15
тақырыбымызға қажетті материалдарды іріктеу міндеті қойылады. Осы
жүйенің сапалы қалануына қажетті әдістер мен амал-тәсілдердің бүгінгі күнге
дейін қандай дәрежеде қолданылғаны және қаншалықты нәтижелерге қол
жеткізілгенін анықтау мақсатында, бастауыш сынып оқушыларына дене
шынықтыру сабақтары мен нақты жалпы дамыту жаттығуларын оқушыларға
меңгерту әдістемесінің даму жолына шолу жасап өту керек болады.
Ерте дәуірдегі дене шынықтыру мәселесін қарастыруға жұмысымызда
терең бойламай, бұл мәселенің қазақстандық және
шетелдік дене шынықтыру
әдістемесі тарихын зерттеген көптеген еңбектерде қарастырылғанын атап
өтеміз [31]. Бұл жерде тек ХІХ ғасырдың ортасына қарай Чехияда австриялық
басып алушыларға қарсы соколдық патриоттық қозғалыс пайда болғанына және
оның маңызы туралы қысқаша тоқталамыз.
«Сокол» қоғамының құрушысы Прага университетінің профессоры
Мирослав Тырш (1832-1884) болды. Өзіне дейінгі гимнастиканың барлық
жүйелерімен танысқан М.Тырш олардың барлығы Чехия үшін жарамсыз деп
санады. Елді ұлттық-азаттық көтеріліске дайындау мақсатымен М.Тырш
«соколдық гимнастика жүйесін» ойлап тапты.
Әрбір жаттығу оны орындаушыға физикалық күш қана емес, эмоциялық
көтеріңкі күй сыйлайтындай болуын ойластырған М.Тырш өзі жасаған
жаттығуларының негізіне снарядтармен орындайтын және еркін жаттығуларын
алды.
Осыларды комбинациялай орындау арқылы жаттығулардың элементтері
ретінде
пирамида құру, семсерлесу қимылдары, би мен акробатикалық
жаттығуларын алды. Ол элементтерді орындауда аяқтың ұшын және
саусақтарды алға қарай созу керек және ол жаттығуларды жедел және түп-түзу
орындау керектігі көрсетілген болатын.
«Сокол» қоғамдастығы М.Тырш жасап шығарған жаттығулар жүйесін
арнайы бағдарлама мен ережелер бойынша үйренуді мақсат тұтты. Соның
негізінде
гимнастикалық
жаттығулар
жүйесі
және
гимнастикалық
терминология жүйесі қалыптасты. Ал жаттығуларды орындауға үйрету
сабақтары үш кезеңнен құралатыны көрсетілді:
– дайындық кезеңі, ол сап жаттығуларынан, еркін және жалпы дамыту
жаттығуларынан тұрады;
– негізгі кезең, ол снарядтармен орындалатын жаттығулардан, тіреніп
секіруден, ұрыс жаттығуларынан тұрады;
– қорытынды кезең, ол жүру, жүгіру, ойыннан тұрады [32].
Бұл жаттығулар кеңестік дәуірдегі жалпы дамыту жаттығуларының негізін
құрауға алынғанын дене шынықтыру тарихын зерттеген ғалымдар атап өтеді.
Қазақстан кеңестік жүйеде болған кезеңдегі деректерді қарастыра отырып,
қазіргі бастауыш мектепте ұйымдастырылып өткізілетін дене шынықтыру
пәнінің мектептегі педагогикалық үдерістің табиғи бір компоненті ретінде
қалыптасу жолын көре аламыз.
Кеңестік дәуірдегі мектептің бастауыш сатысында дене шынықтыру
үдерісі баяулап қалыптасты. Деректерде 1923/1924 оқу жылдары Дене
16
шынықтырудың Жоғары Кеңесі барлық мектептерде дене шынықтыру пәні
міндетті пән ретінде енгізгені көрсетілген [33].
Дегенмен, дене шынықтыру пәнінің сапалы деңгейде өткізілуі ондаған
жылдарды керек еткені мәлім. Өйткені экономикалық қиындықтар, дене
шынықтыруға арналған арнайы
спорт залдарының болмауы, жалпы дене
шынықтыру пәнінің әдістемесі қалыптаспауы осындай қиындықтарды
тудырды. Осы жылдары баланың денесін шынықтыру мәселесіне қатысты түрлі
көзқарастар болғанын көреміз.
Бір көзқарас баланың дене тәрбиесі центризміне қатысты болды. Олар
баланың дене шынықтыру сабақтарының жайлы, жағымды ойын түрінде
өткізілуін қолдады.
Екінші медициналық бағыт бойынша, дене тәрбиесінің негіздері –
кондициялық гимнастика. Олардың айтуынша, емдік гимнастиканы мектеп
тәжірибесі мен спорт үйірмелерінің жалпы мазмұнына айналдыру керек. Сол
арқылы өндірістік ауруларды болдырмай, оқу мен дене тәрбиесінің арасында
берік байланыс орнатуға болады.
Ал гигиеналық бағытты ұстанушылар кеңестік дәуірден бұрынғы
эксплуатация мен салауатты емес өмір салты жұмысшылар мен олардың
балаларының
ағзасын әбден әлсіреткендіктен, гимнастикалық және спорт
әрекеттері олардың балаларын одан әрі әлсіретіп, денсаулығына тек зиян
келтіруі мүмкін деп санаған.
Осы кезеңде қоғамда дене шынықтыруды дамытудың арнайы бір формасы
қолға алынған. Ол – Дене тәрбиесінің шығармашылық Комитетінің қимыл-
қозғалыс жаттығуларының жаңа жүйесін ұсынуы. Ондағы талап бойынша
жаттығулар жүйесінің мазмұнында буржуазиялық жаттығулар, қимыл-қозғалыс
элементтері болмауы керек.
Жаттығулардың мазмұнына жұмысшы таптың қимыл-қозғалысына
еліктейтін стильге түсірілген қозғалыс түрлері әзірленіп ұсынылды. Атап
айтсақ, жаттығу қимыл-қозғалыстары көмір қазу қимылдарын, ағаш кесу
қимылдарын, ұсталық т.б. қимылдарын үйрету міндеттелді. Дене
шынықтырудың басты мазмұнында гимнастика, спорт,
қозғалыс ойындары
болды.
1927 жылы дене шынықтыру пәні бойынша бағдарлама жасалынды. Ол
кейінгі барлық бағдарламаға негіз ретінде қалаған әдістемелік-нормативтік
құжат болды. Мұнда бастауыш мектеп оқушыларына арналған дене
шынықтыру сабағы аптасына 3 рет өткізілуі көзделген. Сонымен бірге, осы
жылғы бағдарламада бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабағы 6 сериядан
тұруы белгіленеді:
Достарыңызбен бөлісу: