Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты психология және педагогика факультеті


Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерңн қалыптастыру жолдарының теориялық негіздері



бет2/7
Дата24.12.2022
өлшемі2,08 Mb.
#59424
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қарапайым математикалық түсініктер

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерңн қалыптастыру жолдарының теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері

Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру əдістемесі пəні педагогикалық ғылым жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды математиканы қабылдауға жəне меңгеруге дайындауға, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға көмектеседі.


Мектепке дейінгі педагогикадан шықан соң қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру əдістемесі жеке ғылыми жəне оқу саласы болып келеді. Оның зерттейтін пəні қоғамдық тəрбие жағдайында м.ж.д.б қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жүйесінің негізгі заңдылықтарын оқыту.
Əдістеменің шешетін міндеттері өте кең:
- əртүрлі жастағы балаларда сан туралы білім, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету, т.б түсініктерін қалыптастыру деңгейінін дамуына ғылыми негізделген бағдарламалық талаптар қояды;
- баланы балабақшада дайындауда мектепте математиканы меңгеруге негізгі материалдың мазмұнын анықтау;
- практикаға тиімді дидактикалық құралдарды, əдістер мен математика түсініктерін қалыптастыруда түрлі формаларды жобалау жəне еңгізу [1];
- балабақшада берілетін негізгі математикалық түсініктерді мектепе берілетін түсініктермен сабақтастығын орындау;
- мектепке дейінгі тəрбие беру жүйесінде құзыретті маман даярлау мазмұның жобалау;
- ата-аналарға жанұяда қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда ғылыми негізделген əдістемелік нұсқаулар жобалау.
Əдістеменің жалпы міндеті - жүйесінің дидактикалық негізін зерттеу жəне жобалау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуы деп оның қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру нəтижесінде таңымдық əрекетіндегі өзгерістерді жəне онымен байланысты логикалық операциялар жасай білуін санауға болады.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру - бұл бағдарламалық талаптармен қарастырылған білім беру, ақыл-ой əрекетінің əдіс-тəсілдері жəне меңгеруге бағытталған, ұйымдастырылған үрдіс.
Негізгі оның мақсаты-мектепте математиканы жақсы меңгеру дайындау болып ғана келмейді, сонымен қатар балаларды жан-жақты дамыту.
Баланың жеке басының қалыптасуы жəне оның ақыл –ойының өсуі əртүрлі əрекеттер процесінде жүзеге асады.
Бала өмірінің бірінші күнінен бастап өзінің дамуына ықпал жасайтын жəне онымен эмоциялық қатынаста болатын адамдардың қоршауында болады. Сондай- ақ баланы қасиеттері мен сапалары əр
түрлі көптеген заттар қоршап тұрады. Бөбектің өзін қошаған ортамен танысуы жəне қабылдаған обьектілеріне талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктері болатынын зерттеулер көрсетті. Бұл үнемі өзгеріп отыратын əрекет компонеттеріне (мысалы, тамақтандыру жағдайына) оның бейімделуін қамтамасыз етеді.
Əр түрлі өнімсіз жəне өнімді əрекеттер процесінде сəби жастағы балаларда өздерін қоршаған əлем жөнінде: заттар əлемінің əр түрлі белгілері мен қасиеттері – түсі, формасы, шамасы, заттардың кеңістіктегі орналасу, олардың саны туралы, сондай-ақ адамдардың қарым-қатынастары жөнінде (баланың өзіне, бір –біріне, айналасындағы заттарға жəне т.б.) түсініктер қалыптаса бастайды.
Элементар математикалық түсініктер мен алғашқы ұғымдардың қалыптасуына негіз болатын сенсорлық тəжірибе біртіндеп жинала береді.
Мынадай сұрақ туады: баланың өздігінен дамуына жағдай жасаған жөн бе немесе олардың қоршаған əлемді танып білу процесіне басшылық жасап отыру қажет пе? Енді бұл мүмкіндіктерді қалай барынша орынды пайдалануға болады деген жаңа мəселе туды. Оқыту мен даму проблемасын жаңаша қарастыру қажет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет