Отамалы (әңгіме)


Отамалы түнеріп қалды. Қастары көзін жауып отыр. Бірер сәттен кейін ғана ол жай дауыспен



бет5/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
OTAMALY

Отамалы түнеріп қалды. Қастары көзін жауып отыр. Бірер сәттен кейін ғана ол жай дауыспен:

—   Отамалы түнде қойларды өріске шығармайды. Отамалы қойларды күндіз жаяды, — деді.

—   Отамалыға мың жұлдыз берілді!

—   Жұлдыздарды бұлт бүркейді.

—   Отамалыға төбелер берілді.

—   Төбелерді тұман бүркейді.

—   Отамалыға жыралар, сайлар берілді.

—   Жыра-сайларды қар жабады.

—   Отамалының жағына жылан жұмыртқалап, тамағына тышқан індесін!

—   Күн суық болады! Түн суық болады! Қойлар ығып кетеді. Отамалы қойларды өріске шығармайды!



Байдың көзі шапыраштанып кетті:

—   Қазірден бастап Отамалы қойға кетеді!



Отамалы үндеген жоқ. Бірақ бұ жолы көзін төмен салмай, байға қарап отыр.Түйіліңкірей, сынай қарағандай. Аспанда жүрген бүркіттің төмендегі жәндіктерге байыппен көз жібергеніндей ғана.

—   О, Жапан, мен айтып болдым! — деді.



Осы кезде ұршығын тоқтатып қойып, манадан әңгімеге құлақ түріп отырған әйел шап ете түсті:

—   Ендеше, Жапан да болды! Айтты ғой саған. Немене, тісіңді тіреу, жағыңды сүйеу қылып!



Отамалы әйел жаққа қараған жоқ. Тек Жапан әйеліне бірдеме дер ме екен деп күтіп еді, бірақ ол қоштағандай үндемей қалды. Сосын Отамалы жайлап түрегелді де, далаға шықты. Есіктің алдында иті мұны күтіп тұр екен. Иесін көріп, құйрығын жалқау бұлғаңдатты.

Дала қараңғыланып қалыпты. Темірқазық. Жетіқарақшылар көріне бастаған. Олар бір жанып, бір сөніп, селк-селк етеді. Ауа салқын. Жер беті сәл тоңазып, кілегейлене қататын түрі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет