Отамалы (әңгіме)


Қара мұртты шұбатын ішіп болды. Зереңді кішірек қызына ұстатты да, мұртын біраз сүртіп отырды. Содан кейін көзін қысыңқырай Отамалыға қарады



бет4/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Қара мұртты шұбатын ішіп болды. Зереңді кішірек қызына ұстатты да, мұртын біраз сүртіп отырды. Содан кейін көзін қысыңқырай Отамалыға қарады:

—   Отамалы намаздыгерде келмейтін...

—   Иә, байеке, Отамалы намаздыгерде келмейтін, — деді Отамалы да. Аз үзілістен кейін: — Бүгін Отамалы намаздыгерде келіп отыр, — деді сөзін бөліп-бөліп.

—   Отамалы намаздыгерде етігін жамайтын я қойын қайыратын. Қойларын түнгі өріске алып шығуға дайындалатын.

Дұрыс, байеке. Намаздыгерде Отамалы етігін жамайды, байеке намазын оқиды, қарға ұясына кіреді. Бірақ бүгін Отамалы етігін жамаған жоқ. Бүгін кешке қарай қарға ұясына кірмей, қиналып біраз ұшты... Отамалыға киім керек. Ертең күн суық болады... Бүгін түн суық болады...

—   Оны Отамалыға кім айтты?

—   Оны Отамалыға батып бара жатқан күн айтты.

—   Күн батып кетті ме?

—   Иә...

—   Ендеше, Отамалы мазасызданбасын. Күн айтты да кетті, ал Отамалы қойын өріске айдап шығуы керек. Күн айтады да кетеді, ол түнде Отамалының қойын өріске айдасып апарып тастамайды.

—   Отамалының үйінде ештеңе жоқ. Отамалыға қалың тон керек.

—   Отамалыға көктем берілді.

—   Отамалыға тамақ керек.

—   Отамалыға жылы түн берілді.

—   Отамалыға байпақты етік керек.

—   Отамалыға бусанған жер берілді.

—   Отамалыға жақсы ат керек.

—   Отамалыға екі аяқ, бір таяқ берілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет