Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Жұмабаев М. Педагогика –Алматы, 1992 ж.
193
2. Төлеубекова Р.К. «Адамгершілік тәрбиесінің негіздері» -
Алматы 1998.
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТАЛАСПАЕВА М.
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология»
мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ЕДІГЕНОВА А.Ж.
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология
кафедрасының доценті, п.ғ.к.
Қарым- қатынас мәселесі педагогика және психология
ғылымында маңызды және күрделі мәселелердің қатарына жатады.
Қарым – қатынас ол адамның жеке басының дамуында, қалыптасуында
үлкен рөл атқарады. Біз қарым-қатынас барысында серіктесімізге
өзіміздің ойымызды, эмоция және әрекетіміз арқылы оған деген
қатынасымызды жеткіземіз. Қарым-қатынас ұғымы
«қатынас»
ұғымымен байланыста қарастырылады. Қатынас – ортақ нәтижеге жету
мақсатында бірігіп келісуге бағытталған өзара әрекет процесі, ал қарым-
қатынас – жеке тұлғалардың арасындағы жеке қатынас. Қарым –
қатынас дегеніміз тіл арқылы пікір алысу және сөздің көмегімен жүзеге
асырылады. Оны вербальдық деп атайды. Ал, вербальды емес қарым –
қатынаста хабар алмасу қимыл, мимика, фантамимика арқылы жүзеге
асырылады.
Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде қарым-
қатынастың
зерттелуі
келесідей
қарастырады:
қарым-
қатынастың бірлескен іс-әрекеттегі тұлғаның танымдық іс-әрекетіне
әсерін С.М.Жақыпов, Н.Қ.Тоқсанбаева, қарым-қатынастың адамның
творчестволық іс-әрекетінің ерекшеліктеріне байланыстылығы С.Қ.
Бердібаева және шетел ғалымдары қарым-қатынасты феномен ретінде
қарастырған
А.А.Леонтьев,
қарым-қатынасты
оқытуды
жалпы
әдіснамалық тұрғыдан
көп
деңгейлі
талдаған
Б.Г.
Ананьев,
психологиядағы қарым-қатынас мәселесін Б.Ф.Ломов, адамдардың
бірлескен қарым-қатынастағы дара және топтық тәжірибелерін
психикалық процестер ретінде Н.Н.Обозова, қарым-қатынастың
вербалды емес жағын қарастырған В.А. Лабунская, А.Г. Асмолов.
Сондай-ақ
қарым-қатынасты
әлеуметтік
және
педагогикалық
психология тұрғысынан Е.Г.Луковская, Г.У.Солдатова, М.И.Лисина,
Э.Берн қарым-қатынас психологиясы А.М.Құдиярова, С.Елеусізова,
194
Е.Е.Смирнова, В.А.Горянин, вербалды емес қарым-қатынастың
гендерлік аспектілері З.М.Нуржанова, дене тілі Аллан Пиз, Барбара Пиз
және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Қарым-қатынасты зерттеу
мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі (М.И. Лисина, А.А.
Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Е.О. Смирнова т.б.) адамдардың басқаны танып
білуге ұмтылысы, ниет білдіруі, қажетсіну ерекшеліктері оның
танымдық белсенділігінің дамуымен түсіндіреді (Тұрдалиева Ш.Т.).
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және
дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын
өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi
байланысты сезiнедi.Соған сәйкес қарым-қатынас психологиясы
адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және
нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және
тұлғааралық қатынастар тәрізді сұрақтарды қарастырады. Бұлардың
барлығы адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму
деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң
әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас
тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi
тiкелей қатынастар арқылы игеремiз.
Қарым-қатынастың перцептивті процесстерге ықпалы ең
алдымен қабылданатын ақпараттың берілуі мен ұйымдастырылуында,
оны бағалау мен түзетуде, сонымен қатар бақылау бағдарларын
қалыптастыру мен субъективті шкалалар құру стратегиясында көрініс
табады. Әлеуметтік психологияда өзара әрекет – бұл қарым-
қатынастың үш
үйлестірушісінің
бірі.
Басқа
үйлестірушілер:
коммуникация, индивид немесе топ арасында ақпарат алмасу және
тұлға аралық қабылдау, түсіну ғана емес, кең көлемді – өзара
түсінісудің негізі ретінде адамдардың бірін бірі қабылдауы болып
табылады. Өзара әрекет – бірлескен іс-әрекетті ұйымдастырудың белгілі
формасы. Яғни, қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Себебі, қарым -
қатынас біріккен іс - әрекетте пайда болатын адамдар арасында
байланыс орнату және оны дамыту процесі болса, екіншіден,
тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінде қажеттіліктен пайда болған өзара
байланыс құралдарымен жүзеге асатын әрекет-қылықтары болады.
Психологтар өзара әрекеттесуші адамдардың сөйлеу іс-
әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын қарым-
қатынас процесіндегі адам психикасының дамуы туралы айтады. Олар:
тұлғаның психикалық процестері, күйлері және қасиеттері. Олай болса
адамдардың бірін бірі тануы мен түсінісуі тек сөйлеу әрекеті немесе
дауысы арқылы ғана емес, дене тілінде де көрініс табады.
195
Осы бағытта ол вербалды емес қарым-қатынас шеберлігі мен
мәдениетін дамытудың маңыздылығын көрсетті. Бұл күрделі де
маңызды мәселенің шешімін табу педагогикалық іс-әрекеттегі
тұлғалардың вербалды емес қарым–қатынас қабілетін зерттеу болып
табылады. Вербалды емес коммуникация дыбыстық сөзбен қатар
адамдардың қарым-қатынасының маңызды құралы болып табылады.
Вербалды емес коммуникация – бұл мәнерлі қозғалыс, ым, заттарды
қолдану. Оның құралы қарым-қатынас мүмкіндігін мәнерлі етеді және
ықшамдам едәуір кеңейтеді.
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалым-
дардың көпшілігі (М.И. Лисина, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Е.О.
Смирнова т.б.) адамдардың басқаны танып білуге ұмтылысы, ниет
білдіруі, қажетсіну ерекшеліктері оның танымдық белсенділігінің
дамуымен түсіндіреді.
Қарым-қатынас әрқашанда нақты-жағдаяттық сипатта болады
және оның қатысушылары арасында қатынас қалыптасуы бойынша
өтеді. Ал тіл адамның қарым-қатынасы, ойлауы және сөйлеуіне қызмет
ететін құралы ретінде анықталады. Тіл арқылы дүниені тану жүзеге
асырылады, тілде тұлғаның өзіндік санасы ақиқатталынады. Тіл
ақпаратты сақтау және жеткізу, сонымен қатар адам мінез-құлқын
басқарудың өзіндік әлеуметтік құралы болып табылады.
Қатысушылар әрекеттерінің уақыт бойынша үйлесімді болуы
қарым-қатынас процесінің маңызды сипаты болып табылады. Қарым-
қатынастың соңғы кезеңінде бірлескен іс-әрекет нәтижелерін
сәйкестендіру, оларды бақылау және түзеу жүзеге асырылады. Ол жеке
алғанда, қарым-қатынас процесінде түсініктер, шешімдер, принциптер
мен бірлескен әрекет стратегияларының үйлесімді қалыптасуынан
байқалады. Қарым-қатынас процесінің нақты динамикасы қарым-
қатынас тақырыбы мен оған қатысушы адамдар ерекшеліктеріне
байланысты. Қарым-қатынастың әрбір жас ерекшелігіне байланысты
өзіндік арнайы ерекшеліктері болады, олар қажеттілік-негізділік
аясының дамуымен анықталады.
Адамның алғашқы жылдары өзіне жақын ересек адамдармен
қарым-қатынасқа толы өтеді. Дүниеге келген жас нәресте өзінің бірде-
бір қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды – оны тамақтандырады,
шомылдырады, үстін жылы көрпемен жабады, бір жанынан екінші
жағына ауыстырады, оған түрлі ойыншықтарды көрсетеді. Өсе келе
және анағұрлым өзбеттілікке бейімделе бастағанда да, ол бәрібір
ересек адамдарға тәуелді болады, яғни олар жүруге үйретеді, қасық
ұстауға дағдыландырады, сөздерді дұрыс айтуға үйретеді, түрлі
текшелерден сарайлар қалауды көрсетеді және оның барлық «неге?»
196
деген сауалдарына жауап береді. Жас нәрестенің қарым-қатынасқа
деген ынтасы ерте, шамамен 1-2 айлық кезінде пайда болады. Мұны
психология ғылымында «жадырау» комплексі деп атайды. Ол анасына
жымия бастайды және анасын көрген кезде қуанады. Анасы (немесе
басқа жақын күтушісі) баласының бұл қажеттілігін толықтай
қанағаттандыру керек. Ересек адамдармен қажетті-эмоционалды
қарым-қатынас баланың көңілін көтереді, оның белсенділігін
арттырады, бұл баланың қимылын дамытуға, қабылдауы мен ойлауын,
сөйлеуін дамытуға қажет болып табылады.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады, оның
негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың
басқа түрлерi пайда болды. Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен
алшақтағы-олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген
сенімінің дәрежесіне байланысты.
Сонымен, қарым – қатынасты екі негізгі аспект ретінде
қарастыруға болады, біріншісі, адамдармен қарым – қатынасқа түсе
отырып, түрлі қасиеттерге ие болу, екіншісі, өзін тыңдау. Осының
барысында адамдар арасындағы қарым – қатынастар бірнеше қызмет
атқарады: қарым – қатынас адамның ұжымдық іс - әрекеттерінде
байланыстырушы қызметін атқарады; адамдарды кез – келген іс -
әрекетте біріктіруге жағдай жасайды; қалыптастырушы адамның
психикасының өзгеруі мен қалыптасуының негізгі жағдайы ретінде
көрінеді; бекітуші адам басқа адамдармен қарым – қатынас процесінде
өзін бекітеді және оған мүмкіндік алады; жеке өзара қарым –
қатынастарды қолдау және ұйымдастыру. Бұл адамның бір – бірін ұнату
және ұнатпауы; адамның ішкі өзіне деген қатынасы, адамның диалог
арқылы өзі - өзімен (ішкі, сыртқы) қарым – қатынасы.
Адамдар арасындағы қатынас, әсіресе басқарушылар мен
бағынушылар арасындағы қарым-қатынас орнатудың бірнеше түрлері
бар. Олар ресми қатынастар мен ресмисіз қатынастардың түрлері
адамдар арасындағы достық, сүйіспеншілік сезімдерге негізделген
қатынастарда, әріптестер арасындағы тілдесулер адамдың шын
пиғылымен сырын ашып көрсетеді. Жан дүниесінің қыры мен сырына
толық қанығады. Әріптестердің пікір алысып, тілдесуінде тыңдаушысы
сөйлеушінің айтпақшы болған ойына түсініп, оның мұқтажына дал сол
адамның басынан кешірген оқиғасын психологияда бәіз эмпатия деп
атаймыз. Эмпатия сөйлеушінің жан дүниесінің тебіренітерін
тыңдаушысы өз басынан кешіргендей күй кешіп, оған жан ашырлық
пиғыл білдіріп, ондай ауыр күйден шығудың жолын айтады, не
шинеленісті мәселенің шешу жолын бірлесе отырып қарастыратын
болады.
197
Қарым-қатынас жасаушылар өз арасында көтерген мәселелері
мен хабар алысу кезінде бірінің сөзін бірі ынта қойып тыңдап, әңгіменің
мән-жайын барынша жете түсінсуді мақсат тұтады. Әріптестердің
талап-тілегі мен хабары, көңіл күін олардың көзқарасынан, дауыс
ырғағынан, бет құбылысы мен ым-ишараларынан анық аңғарылады.
Айтушы да, тыңдаушы да өзара түсіністік білдіріп бірінің сөзін екіншісі
ықылас-ынта қойып тыңдайды, мұңын тыңдап оғанжаңашырлық кейіп
6ілдіріп, ал сәтті ісімен игі ісін жүзеге асыруына тілектестігін білдіреді.
Халқымызда «Жақсы сөз — жарым ырыс» дейтін мәтел осы бір жәйтті
білдірсе керек. Әріптесінің айтқан сөзін ықылассыз тыңдап, кейде оған
бірден өзінің қарсылығын, наразылғын да білдіруге асырады. Әрине,
мұндай жарғайда әріптестер арасындағы пікір алысып сөйлесу өзара
түсіністікке жеткізе бермейтіні хақ.
Сонымен, қарым-қатынас дегеніміз — ғылым әрі өнер. Бұл
творчестволық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу-әрбір
адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына
байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы.
Т
І
л табысып
өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам-тілегін,
ықылас-ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді
талап етеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті,
өзгелерге деген қамқорлығы мен жан ашырлық сезім, гуманитарлық
көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан
сырларын біліп, жеке басының қадір-қасиетін арттырады. Адам өзін
өзгелердің орнына қойып байқап, оның, ішкі дүниесінің сырын да
барлап біледі.
Қорыта келе, қарым-қатынас адам психикасының және оның
мінез-құлқының мәдени және саналы түрде қалыптасуы мен дамуында
айтарлықтай рөл атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары
қабілеттері мен қасиеттерін аша алады, өзін қоршаған адамдармен
белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, толыққанды тұлға болып
қалыптаса алады. Қарым - қатынас адам өмірінің рухани және
материалдық формаларының сан алуандығын сипаттайды және тұлға
өміріндегі ең маңызды қажеттілік болып табылады, нақтырақ айтқанда
ол тұлғаның өміріндегі негізгі рухани, адамгершілік, білім қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Тұрдалиева Ш.Т. Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-
қатынас арқылы дамыту.
2. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы, 1998.
3.Бороздина Г.В. Психология делового общения. –Москва, 2001.
198
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ТӘРБИЕ
ЖҰМЫСЫНА ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ
ТЕМІРБЕКОВА Ж.
Семей қаласы, М.О.Ауэзов атындағы педагогикалық колледждің 2
курс студенті
Ғылыми жетекшісі: САЛҚЫНБАЕВА А.М.
Семей қаласы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
КМҚК
Мектептегі сабақаралық үзіліс оқушылардың сабақ үстінде
алатын білімі мен тәрбиесін жалғастырудың ажырамас бір кезеңі,
оқушылардың мектепте өткізетін уақытының белгілі бір бөлігі.
Сыныптан тыс жұмыстарға осылай деп қарайтын болсақ, оның дәйекті,
сапалы өтуін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың алған білімдерінің
көлемін кеңейтіп, денсаулықтарын үнемі жақсарта түсуге қамқорлық
жасауға тиістіміз.
Осынау
оқу-тәрбие
кезеңдерін
бір-біріне
ұштастыратын
дәнекердің бірі - ұлттық ойындар.
Қазіргі мектептерде сабақаралық үзілістер мен сыныптан,
сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда көптеген кемшіліктер орын
алып келеді.
Қазіргі уақыт мектептегі барлық ірілі-уақты мәселелерді жан-
жақты қадағалап, тәрбие жұмысының барлық салаларын байытып,
дамыта беруді талап етеді. Бұл жерде біз: "Тәрбие жұмысында ұсақ-
түйек болмайды және болуы да мүмкін емес" дейтін принципті
басшылыққа алуға тиістіміз .
Қазіргі тәрбие мақсаттарына сай өзгерте отырып, байырғы халық
ойындарының көпшілігін сабақаралық үзіліс кездерінде пайдалануға
болады. "Орамал тастау", "Жылдырт-жылдырт", "Мұнайшы", "Балтам
тап", "Үйімнің үстіндегі кім?". "Шеңберге кір","Дауыстан айыра біл",
"Қыз есебін тауып көр", "Конфетті ал", "Балалар тоғыз құмалағы", тағы
басқа ойындар мұғалім шеберлігіне орай, тәрбие құралына айналады.
Осы тұста айта кетер жай - қазақтын халық ойындарының көпшілігі
бірнеше вариантты болып келеді, олардың ойналу тәртібінде де
өзгешеліктер көп. Мәселен, біз "Орамал тастау" ойынын қазіргі тәрбие
мақсаттарына сай өзгерте отырып, үзіліс кезінде сыныптан тыс
жұмыстарда, ұзартылған күн топтарындағы тәрбие жұмыстарында
пайдаланып көрдік. Мұнда орамалдың орнына ақ қағаз пайдаланылады .
Ұлттық ойындарды ертеңгіліктер мен кештерде қолдану
Көп жылғы тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқушылар көп ретте
199
класта алған білімдерін іс жүзіне асырып, өмірде колдана бермейді. Күн
өткен сайын мұндай "өлі" қорлардың саны көбейе береді. Сондықтан да,
мұғалімнің алдында оқушылардың алған білімдерін үнемі жаңғыртып,
толықтырып отыруға үйрету, дағдыландыру міндетімен қатар - алған
білімдерін тәжірибеде колдану, керекке жарату, өмірде пайдалана білуге
үйрету сияқты аса маңызды өмір талаптары тұрады. Ал, ол білімдерді
іске асыратын орын: ең алдымен өзі оқитын сынып оқушыларының
ортасы, сонан кейін түрлі жиындар, ертеңгіліктер мен кештер. Кештер
мен ертеңгіліктерге әзірлік жүргізу үшін, тәрбие сағаттарын
пайдалануға болады. Тәрбие сағаттары да сыныптан тыс жұмыстардың
қатарына жатады. Сыныптан тыс жұмыстардан мұның айырмашылығы
сол, ол сынып жетекшісінің оқушылармен әр аптада өткізетін міндетті
жұмыстарының бірі екендігінде .
Кештер:
әдетте,
пәндік
кештер,
сұрақ-жауап
кештері,
мейрамдарға арналған жалпы мектептік кештер мен ертеңгіліктер, тағы
басқа болып бірнеше саладан тұрады. Оқу жылының әр тоқсанына
арналған кештердің жоспарлары кейін пәндік әдістемелік секциялардың
мәжілісінде талқыланып, бекітіледі. Түзетулер мен толықтырулар
жасалады. Осыдан кейін барып, кешке толық әзірлік жүргізіледі. Кеш
өткізуге әзірлік жұмысына, әсіресе, үйірме мүшелері белсене
қатынасады. Үйірме мүшелері үйірме отырыстарында кештің
жоспарымен танысады. Оған халық ойындарын да кіргізеді. Әдетте,
сыныптан тыс жұмыстарды төменгі сынып оқушылары мен өткізу
жоғары кластарға қарағанда әлдеқайда күрделі болып келеді. Өйткені,
төменгі сынып оқушылары бұл жұмысқа әлі де болса, төселіп
ысылмаған, дағдыланбаған. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларымен
өткізілетін ертеңгіліктер мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктейді.
Өйткені, мектепте өтетін жұмыстардың бәрі де өзінің білімдік,
тәрбиелік мәнімен құнды. Сыныптан тыс жұмыстардың білімдік мәні
мен оқушылардың көңілді дем алуына тигізер пайдасы бірдей болуы
керек. Мұғалім оқушыларды осы жұмысқа тартудан бастап, өткізгенге
дейін олардың жауапкершілік сезімдерін ұштау, ынталандыру, өз ісіне
деген сүйіспеншіліктерін ояту секілді тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Біздің олай дейтініміз, оқу кезеңі оқушылар үшін міңдетті болса,
сыныптан тыс жұмыстарға қатынасу оқушылардың өз еркіне
байланысты. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстар олардың талаптарын
қанағаттандырған жағдайда ғана олар оған қатынасуға ынталы. Халық
ойындарын ертеңгіліктер мен кештерге батыл енгізу қажеттігі де осыған
орай туады. Халық ойындарын оқу-тәрбие барысында ретті, жүйелі әрі
батыл пайдалану мұғалімнің, білімі мен білігіне тікелей байланысты. Ол
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңертеңгіліктер мен кештерге
200
қажетті деген материалдармен бірге халық ойындарын да таңдап алады.
Ойындарға оқушылар белсене қатынасады. Бұл ойындардың үлкен
білімдік, тәрбиелік маңызы бар. Біріншіден, ол оқушыларды сөйлеуге
жаттықтырады. Екіншіден, тез санап ауызша есеп шығаруға төселтеді.
Үшіншіден, үй жануарларымен танысып, олардың дене мүшелерін жете
біледі, биология сабағынан алған білімдерін толықтырады. Төртіншіден,
белсенділігін, ынтасын, білуге құмарлығын оятып, сұрақ қоя білу
қабілетін жетілдіруге баулиды. Бесіншіден, кәсіптік бағдар беріп,
шаруашылық саласын білуге деген ынталарын туғызады.
Ана тілі сабағына арналған ертеңгіліктер мен кештерде жұмбақ,
жаңылтпаш ойындарын ойнатуға болады. Мұнда викториналық
ойындар да араласып келеді. Жаңылтпаш ойынын кешті жүргізуші
бастайды. Ойынға залда отырғандардың бәрі де қатынасады. Айтам
деушілер қол көтереді. Ол жаңылтпашты қателеспей, әрі тез үш рет
қайталауы шарт. Егер, жаңылса, онда жеңілген болып есептеледі. Дұрыс
айтып шықса, күн ілгері белгіленген сыйлық беріледі. Ол ойын соңында
орындалады .
Жаңылтпаштар оқушыларды тез және дұрыс сөйлеуге үйретеді.
Ол оқушыларға ерекше әсер етеді де, ойынға бар ынталарымен
қатынасады. Барлық оқушылар оны бірден дұрыс айта алмайды,
сондықтан ол отырғандарға күлкілі, қызықты болып көрінеді де, кешке
көрік береді. Оқушылар қысылып-қымтырылмай өздерін еркін ұстайды.
Ал, ойын жүргізуші: "Ләтипа, Қатира, Жазира, Халима, Сәлималарды,
мен: Ләтипа, Қатира, Жазира, Халима, Салималар демегенде кім
оларды: Ләтипа, Қатира, Жазира, Халима, Сәлималар дейді". "Бір
бүркітім бар еді, томағалайын деп томағалай алмадым, мен томағалай
алмағанда, сен томағалай алмақшы ма едің". "Бұл - бал, сары май,
қаймақ, Қай - бал, сары май, қаймақ? Атекеме қойған бал, сары май,
қаймақ". "Шеше, кеше, неше есе кесе көп алдыңыз. Шеше, кеше неше
есе кесе кем алдыңыз". "Ақынның батылдырағын айт, батырдың
ақылдырағын
айт,
ұстаздың
ұлағаттырағын
айт,
шәкірттің
ұстамдырағын айт", тағы басқа айтылуы қиын жаңылтпашттарды
айтады. Кешке қатынасушылар жаңылтпаштарды үш реттен шапшаң
қайталауы тиіс.
Ана тілі сабағына арналған кештерде мақал-мәтелдер
айтқызылады. Бұл халықтың байырғы ұлттық ойындары оқушыларға
сөз өнерін үйретіп қана қоймайды, оларды Отанды сүйе білуге,
достыққа, жолдастыққа, қырағылыққа, еңбек сүйгіштікке, бірлікке,
интернационализмге, ғылым мен білімді сүюге баулиды. Ойын
жүргізуші кешке қатынасушыларды екі командаға бөледі. Әр
командадан сахнаға бір-бір өкілден шақырылады. Олар ойын
201
жүргізушінің талап етуіне сай /берген тақырыбына байланысты/ өзі
білген мақал-мәтелдерін айтады. Жүргізуші оны есептеп тұрады, және
дұрыс не бұрыс айтқанын қадағалайды. Бірінші команданың өкілі айтып
болған соң, сөз екінші команданың өкіліне беріледі. Ойын жүргізуші
берген тақырып бойынша айтылмаған мақал-мәтел есепке алынбайды.
Енді екінші жұп шақырылып, олар да осы тәртіппен айтысулары тиіс.
Олар бірінің айтқанын бірі қайталамайды. Мақал-мәтел тақырыпқа бай
болып келеді. Мысалы, Отан, оқу, білім, қырағылық, ар, намыс, достық,
еңбек туралы, тағы басқа мақал-мәтелдер бойынша оқушылар
қаншалықты көп білетіндігін көрсету үшін өз өнерлерін ортаға салады.
Соңынан жеңімпаздар белгіленіп, оларға сыйлықтар беріледі. Немесе
жеңілгендер жеңгендерге өз өнерлерін көрсетіп, тақпақ, ән орындайды.
Тақырыптық кештерде қазақтың нақыл сөздері, жұмбақтары бойынша
жарыс ойындарын ойнатуға болады. Бұлар оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп, тілдерін жаттықтырады, логикалық ойлауға үйретеді.
Жұмбақтар - халықтың өте сүйіп ойнайтын ойындарының бірі.
Сондықтан жұмбақ ойынына оқушылар белсене қатынасады. Жұмбақ
ойынын кештің негізгі бөлімінен соң ойнатуға болады. Жұмбақты ойын
жүргізуші бастап айтады да, қатынасушылар шешеді. Бірнеше жұмбақ
шешкен соң, ойын жүргізуші оқушылардың өздеріне жұмбақтар
айтқызады, оның жұмбағын отырғандар шешуі тиіс. Жұмбақты кім
шешсе, келесі жұмбақты енді сол айтатын болады. Жұмбақты тауып
айтқаны үшін екі ұпай, шешкені үшін бір ұпай алады. Жұмбақты кімнің
шешкенін бақылау үшін, есепші тағайындалады. Жұмбақты шешуге
белсене қатынасқан оқушыларға сыйлық беріледі, мектеп атынан алғыс
жарияланып, аса үздік шыққан оқушылар ерекше бағаланады.
Оқушылар көп қатынасқан ертеңгіліктер мен кештерде тәртіп сақталуы
үшін ойын жүргізуші ойынның тәртібімен қатынасушыларды алдын ала
таныстырады. Ойынға қатынасушы жауап беру үшін, қол көтерулері
керек. Мұндай жағдайда, қол көтерушінің саны бірнешеу болуы мүмкін.
Жауапты бірінші болып қол көтерген оқушы береді. Егер ол
дұрыс жауап бере алмаса, екінші болып қол көтерген оқушы жауап
береді. Ойын осы тәртіппен жалғасады. Жұмбақ ойындарын басқадай
етіп те өткізуге болады. Ондай жағдайда, оны "Қызғалдақ" деп атайды.
Ол үшін жоғарыдағы гүлдер қағаздан жасалып оның әрбір
жапырақшасының сыртына жұмбақтар, басқа да талаптар /тақпақ, өлең,
айт, би биле/ жазылады. Бұларды кім дұрыс орындап шықса, ұпай
алады. Ойын аяғында қортынды жасалып, жеңгендерге сыйлықтар
беріледі. Ойын өте қызықты өтіп, оқушылардың білуге деген ынталары
арта түседі. Ол балаларға қатты әсер етіп, олар келесі ертеңгіліктер мен
кештерге зор әзірлікпен келеді. Біздің жүргізген тәжірибеміз
202
көрсеткендей,
ойын
қолданған
кештерге
алғаш
қатынасқан
оқушылардың барлығы бірден белсенділік көрсете бермейді.
Алғашында олар көрермедер, тыңдаушылар міндетін атқарады. Ал
мұндай ертеңгіліктер мен кештерге үзбей қатынасып жүрген
оқушылардың белсенділіктері артып, білуге деген құштарлықтары
оянады. Сабаққа саналы қатынасып, оқу үлгерімі жақсарады.
Ұлттық ойындардың көбірек қолданылатын жерінің бірі -
математика кештері. Мұнда халық ойындарымен бірге ойынның басқа
түрлерін де қолдануға болады. Мұның барлығы кешке әзірлік үстінде
іріктеліп алынып, кештің бағдарламасына өз ретімен орналастырылады.
Мысалы: "Математика және өмір" деген кештің жоспарында негізгі
материалдармен бірге "Қай қолымда?", "Шот тасын табу" сияқты тағы
басқа халық ойындарын пайдалануға болады. "Шот тасын табу" ойынын
мектеп бойынша өтетін тақырыптық кештерде пайдалануға болады. Ол
үшін сахнаға бастауыш кластардың есеп сабағында пайдаланатын
көрнекі құралы есеп-шот қойылады. Ойын жүргізуші оған
қатынасушылардың біріне шоттың кез келген бір қатарынан бір тасты
белгілеуді сұрайды. "Белгіленген тасыңнан жаңылып қалма'' деп
ескертеді. Ал ойын жүргізуші шотты қағып отырып оның белгілеген
тасын дәл тауып береді. Ол үшін жүргізуші әр қатардан бір-бір тастан
қаға отырып, "Белгілегеніміз бар ма?" деп сұрайды. Ол "Жоқ" деп жауап
береді. Ойын жүргізуші жаңағы тәртіппен тастарды қаға береді. Сіздің
белгілеген тасыңыз 4 қатардағы жетінші тас дейік. Сонда ол жоғарыдан
төмен қарай алты тасты қағып шығады. Жетінші тасты қағып болғанда
белгілеуші "Бар" дейді. Сөйтіп, белгіленген тасы жетінші қатарда болып
шығады. Енді әр қатарды түгелдей кейін қаға отырып сұрағанда
белгілеуші төртінші қатарға келгенде "Бар" дейді. Жетекші қағып болып
ойланып отырады да, төртінші қатардағы жетінші тасты көрсетеді.
Белгілеуші еріксіз "Сол" дейді. Ойын қайталанып ойналады. Оқушылар
ойынның сырын білуге тырысады. Ойын оқушыларды өте
қызықтырады. Олардың абстракциялық ойлау жүйелерін жетілдіреді.
Ойынды меңгеріп, үйреніп алуға тырысады.
"Ойланғанды табам", "Қыз есебін тауып көр", "Қан көбелек",
"Ойлап көріңізші", "Үш әділ", "Сөз мәнісін байқайық", "Ғалымбек
қандай әдіс жасады?","Үш манат", "Мұғалім келді", "Су тасушы", "Әріп
таңдау", тағы басқа ойындар оқушыларға білімдік жағынан да,
көңілдерін сергіту жағынан да пайдалы болып, оқудағы белсенділіктерін
арттырады.
Сондай-ақ ұлттық ойындардың негізінде шағын сахналық
көріністерді ұйымдастыруға да болады. Оқушылар өздері көрсетуге
тиісті сандарының, кейіпінд киінеді, соның қызметін атқарады. Ол
203
оқушылардың көңілді дем алып әрі білімдерін ұштауға пайдалы.
Кештерде халық ертегілерінің негізінде шағын көріністер әзірлеп,
ойнатудың да пайдасы зор. Мысалы, халық ертегісінің негізінде
жазылған "Тоғыз тоқылдақ, бір шіңкілдек" қойылымы оқушыларға
ерекше әсер етеді. Халық ойынын пайдалана отырып, берген білімніц
қай-қайсысы болмасын оқушыларға үлкен әсер етеді. Ойларында ұзақ
сақталады. Өйткені, олар еліге отырып қызығады, қызыға отырып
тыңдайды, сүйтіп білмекке құмарлықтары артады.
Ұлттық ойындар кештер мен ертеңгіліктердің мазмұнын кеңейтіп,
байыта түседі. Сол арқылы кештің тиімділігі мен сапасы артады.
Мұндай жағдайда кештер мен ертеңгіліктер оқушылардың сабақта алған
білімдерін тәжірибеде қолданатын орынға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |