Аспандағы ауа қатып қалған. Жел ышқынып кеткен. Қазақ даласының барлық бүркіттері де осы жерге келіп, қанат-құйрықтары суылдасып құйылып, құлап жатқандай.
Отамалының демі тарылып, көмейіне суық толып кетті. Шапанын сыпырған болып, қозы жатқан жерді жапқыштап жүр. Саулық алдыңғы екі аяғын бүгіп жата қалып, басын қарға тығып өліп барады. Мұны көріп ол жылағысы келіп кетті. Бірақ көзінен жас шықпады.