Артқы топ тармақтары: l) Tөc-бұғанаемізік тәрізді тармақ, r. sternocleidomastoideus (53-сурет), жарым-жартылай шүйде артериясынан, a. occipitalis, немесе бет артериясының басталган деңгейінен сыртқы ұйқы артериясынан басталып, т. sternocleidomastoideus қалыңдығына енеді.
2. Шүйде артериясы, a. occipitalis (53-сурет), артқа және жогары багытталады. Шүйде артериясынан келесі тармақтар тармақталады:
Бұлшықеттік гармақтар. rr. sternocleidomastoidei, жэне шүйдеге жақын орналасқан бұлшыкеттерді қанмен қамтамасыз етеді.
Емізік тәрізді тармақ, r. mastoideus - қатты ми қабыгына емізік тәрізді тесік арқылы кіретін ең жіңішке сабау.
в) Кұлақтық тармақ, r. auricular is, жоғары және алга багытталып, кұлақ қалқанының артқы бетін қанмен қамтамасыз етеді.
Шүйделік тармақтар, rr. occipitales, соңғы тармақтары. Тері мен . epicranius тың арасында орналасып, бір-бірімен және қарсылас жатқан аттас артерияларымен, сонымен катар арткы құлақ артериясы мен беткей самай артериясының тармактарымен анастомоз түзеді.
Қатты ми қабығыныц тармақтары, r, mеningeus, қатты ми қабыгына төбе тесігі арқылы кіретін жіңішке сабау.
3. Артқы құлақ артериясы, a. auricularis posterior, сыртқы ұйқы артериясынан басталатын ұсақ тамыр. Өз жолында бірнеше тармақтар береді:
а) Біз-емізік тэрізді артерия, a. stylomastoidea, бет өзегіне аттас тесік арқылы өтетін жіңішке тамыр. Өзекке дейін одан артқы дабыл артериясы, a. tympanica posterior, тармақталады. Ол дабыл қуысына тастық-дабыл саңылауы арқылы кіреді. Бет нерві өзегіне емізік тәрізді өсіндінің ұяшықтарына емізіктәрізді тармақгар, rr. mastoidei, және үзеңгілік бұлшықетке үзеңгілік тармақ, r. stapedius, береді.
б) Құлақтық тармақ, r. auricularis, құлақ қалқанының аргқы бетімен жүріп, оның алдыңғы бетіне тармақтар береді.
в) Шүйделік тармақ, r. occipitalis, емізік тәрізді өсінді негізімен артқа және жогары бағытгалып, шүйделік артерияныц тармактарымен анастомоз түзеді.
Медиалді топ тармақтары.
Жогарылаған жұтқыншақ артериясы, a. pharyngea ascendens, сыртқы ұйқы артериясыныц ішкі қабырғасынан басталады. Ол жогары багытталып, сырткы және ішкі ұйқы артерияларыныц арасында жатып, жүтқыншақтың бүйір қабырғасына жетеді. Келесі тармақтар береді:
а) Жұтқыншақтық тармақтар, rr рһаryngei, 2-3 есебінде жұтқыншақтың артқы қабырғасына бағытталып, оның артқы қабырғасын, таңдай бадамшасын, жұмсақ таңдай бөлігін және жартылай есту түтігін қанмен қамтамасыз етеді.
б) Артқы менингеалдық артерия, а. mеningea posterior, ішкі ұйқы артериясы, а. carotis interna, жолымен немесе foramen jugulare арқылы жогары көтеріліп, ми сауытына кіреді және мидың қатты қабығында тармақталады
в) Төменгі дабыл артериясы, a.tympanіса inferior, өте жіңішке сабау, дабыл қуысына apertura inferior canaliculi tympanici арқылы кіріп, оның шырышты қабығын қанмен қамтамасыз етеді