Оспэ 2024 анатомия


қадам - Сыртқы ұйқы артериясының тармақтарын схема түрінде сызып көрсетіңіз



бет12/17
Дата01.10.2024
өлшемі7,75 Mb.
#146310
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ОСПЭ 2024 АНАТОМИЯ

2 қадам - Сыртқы ұйқы артериясының тармақтарын схема түрінде сызып көрсетіңіз.







15 тапсырма


Жедел жәрдем бригадасы 65 жастағы ер адамды түнгі уақытта инспираторлы ентігу (тыныс алудың қиындауы), тұншығу, жөтел, қан түкіру, суық, ылғалды тері, акроцианоз (аяқ-қолдар, құлақтар, мұрын ұшының көкшіл түске боялуы) шағымдарымен үйінен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне әкелді. Жедел жәрдем бригадасы 130/95 мм қан қысымын тіркеді, ЭКГ тіркелген. Болжам диагноз: жедел жүрек жеткіліксіздігі.Бұл жағдай қандай мүше патологиясымен байланысты?




Анатомия: Жүректің өткізгіш жүйесіне сипаттама беріңіз.


1 қадам - Жүректің өткізгіш жүйесіне сипаттама беріңіз.

Миокардта ет талшықтарының екі түрі болады: жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер - жүректің өзіне ғана тән арнайы тін, және жүректің өткізгіш жүйесін құратын миоциттер - арнайы емес белсенді тип. Алғашқы аталған миоциттер жиырылуға бейімделген, ал екінші аталған миоциттер ешқандай әсер етпесе де өздігінен қозуға және қозу үрдісін өздері арқылы өткізуге бейімделген. Бейарнамалы миоциттер саркоплазмаға бай, олардың миофибрилдері аз, бірақ өте қозғыш, ет тінің эмбриондық жасушаларына ұқсас. Жүректің өткізгіш жүйесі осы миоциттерден тұрады. Олар топталып түйіндер құрайды.


Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады. Солардың бірі оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс венасы мен оң құлақша аралығында орналасқан синоатриалдық Кис-Флек түйіні, екіншісі-оң жүрекшке мен оң қарынша аралығында, жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық Ашофф-Тавар түйіні. Осы екі түйінді бір-бірімен және синоатриалдық түінді сол жүркешемен жалғастыратын жіпшелер - Бахман талшықтары.
Атривентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан, қаранша аралық пердеге қарай жақындаған жерде Гис шоғырыбасталады. Гис шоғыры қарынша аралық перденің жоғарғы жағында орналасады. Одан екі-оң және сол аяқшалар шығады. Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген эндокардтың астымен төмен қарай түседі де, жүрек ұшындағы қалың етке жетеді.
Одан әрі иіліп қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі бетімен бойлап жоғары қарай көтеріледі, жолшыбай осы арадағы еттерге, оның ішінде емізікше еттерге бұтақ тәрізденіп жайылады да, жеке Пуркинье талшықтарына айналады. Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалдық түйіннен басталып жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді.
бітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет