92
Н. Кенжеғұлұлы мен Е. Көлдейбекұлы
шығармаларының тіліндегі
грамматикалық құрылысы да өзінен бұрынғы көне әдеби тілден, сондай-ақ
қазіргі жазба әдеби тіл құрылысынан ерекшеленетіндей түбірлі айырым
белгілер бар дей алмасақ керек. Дегенмен негізгі
әдеби тілдің грамматикалық
құрылысымен дәл бірдей деп те айтуға келмейді.
Жалпы грамматикалық құрылыс өзгереді дегенде, көбіне өзгеріске бейім
тұратын ондағы сөз тудырушы, сөз байланыстырушы амалдар болып келеді.
«Тілдегі грамматикалық амалдар мен
тәсілдердің жиынтығы әдетте
грамматикалық құрылыс деп аталады» [50,7 б.]. Ақындар шығармаларының
тілінде
сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, сөз байланыстырушы амалдар
әсіресе, олардың көне түрлерінің қызметтері ерекше көрінеді.
«Сөз
тудырушы қосымшалар, әдетте, лексикалық категория деп
есептеледі» [50, 10 б.]. Зерттеу жұмысының зерттеу нысаны ақын-жыраулар
тіліндегі көнерген аталымдардың функционалды-семантикалық сипаты
болғандықтан, сөз тудырушы амалдардың көрінісін шығарма тіліндегі көнерген
аталымдардан іздеген жөн. Бұл арада ақындар шығармалары арқылы көнерген
аталымдардағы сөз түрлендіруші және сөз байланыстырушы (жалғастырушы)
тәсілдерде байқалатын кейбір өзгерістер мен жаңалықтар анықталады. Олардың
көне әдеби тіл мен жаңа әдеби тілдегі көрінісі, даму тенденциялары сөз болады,
ал қазіргі жазба әдеби тілімізге өзгеріссіз жеткен формалар бұл жерде арнайы
сөз болмайды.
«Тілдегі бір алуан жұрнақтар өздері жалғанған сөздерден лексикасы басқа
немесе басқа бір сөз табына тән жаңа сөздер тудырмайды, түбірі я негізгі қай
сөз табына тиісті болса, сол сөз табына тиісті сөздер, демек, ішкі категориялық
формалар ғана тудырады. Белгілі бір сөз табының өзіне тән ішкі категориялық
жаңа формалар тудыратын осындай жұрнақтарды форма тудыратын жұрнақтар
деп есептейміз...» [50, 11 б.], – деп көрсетілген
қазақ тілінің ғылыми
грамматикасында. Мұндағы жұрнақтар, әдетте, әр сөз табына телулі болады,
бұл жерде оларды бас-басына талдау жасаудың қажеттілігі болмаса керек.
Қазіргі әдеби тіл үлгісінен сәл де болса ерекшелігі бар, етістік түбіріне
жалғанып, есімше тудыратын -
ған, -ар, -атын
жұрнақтарының орнына жүретін
-
мыш
көне
тұлғалы есімше тарихи, көне шығармаларда молынан кездеседі.
Аталған ақындардың шығармаларының тілінде есімшенің атрибуттық
қызметіндегі -
қан/-ған, -кен/-ген
жұрнағының орнына оғыз тілдеріндегі
-
мыш/-міш
тұлғасына қоса -
мыс
қосымшасы да кездеседі.
Жасамыс
бие, сақа айғыр,
Алдын орап тайлардың,
Кісінеп келіп шұбырды,
Тарауынан сайлардың
[Н.К.Іт].
Киіктен мүшкілан бар, феруза – тастан,
Жақұттың ақық ашады шекарасын.
Достарыңызбен бөлісу: