Күтілетін нәтиже: - мемлекеттік тілге құрмет сезімін және Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады;
- қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;
- қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;
- сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құру, айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;
- жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;
- тұрмыстық, оқу, әлеуметттік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларда туындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады;
- меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;
- қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;
- тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.