«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм


Тапсырма №7 Берілген шылау сөздерді кестеге толтырып жаз



бет16/27
Дата23.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#85857
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Тапсырма №7
Берілген шылау сөздерді кестеге толтырып жаз.
Алайда, дегенмен, біресе, бірде, кейде, не, немесе, себебі, өйткені, сондықтан, үшін, қабат, сайын, та,те, қой,ғой,ды, ді,ты, ті, ғана, қана, тек, түіл, тұрмақ, мен,бен, пен, да, де,та, те, және, бірақ, туралы, жөнінде, жайлы, арқылы, дейін, шейін, бері, кейін, бірге, қатар , тәрізді, ма, ме, ба,бе, па,пе, ақ,ау,ай,да, де.

Жалғаулық шылау сөздер

Септеулік шылау сөздер

Демеулік шылау
сөздер









25


Тапсырма №8
Сурет бойынша әңгімелес.




26

Одағай


Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жауарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.
Одағайдың түрлері
Одағай ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

  1. Көңіл-күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, режу, түңілу, өкіну, шошыну,назар аудару сияқты мәнді білдіреді.Олар: пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ,аһ,әй,еһе, әттең-ай,ой,қап, әттеген-ай т.б.

  2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек,жә т.б.

  3. Шақыру одағайлары мал, ит, құсты шақыру. Қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, ауқау-ауқау, пұшайт-пұшайт, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, кә-кә, пырс т.б.


Тапсырма №1
Одағай сөздерді тап, астын сыз.

  1. –Бәрекелді!

-Түу, сөз бар ма? Осы күнге дейін неге таппай жүрсің мені, қап!
2. – Мақара!Мынау нағыз масқара екен, шырағым.
- Иә,Сейіл, солай!
- УФ-ф! –деп күрсінді Кенжебек.
- Иә,иә! – деп шу етті оқушылар.

3.- Япыр-ау, осы сізге түсер олжа бар ма?


-Пәлі, пәлі, сөзіне!
-Бәрекелді, әбзелі сөз!
-Уа,сөз төресі осы да!.. –деп даурығып, мақтау айтқан Алшынбай.
Тапсырма №2
Берілген одағай сөздерді мағынасына қарай кестеге толтырып жаз.
пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, кә-кә, пырс, тәйт, тек, құрау-құрау, шөре-шөре, ауқау-ауқау, пұшайт-пұшайт, жә, әттең-ай,ой,қап, әттеген-ай, пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ,аһ,әй,еһе, әттең-ай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет