гимнастикалық қабырғаға бет түзеп тік тұру, бір
қадам алшақ, қол төмен. 1-гимнастикалық қабырғаның кеуде тұсындағы
төрткілдешін нық ұстау, бар денесімен гимнастикалық қабырғаға тартыла
тірелу; 2-бастапқы қалып. Осыны 4-6 рет қайталау.
Аяқ үшін ең төменгі төрткілдеш/ тақтайша бірінші болып саналады, қол
үшін ең жоғары төрткілдеш бірінші болып саналады. Егер қолмен ұстау иықтан
төмен болса, «тірену» болып табылады. Егер ұстау иықтан жоғары болса,
«іліну» деп аталады. Қолмен ұстау «тіренуден», «ілінуден» аралас болып та
қолданылады. Орындаудың бір тәсілі: гимнастикалық қабырғада сол қолмен
және оң аяқпен қозғалу арқылы орындалады. Екінші бір тәсілі: гимнастикалық
қабырғада сол қолмен және сол аяқпен қозғалу арқылы орындалады.
Ғалымдардың
айтуынша, гимнастикалық қабырғада ЖДЖ-ны орындауға
арналған жазбаларда «Бастапқы қалып» оқушы мен гимнастикалық қабырғаның
екеуіне қатысты көрсетілуі керек [144,с. 3-11]. Атап айтқанда:
– оқушының гимнастикалық қабырғада немесе жанындағы қалпы, іліну,
тірену, отыру, тұру т.б. қалпы;
– гимнастикалық қабырғадан қаншалықты жақын не қашық ьұрған қалпы,
жарты қадам, бір қадам, тіреліп т.б. тұрған қалпы;
– гимнастикалық қабырғаға қалай тұрған қалпы, бет түзеп тұруы,
арқасымен тұруы, қырымен тұруы т.б. қалпы;
– гимнастикалық қабырғаны
ұстау биіктігінің қалпы, яғни төменнен не
жоғарыдан нешінші төрткілдешті ұстап тұрғандығы, кеуде тұсы, бел тұсы,
басынан жоғары, қолы бүгіліген немесе түзу ұстаған күйі т.б.;
– гимнастикалық қабырғаның нешінші төрткілдешін аяғымен басып
тұрғандығы, аяғының ұшымен немесе тізесімен тірелуі т.б.
Бұл жазбаның маңыздылығы оқушының өмірінің
қауіпсіздігіне қатысты
және жаттығудың оқушының дене сымбатын дамытуға шынымен де септігін
тигізуі үшін, оның дұрыс және сауатты орындалуы тиіс екендігінен туындаған
талап.
Достарыңызбен бөлісу: