95
негізінен, сол тұстағы ауызекі сөйлеу тілінде қолданылған да, жаңа жазба әдеби
тілдің қалыптасу кезеңінде жазба тілге де ене бастаған сияқты.
Зерттеу
жұмысында
-да
ыңғайластық мағынаны білдіретін тұлға
-дағы
формантында жиі ұшырасады. Мысалы:
Жігіттер, жалын атса жастық шағың,
Үйірген таудай тасты
құйын-дағы.
Бос жүріп, құмар ойын қуаласаң,
Мәні жоқ қас-қағымдық
тойым-дағы.
Өткізбей босқа өмірді талап қылсаң,
Тартатын таланыңа
сиың-дағы.
Кем пайда, ойсыз жүріп ыржақтасаң,
Сормаңдай, тіршілігің
киын-дағы
[Н.К.ІIт].
Осындай бір жігіт келді шаһарға, − деп,
Патшаға мағлұм қылды
барып-дағы
[E.К].
Аспан, Жер астын-үстін
болса-дағы,
Іс болмас Жаратқансыз бір халы-хал!
[E.К]
Сөз жалғастыратын қосымшалар әдетте жалғаулар деп аталады. Жалғаулар
сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады да,
олардың араларындағы
жалпы қарым-қатынастарды білдіреді [122, 207 б.].
Қазақ тіліндегі жалғаулардың жүйесі төртке бөлінеді. Олар – көптік,
тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар. Қазіргі тілдегі септік жалғауларының ішінен
арнайы тоқталып өтуге тиісті –
көмектес септігінің қосымшасы.
Қазіргі қазақ
тіліндегі -
мен
қосымшасы (фонетикалық варианттары –
бен, пен
) екі түрлі
қызмет атқаратыны мәлім. Біріншіден, ол көмектес септігі жалғауы ретінде
ортақтастық,
бірлестік,
құралдық,
көлемдік,
себептік,
қарсылықты
мағыналарды
білдіріп, есім мен етістікті байланыстыру қызметін атқарса,
екінші жағынан, бірыңғай мүшелерді жалғастыратын шылаудың қызметін
атқарады. -
Мен
-нің көмектес септігінің қосымшасы ретінде қаралуы түркі
тілдерінің ішінде
тек қазақ тіліне ғана тән, өзге түркі тілдеріне ол бірыңғай
шылау ретінде қаралады [129, 108-109 бб.].
Ақындарда қазақ тіліндегі
мен, менен
жалғау-шылауы формантының
орнына
бірлән
тұлғасы өте сирек қолданылады: Мысалы,
Қолменен мақта тоқып, киім киіп,
Бұл адам қалам
бірлән
қағаз жазған
[Н.К.ІIт].
Түркі тілдерінің ертерек кезеңінде бұл шылау
бірле,
кейінірек
бірлә, бірлән,
білә, білән, илә, илән
тұлғаларында
Орхон-Енисей ескерткіштерінде, ұйғыр,
шағатай әдебиеті нұсқаларында кездеседі [130, 27 б.], Бұл сол тұстағы кітаби
тілдің әсері деп есептейміз.
Нұртуған мен Ерімбет шығармаларындағы грамматикалық ерекшеліктер,
негізінен, қосымшалар мен етістік формаларының аясында байқалады. Сол
тұстағы кейбір қазақ жазбаларына тән мұнда да
қазіргі тіліміздегі
да/де, мен,
және
ыңғайластық жалғаулықтарының орнына, кейде солармен жарыстыра,
96
парсы тілінің
һәм
жалғаулығы молынан қолданылған. Мысалы,
Өзі жалғыз,
һәм
жаяу,
Қылыштан басқа қару жоқ
Бұл ноғайдың ерінің
[Н.К.ІIт].
Атымды айтқанменен кім біледі,
Назымшы
Достарыңызбен бөлісу: