Отамалы (әңгіме)


«Лашығым көміліп қалды-ау»



бет16/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
OTAMALY

«Лашығым көміліп қалды-ау».

Отамалы байдың ақ үйін көз алдына бір елестетіп өтті. Шұбат ішіп отырған бай, оның зереңге малынған қара мұрты көз алдына келіп тұрып алды.

Осы кезде қойлар жапатармағай маңырап кетті. Олар бір топ бұтаның арасына кірген екен. Отамалының көз алдындағы мұрт жоғалып кетті. Жыра я ықтасын кездесті ме деп үміттеніп қалды. Бірақ бұталардың арасында қар қалың екен және ықтасын боларлық биік те емес — жел айдаған қойлар, Отамалы, ит — бәрі малтығып, панасы жоқ бұталардың жанынан жүзіп өте шықты.

Қараңғы тартып барады. Отамалының көзінің алды қара мұнарланып, түнеріңкірей бастады. Жердегі қардың да, ұшып бара жатқан ақ мұнардың да жүздеріне сынық енген. Түнге дейін тоқталмаса, тағы қиын. Әсіресе, түнде қайда бара жатқаныңды білмейсің. Бірақ бәрі бір емес пе? Күндіз болғанымен, қазір не көрініп, не айырылып жатыр ...

Отамалы кеше кештен бері тамақ ішпегенін есіне алды. Әрине, қызулықтан, жүрістен, қауіптен әлі ол аштық туралы ойлаған жоқ, қарнының да ашқанын сезген жоқ, бірақ бір күн тамақ ішпегендігін есіне алды да қойды. Белбеуін тағы да тартыңқырап буып, қымтанып алды да, тізеден қар кешіп, алға жылжи берді. Қойлар күндізгі үрдіс жүрісін қойған, жел қанша қатты болса да, жай жүріп келеді. Өйткені қар қойлардың жүрісіне қиындық келтіре бастап еді. Және даланың биік шөптері де қарды тұта берген. Отамалының көзінің алдында мыңдаған дөңгелектер ойнап, маңай қарауытып, өзгере берді. Боранның басылатын түрі жоқ. Жер бетін жалап, ызылдап, ысқырып тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет