Отамалы (әңгіме)


Желмен бірге жеткен шер далаға мынаны айтады деседі қариялар



бет2/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Желмен бірге жеткен шер далаға мынаны айтады деседі қариялар.

 *  *  *



Ертеде қазақ даласын борандар мен аңызақтар, жұт пен қасқырлар, сосын... аздаған қазақтар жайлайтын. Қазақтың даласы төбелерден тұратын. Әр төбенің баурайында тілін жалаңдатып жұт жортатын. Әр төбенің ар жағынан қамшыдай суырылып шығып боран ышқынатын. Әр төбенің астында қасқыр жататын. Сол көп төбелердің бірінің баурайында Отамалы деген қойшы өмір сүрген екен.

 *  *  *



Отамалы қолына таяғын алып, кішкене лашықтан далаға шықты. Күн шапыраштанып, қып-қызыл болып батып бара жатыр екен. Көзін қысыңқырай оған біраз қарады. Ішінен бірдемелерді айтып күбірледі. Басын шайқады. Әлі оты сөнбеген көздерін аспан ортасында аударып, оны да барлап қарады. Алыстағы жардың басында бір топ қарға шуласып жүр екен. Ол басын тағы шайқады.

Ақырында орнынан қозғалып, анадай жерде тұрған аппақ киіз үйге беттеді. Ақ үйдің ар жағындағы төбелердің бауырында бір топ қой жатыр. Жер беті түгел жалаңаштанған. Күнгей жақ беттері көгере бастаған. Көктемнің көңілді сулары жер бетін шыжбайлап өткелі де көп болмаған — әр жерден-ақ үлкенді-кішілі жыралар, жаңа сайлар көзге ілігеді.

Отамалының артынан ұзын құйрықты ала төбеті еріп келеді. Оның құлағы түйежапырақ сияқты салбыраңқы.

Отамалы ақ үйге жетті. Үйге кірместен бұрын, бұрылып күнге тағы қарады. «Ұнамайды ...» деп күбір еткендей болды, бірақ ерні онша қозғалып жарымады. Иті қожайынның ыңғайына жығылғандай, о да күнге қарап біраз тұрды. Бірақ басын шайқаған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет