Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты психология және педагогика факультеті


Балабақшаларда интерактивті сабактарды дайындау және өткізу мүмкіндіктері



бет4/7
Дата24.12.2022
өлшемі2,08 Mb.
#59424
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қарапайым математикалық түсініктер

2.1 Балабақшаларда интерактивті сабактарды дайындау және өткізу мүмкіндіктері

Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін. Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау [5].


Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді. Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.
Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:
-зейінің дамытуда;
-есте сақтау қабілетін дамытуда;
-ойлау қабілетін дамытуда;
-тілің;
-жеке тұлғасың дамытуда [7];
-оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда.
Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік сауаттылық емес, сонымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың онай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өндей алады, ал көру органдары «қосылғанда» 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті болады.
Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді орындайды:
-балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту;
-сауық және ойын орталығы;
-мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады;
-балаларға және тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар туғызады;
-балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен таныстырады [8].
Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді. Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады. Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.
Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:
-компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі;
-Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану;
-интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар мен оқыту бағдарламаларын тауып алу).
Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігіне өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін тек қана сауатты сабақ сабақ жоспарлап керекті материалдады дайындау керек.Тәрбиеші интерактивті тақтаны сабақта бірнеше рет пайдалана алады. Қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы әрі уақыт үнемдейді.Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивті тақтаны пайдаланатын тәрбиешілер ғана айта алады. Қызметтестер мен бірге отырып сабақ дайындау арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады бұл теқ қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. Тәрбиешілердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлаиа\мса жартылай жұмысын атқарады. Мысалы:белгідлі бір маатериалды интерактьивті тақтада орындау арқылы файлдағы белгілер мен өзгерістерді сақтап қалуға болады. Бұны сабақ болмай қалған балаларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тпғыда қолдануға болады. Интерактивті тақтаны дұрыс түсіну керек ол сиқыршыны\ң таяғы емес [9]. Мектеп жасына дейінігі баларлармен компьютерді интерактивті тақталарды қолдану әдістемесін қолдана отырып, баланаы мектепке даярлау барысында кездесіп жататын көп деген мәселерді шешуге болады. Бағдарламаның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік салауаттылыққа үйрете отырып логикалық интелектуалдық және танымдық қабіллеттерін дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет