Отамалы (әңгіме)


Отамалы енді мықтап тоңа бастады. Жаңа кешке қарай басталған боран жылы бола ма деп еді, бірақ уақыт өткен сайын аяз біз тұмсығын тізеге батыра түсті



бет18/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
OTAMALY

Отамалы енді мықтап тоңа бастады. Жаңа кешке қарай басталған боран жылы бола ма деп еді, бірақ уақыт өткен сайын аяз біз тұмсығын тізеге батыра түсті.

Қойлар түнімен ықты. Бұларға бағыт беріп те, айдап та, адастырып та келе жатырған — сол жел. Ақ боранмен бірге ойнақтасқан жел таңға жақын төсін жазғандай. Ақырында ашулы ызамен төбелердің бауырынан түнді де дүркірете ысырып, ық жаққа ұшырып алып кетті. Таң Отамалыны мыңдаған қылыштардың суылымен қарсы алды. Бейне оның маңайында мың сан қол көрінбейтін қылыштарын жалаңдатып, бірін-бірі аяусыз турап жүргендей.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет