Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты психология және педагогика факультеті



бет6/7
Дата24.12.2022
өлшемі2,08 Mb.
#59424
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қарапайым математикалық түсініктер

Карлсон ұшып кіреді (музыкалық сүйемелдеу):
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен сіздерге дәмді нәрселер әкелдім,
Тосап емес, сусын емес.
Ал дәмді кәмпиттер!
Топтағы балалар, кәмпиттен алыңыздар!



Сурет 19. Есіктен шармен ұшып келген қуыршақ Карлсон
Қорытынды

Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды, Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.


Математика сабағында баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек:
- берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек ;
- есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек;
- балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны белгілі бір бағытқа жетелеу, ұстазпарызы. Шығармашылық жаттығулар балалардан тек қана математикадан білім емес күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Балалардың байғақыштығын дамытуға негізделген логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. «Ойлау-логиканың заңдылықтармен формаларына бағынады.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді. Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.
Қорыта келе: күн әлемді жарықпен жылумен нұрландырса, өз еліміздің мәртебесінің биіктеуіне біздің жас ұрпағымыз өз үлесін қосамын деп сенемін.
1. Оқутудың қай түрін қолдансақ та ең бастысы – балаға деген сенім, баланың өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оған деген сенімді арттыру.
2. Жаңа технологияның талаптарына сай тәрбиешіге арналған әдістемелік кітаптар және балалардың жазылуына жаңа типтегі оқулықтар қажет.
3. Бұл айтылғандар жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқада талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжірибемізден анықтай беретінімізге сенемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет