Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, «Тобыл орта мектебі» кмм қазақ тілі мен әдебиеті пәні



Дата26.12.2023
өлшемі22,45 Kb.
#143720

Қостанай облысы,
Бейімбет Майлин ауданы,
«Тобыл орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Нурсейтова М.Ж


Ш.Уәлихановтың өмірі мен мұрасы: ескі сұрақтарға жаңа жауаптар.


Шоқан болып танылған, Уәлиханов Шыңғысұлы Мұхамедханафия - қазақтың шоқ жұлдызы ретіндегі өз дәуірінің әлемге танымал жас ғалымы. Өйткені, оның әр маржан сөзі мен көркем сыны, тәжірибелі сабағы мен зерттеу жинағы мәңгілік мұра. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі десек, аз ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан еңбекқор зерттеуші. Бүгінгі ғылымда оның зерттеу жұмыстары жоғары бағаланған жазбалардың қатарында екенін айқын білеміз. Мектеп қабырғасынан Абылайханнан тараған ұрпағы екенін, оның Сырымбет тауының бөктерінде балалық шағы өткенін біле келе, қазіргі буынға өз білгенімізді толықтыра жеткізудеміз. Алғашқы білімін туған ауылы Құсмұрында алғанымен, балалық шағы далада өткен Шоқан араб, парсы, қазақ тілдерін, сонымен қатар сурет, шығыс поэзиясын оқиды. Әкесі - Шыңғыс Уалиханов - аға сұлтан, әрі полковник шенінде болған білімді адам. Атасы - Абылайдың көптеген ұлдарының бірі, Орта жүздің соңғы ханы. Әжесі Айғаным білімді, бірнеше тіл білетін әйел. Жалпы әжесі де, әкесі де баланың бойына өз халқының дәстүрлерін білуге ​​және зерттеуге деген сүйіспеншілікті дарытқанынан болар, Шоқан кішкентайынан зеректігін байқатты. 12 жасар ұлын әкесі сол заманның ең таңдаулы оқу орны болған Сібір кадет корпусына орналастырған күннен болашағына атқарған рөлі қалыптасқан. Сол кадет корпусында Шоқанның ой-өрісінің тереңдігін, өзімен оқыған балалар арасындағы абыройлылығын, тілді тез меңгеріп, зерек болғандығын мақтан ете келе, досы Потанин де орыс жолдастарын басып озғандығын айтқан. Зеректігін байқатқан ол, Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында саналы, терең ойлы, жан-жақты іскер, әрі білімді, көзқарасы тереңнен қалыптасқан, халқының керек-жарақтарын тауып, зерттеп түсінген. Көбіне демалыс уақыттарында ел аузынан тараған ауыз әдебиеті үлгілерін және жыр-дастандарды жинақтаған. Оның алғашқы жазған шығармаларының бірі лиро-эпостық жыр «Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры», және ең көлемді жыр «Ер Көкше». Оның қолжазбасында «Едіге» жырының да нұсқасы бар. Ал «Абылай туралы жыр» шығармаларының ең көрнектісі, сонымен қатар «Он сегізінші ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз-әңгімелер» деген еңбегінде маңызды деректер сақталған. Сол дәуірдің белгілі қайраткерлері жайында он төрт әңгіме берілген. Сол әңгімелерде Абылайға, Бөгенбайға, Жанатайға, Сырымбетке, Жәнібекке, Байғазыға, Оразымбетке, Елшібекке, Малайсарыға, Баянға қатысты сөздер болады. Қалмақ ханы Қалден Церенмен болған соғыстар мен қарым-қатынастар жөнінде мәліметтер бар. Соған қарағанда қазақ хандығы тұсында да сауаттылық, саяси мәдениет өз деңгейінде қалыптасқан. Оны сол тұстағы батырлар мен билер, хандар мен сұлтандар айғақтайды. Демек, қазіргі таңда бізге үлкен мұра ретінде қалдырушы Шоқан біз үшін өте құнды дерек жинақтаған. «Тоқтамыс жарлықтары» ғылыми ізденісі шығыстанушы ғалым Н.И. Березиннің сұрауымен кейбір сөздерінің мәнін анықтауымен аңғарылады. Ол тек қазақ тілі ғана емес түркі-монгол көлеміндегі тілдерге де жіті көңіл бөліп, оны зерттеумен айналысқан. Айтар болсақ, ол «орда», «оң қол, сол қол», «майсара» секілді сөздерді өзге ұлтқа түсіндіріп бере алуының өзі білімдарлықтығын көрсеткені. «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» деген еңбектің аса маңыздысы өлең жанрының ерекшелігін ашып, сипаттама беріп, жіктей алды. Міне, қазақ фольклортану тарихындағы жемісті жеңісі осылай болғаны, оның ғылыми нәтижесінің ізденісін көрсетті. Ол тек қазақ поэзиясын зерттеуімен ғана емес, қырғыз поэзиясын зерттеуімен көзге көрінді. Үш топқа бөліп қарастырған қырғыз фольклорын алитерация мен ассонстың жиі кездесетінін айтқан. Ол қырғыздардың «Манас» жырына сахараның» Илиадасына» ұқсайтынын айтады. Жырдың қызықты жерін жазып алуы мен орыс тіліне аударуы мәңгі өшпейтін тарихи шежіре болып қалды. Көрші қырғыз елі біздің танымал этнограф, жерлес ғалымымыз Шоқанды өз қайраткерлерінің қатарына үндестіріп қойған, әрі құрметтейді. Ол іскер шығыстанушы, әлемге танымал болуының себебі, оның демократтық, гуманистік, ағартушылық көзқарасына байланысты. Шығыс елдері тарихын, тілін танып, зерттеу оның игі бастамалары болып отырды. Қысқа ғұмырында орыс еліне шығыс тарапынан ғылыми көзқарасы мен еңбектерімен көзге ілініп, дүниетанымын және заман мәселелерін түсінуімен дарынды болған тұңғыш ғалым, саясаттанушы, фольклорист деп танылған. Жалпы, Шоқанның қазақ халқының тарихы туралы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Ол шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды ғалым сипатында да, суреткер көзімен де бағалай білген. Халық мұрасының қалдырған сабақтарын ел мүддесіне таратуда, өркениеттің даңғыл жолына түсу қажеттіктеріне жаратып, оқу-білім және ғылым жүйесіне мол мұра қалдырды. Өзі кешкен ғұмырдың және оған дейінгі ғұмырдың тарихи әлеуметтік, көркем әдебиеттік сабақтастығынан туындаған құбылыстарды қазіргі таңдағы жастар үшін жеткізгендей болды. Әдебиет және оның теориясы жөнінде тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз елінің тіршілігі мен дамуына әсер етуімен қатар, әдебиетті құрастырушы ғана емес, оны қоғамдық әлеуметтік өмірге сәйкестендіруші ретінде атқарған рөлі де зор. Халық арасындағы сөз өнерінің ерекшелігін, ол адамдарды тәрбиелейді деп түсініп, дәстүрлерді назарға ала отырып, жастар жеп-ішер мінез, айлакерліктен бойын аулақ ұстауға шақырады. Адамгершілікке тән емес жексұрын қасиеттердің қажет еместігі, адам етуден қалдыратындығын айтқан. Ал оны айтушы, тәрбиелеуші халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері деп тұжырымдайды. Демек, Шоқан Уәлихановтың көп салалы, әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық философиялық, ағартушылық көзқарасы өз заманымен салыстырғанда әлдеқайда биік болғанын көрсетеді.
Ш.Уәлихановтың өмірі мен мұрасы: ескі сұрақтарға жаңа жауаптар барысында ғаламтор желісінен Шоқан Уәлиханов турасында бес деректі бағдарласақ::
1. Шоқан Уәлихановтың сүйікті авторлары – Диккенс пен Теккерей.
12 жасқа дейін Шоқан орыс тілін білмеген, тиісінше, әлемдік әдебиетті оқуға мүмкіндігі болмаған. Омбы кадет корпусына кіргеннен кейін ғана аталмыш авторларды зерттей бастайды. «Шоқан тез жетілді, орыс жолдастарына шаң қаптырып кетіп отырды. Олар Шоқанға қызыға қарайтын. Ол өте қабілетті еді, оқуға түспес бұрын да сурет салды», - деп еске алады Г. Потанин.
2. Шоқан Уәлиханов әзілқой, сәнқой болған. Тарих пен мәдениеттің ұлы білгірі ретінде Шоқан өзіне әдемі мүсіншелер сатып алудан, сирек кездесетін кітаптар сатып алудан бас тартқан жоқ және үлкен сәнқой болған.«Шоқан әрқашан ұқыпты киініп жүрді; қыста ол құндыз жағалы әскери пальтода жүрді, тырнақтарына дейін ұқыптылықпен қарап, бір саусағындағы тырнақты «қытайша» өсірді. Шоқан әдемі заттарды өте жақсы көрді. Алайда ол заттарды бағасына қарап емес, суреті үшін, бейнеленген ой үшін таңдайтын», - деп жазады ол туралы Жарылқап Бейсенбайұлы.
3. Айғаным әжесінің маноры Шоқан Уәлихановтың суреттері бойынша қалпына келтірілді. Айғаным қонысы – Солтүстік Қазақстанның ең көрнекті туристік жерлерінің бірі. Бұл көркем шатқалда XIX ғасырдың басында император Александр I жарлығымен Уәли ханның жесіріне арналған манор салынды. Үлкен қоршалған аулада қонақ бөлмесі бар үй, қызметшілерге арналған үй, мектеп, мешіт, медресе, монша және тұрмыстық қосымшалар болды.
4. Шоқан жары Айсарамен алты ай ғана өмір сүрді. Уәлихановтың өмірінің соңғы жылы оның өмірбаянында аз зерттелген. Верныйдан Омбыға барар жолда ол өзін нашар сезініп, Алтынемел пикетіне жақын сұлтан-полковник Тезек Нұралиннің ауылына түседі. Сол ауылда шамамен бір жыл қоныстанып қалады. Біраз уақыттан кейін денсаулығына байланысты оған осы ауылда қалып, Қытайдағы мұсылмандардың ұлт-азаттық қозғалысының дамуы туралы ақпарат жинау ұсынылды. Бірақ бұл ауылда Шоқан Уәлихановты ұстап тұрған жұмысы ғана емес, Тезек сұлтанның немере ағасы Көшен Ералиннің қызы, дала сұлуы Айсара болатын. Күзде олардың некелері қиылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың некесі ұзақ уақытқа созылмады. Жарты жылдан кейін Шоқан Уәлиханов қайтыс болды. Олардың балалары болмады. Ал Айсара, әменгерлік дәстүр бойынша, ағасы Жақыпқа әйел болды.
5. Шоқан өлімінің құпиясы. Шоқан Уәлиханов туберкулездің ашық түрінен қайтыс болды деп есептеледі. Алайда, қазіргі зерттеушілер бұл нұсқаны күмәнді деп санайды. Ол қымызды өте жақсы көретін, ал қымыз туберкулездің бетін қайтаратыны белгілі. Шоқанның замандастары да «ауруға» сенімсіздікпен қарады. «Сібір әкімшілігі оның Санкт-Петербургте патшамен танысқанына, патшаның оң қабақ танытқанына ренжіді», - деп жазады А. Гейнс. «Барлық деректер құпия күйінде қалды. Бірақ бұл аздаған үзінділер Уәлихановтың империяның шет-шетіне қуғындалып, кейіннен уланып өлтірілгенін көрсетеді», - деп есептейді Дастан Елдесов.. Қалай болғанда да, ұлы ғалымның өлімінің құпиясы әлі ашылған жоқ.
Осы деректерді зерлеп қарасақ, жай ақпарат емес-ау дейміз! Қорыта айтқанда, өз заманының феномені делінген Шоқан Уәлиханов жайында мына ссылкада https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019... КТК телеарнасы тың ақпарат порталдарын ұсынады. Отыз жыл өмір сүріп артына өшпес мұра қалдырған қазақ даласының қаһарман ғалымы Шоқанның құпияға толы өмірі мен өлімі туралы көптеген ескі сұрақтарға жауап табылғандай ел ішінде тың жаңалықтар тарап жатыр. Алайда біз үшін маңыздысы, ол өшпес мұраны елі үшін жинақтап, зерттегені ақиқат. Мол еңбегінің жемісін зерттеп әлі де Шоқан Уәлихановтай жалғасын табар жас ғалымдар жасай бермек. Жерлесіміздің еңбегі ерен, шежіресі мол екенін баяндай келе, жатқан жері жарық болсын галым баба дегім келеді...Ел есінде, Ер есімі мәңгі қалмақ, ұлы даламыздың қыраны аспанда қалықтап жүр. Өскелең ұрпақ елеусіз қалдырмайтын еңбегін әлі-ақ, аңыз қып айта түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Исмаилов Иминов, Орденбек Мазбаев «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» 2016 жыл

  2. Уәлихан Құлбаев. «Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер»

  3. Асылбек Жаңбырбай «Қазақ поэзиясының түрлері жөнінде»

  4. Пиалаш Сүйінкина «Шоқан Уәлихаов – 185» Даланың дара дарыны»

  5. «Абай» энциклопедиясы566 -567 беттер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет