«Отан тарихының өзекті мәселелері» пәні бойынша 50114 «Тарих» мамандығының курс студенттеріне арналған



бет47/72
Дата20.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#25948
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
«Мұрагер» ЖШС Семейдің тігін фабрикасы 1969 жылы құрылған. Фабрика қызметінің негізгі түрлерінің бірі жоғарғы сапалы экологиялық- таза түйе жүнінен және жүннен сырылған көрпелерді шығару болып табылады. Жалпы 150 атаудан тұратын өнімдер жиынтығы: төсек-орын жабдықтары, арнайы жұмыс киімдері, медициналық, комуфляж, униформа, әйел-ерлер киімдері, жастықтар және төсеніштер шығарылады.
Фабрика құрылымында қазіргі уақытта іріктейтін, жуатын, жүн түтетін цехтар жұмыс істейді. Жаңа өнімдерді дайындау үшін эксперименттік цех іске қосылды.

«Семейдің ұн-құрама жем зауыты» АҚ өзінің тарихын 1929 жылдан бастайды, Ертіс өзенінің сол жағалауындағы бос тұрған орынға аумағы 8 мың тонна құрайтын бірінші монолитті темір бетон элеваторы тұрғызылды, одан кейін «Макдональд» американдық фирма жобасымен зауыт салынды. Қазіргі уақытта «Семейдің ұн-құрама жем зауыты» АҚ республикамыздың ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Ұн зауыты қазіргі пневматикалық көліктермен қамтылған. Мұнда ұнды сақтайтын қойма, элеватор бар. Құрама жем зауыты ұнтақталған, кесектелген түрдегі құстар мен аңдарға, балықтарға арналған қоспа жемдерді дайындайды. Зертхана қазіргі заман талабына сай компьютерлермен жабдықталған. Олар дайын өнімдерге және шикі заттарға қорытынды жасайды. Зертхана сертификат алу құқығына ие болу үшін аттестациядан өткен. Элеватор өндірісі 180 мың тонна дәнді сыйғыза алады. Темір жолмен, автокөлікпен келген дәнді –дақылдарды қабылдауға мүмкіндігі бар және оларды әрі қарай өндіреді. Элеватор түгелдей механизацияландырылған. Элеваторды басқару орталық диспетчерлік пункпен жүзеге асырылады. Ет комбинатынан басқа сүт өнімдерін, нан зауыттары, шарап-арақ, сыра және алкоголсіз сусындар өнімдерін шығаратын кәсіпорындар қызмет

жасайды.

«Семей азық-түлік өнімдері комбинаты» ЖШС сүт өндірісін енгізгеннен кейін соңғы жылдары сүт өнімдерін шығару 3,1 есеге өсті. Біздің қаламызда кіші және орта бизнесті дамыту бағдарламасы ойдағыдай орындалып келеді. Бұған кәсіпкерлердің ұсынған жобаларын несиелеу өз тиімділігін тигізді. Несиелеу көлемі жылдан-жылға артып келеді.


Семей аймағында Қазақстанның барлық ұлттарының өкілдері тұрады. Мұнда қоғамдық ұлттық-мәдени бірлестіктер құрылып және жұмыс істейді, олардың негізгі мақсаты - бейбітшілікті сақтау, ұлтаралық қатынастар келісімінде болу, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру және халықтың өзара сыйласымдылығы болып табылады.
Семейде 10 газет шығарылады, «Абай» және «Аманат» журналдарынаң екі редакциясы бар, халықаралық Абай клубы жұмыс істейді. Осы Абай жерінде 200 томдық бүкіл әлемдік әдебиет басылымы шығарыла бастады. Осындай кішкене Семей қаласында алғашқы рет әлемдік әдебиет шығарылмақшы. Осы жобаның маңыздылығын Президент Н.Ә.Назарбаевтың өзі атап айтқан. Алғашқы басылым жинақтары қазақ және орыс тілдерінде шығарылды. Кейін әлемнің басқа тілдерінде жарыққа шықпақшы. Қаламыз өзінің аса бай ғылыми потенциалымен, жаңадан ашылған жоғары оқу орындары мен филиалдарында республика үшін сұраныстағы жоғары білікті мамандарды дайындауда аса танымал.
Семей қаласының көз тартарлық тарихи-сәулетті ескерткіштері болып: Ямышевск қақпасы, мешіттер, Воскресенский Соборы, Знаменка-Петропавл монастрьі (бұрынғы Қырғаз миссиясы), православ кішкене шіркеуі, губернатор үйі, облыстық кітапхана ғимараты, Абай тұрған үй, көпес Степановтың үйі, мұғалімдер семинариясы ғимараты, №1 Чернышевский атындағы орта мектеп ғимараты және т.б.
Қаламыздың визит карточкасы болып кеңес одағы елдерінде бірінші, ал әлем бойынша 17-ші орында тұрған Ертіс өзенімен өтетін аспалы көпір және ядролық сынақтан зардап шеккендерге арналған «Өлімнен де күшті» монументі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет